Бас редактор



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата29.01.2017
өлшемі5,37 Mb.
#2954
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ӘДЕБИЕТТЕР

1  Қалиев С., Жарықбаев Қ. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен демократ-ағартушылары. 

– Алматы: РБК,1993,-48.

2  Абайдың тәлімгерлік тағылымы.Құрастырғандар: Дайырова Ә., Құрманбаева Г. –Ал-

маты: Рауан, 1996,136.

3  Әуезов М. Адамның негізі – әйел. 20 томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазу-

шы, 15-том, 1984ж.

4  Коменский Я.А. Материнская школа.//Избр.пед.соч: – М.: В2т 1994

5  Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. – Алматы: Рауан, 1990. 

– 234


6. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Рауан, 1991.330

7. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім, 1995 232.



63

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

ӘОЖ 34.034



М.О.Өрісбаева

Бастауыш сынып мұғалімі

«Қарашілік орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

БАЛА ТӘРБИЕСІ – АБАЙ ҚАЛАМЫНДА

Мақалада Абай Құнанбаевтың бала тәрбиесі жайлы айтылған ойларын талқылып, талдап 

берген. Дана Абайдың қара сөздерінің мәнін, мағынасын ашып көрсеткен. «Жас бала ана-

дан туғанда екі түрлі мінезбен туады дей келіп бала мінезінің қыр-сырына мән бере, талдап 

жазылған.

Қазақ халқының қамын ойлап, қайғы жұтқан, қасірет шеккен ұлы ақынымыз Абайдың 

жалпы тәрбие, бала тәрбиесі туралы біздерге қалдырған ұлы өсиеттерімен таныстырып кет-

кен.


Түйін сөздер: Абай, бала, тәрбие, ақын, дана, мінез.

В статье обсуждены и проанализированы мысли Абая Кунанбаева о воспитании ребенка. 

Обширно показаны суть и содержание слов назиданий мудрого Абая. Как говорится «ре-

бенок рождается с двумя различными характерами», произведения поэта написаны уделяя 

значение характерам детей.

В целом ознакомлено с великими заветами о воспитании в общем, о воспитании детей 

великого поэта Абая, который заботился о казахском народе, печалился и испытывал горе 

народа.


Ключевые слова: Абай, ребенок, воспитание, поэт, мудрый, характер.

The article discussed and analyzed thoughts Abay about the child’s upbringing. Extensively 

shows the essence and content of the wise words of edification Abai. As they say «the child is born 

with two different characters,» the poet’s works written paying meaning children’s characters. 

In general, acquainted with the great precepts of education in general, about the education of 

children of the great poet Abai, who took care of Kazakh people, sadness and grief experienced 

people. 

Keywords: Abay, child, education, poet, wise, character.

Халқымызда  «қайырымдылықты  халық-

тан,   пайымдылықты  қариядан  үйрен»  де ген  

нақыл  сөз  бар.  Жұртымыздың  тал  бесік тен 

жер  бесікке  енгенге  дейінгі  адам  өмірі нің 

мәнін  басарлық  салт-дәстүр,  әдет-ғұр пын  

«жанында нұры бар ұстаз» тап келіп үй рет се,  

көкірегінде  сәулесі  бар  шәкірт  соның  тары-

дайын болса да, көкейіне түйіп қалары сөз сіз. 

Сол  себепті,  қазақ  халқының  қамын  ой лап, 

қайғы жұтқан, қасірет шеккен ұлы ақы нымыз 

Абайдың жалпы тәрбие, бала тәр биесі туралы 

біздерге қалдырған ұлы өсиет те рі . 

Абай жан жүрегімен халықтың рухани кү-

шіне, оның бақытты болашағына сеніп, ұс-

таз дық, ағартушылық қызмет атқарды. Абай 

шыншылдығы  халықтың  арындай  таза,  тұ-

нық,   мөлдір.  Ол  ақылы,  білгені  мол,  білімі 

те рең дана ақын.

Енді Абайдың дана сөздеріне терең бой-

лап  көрейік.

«Жас  бала  анадан  туғанда  екі  түрлі  мі-

нез бен туады. Біреуі – ішсем, жесем, кисем, 

ұйық тасам  деп  туады.  Біреуі  –  білсем  екен 

демек тік...  «ол  немене?»,  «бұл  немене?», 

«бұл  неге  бүйтеді?»  деп  көзі  көрген, 

құлағы  естігеннің  бәрін  сұрап,  тыныштық 

көрмейді».

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, 

естіп,  көріп,  ұстап,  татып-  осылар  арқылы 

дү ние дегі жақсы мен жаманды таниды. Көр-


64

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ге ні көп, білгені көп адам – білімді болады» 

- дей ді Абай.

Сонымен бірге ақыл тек адамға ғана тән 

жоға ры қасиет екенін де айтады.

Адамның  3  артықшылық  қасиетін:  ерік, 

се зім, ақыл екендігін атай келе өзі былай тү-

сін ді реді: ерік-қайраттың ісі, ақыл-сананың 

ісі.   Осы  3  қасиетті  бойына  жиған  адамды 

Абай «толық адам» деп санайды.

Ал  38-қара  сөзінде  «Қашан  бір  бала  ғы-

лым,   білімді  махаббатпен  көксерлік  болса, 

сон да ғана оның аты адам болады», - дейді. 

Жә не адам болудың басты шарттары ретінде 

5 нәр сені көрсетеді. Олар: талап, еңбек, терең 

ой, қанағат, рақым. Бұларға қарсы 5 нәрсені 

адам дықтың дұшпаны деп көрсетеді. Олар: 

өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бе-

кер  мал  шашу.  Абай  жастарға  «алдыңғы 

бесеуіне ғашық бол, соңғы бесеуінен қашық 

бол» деп насихат айтады.

Ол 3 мәселені: бірінші, надандықты, екін-

ші,   еріншектікті,  үшінші,  залымдықты  ең 

қауіп ті кеселге санайды. Адам еріншектікті-

күл лі өнердің дүшпаны деп санайды. Ерін-

шектіктен  талапсыздық,  жігерсіздік,  жал-

қаулық,  ұятсыздық  секілді  нәрсенің  бә рі  

шығатынын, еріншектердің арсыз бо ла тын-

ды ғын айтады.

Ал «ғылым-білімі жоқ адам – надан. Ғы-

лымы-білімі  болмағандықтан  ол-  нарық-

сыз.   Дүниеден  еш  нәрсені  білмейді.  Бар  

ойлайтыны құлқыны ғана болады. Білім сіз-

дік ті Абай хайуанға теңейді. Ал хайуанға ұқ-

са ған кісінің жүрегінде ешқандай мейірімді 

се зім болмайды», - дейді.

«Залымдық-адам  баласының  дұшпаны. 

Алдау, арбау, қулық, екіжүзділік, жалақорлық, 

күншілдік мінездерді – залымдық» деп қатаң 

сынайды.


Ұлы  ақын  «күллі  адам  баласын  қор  

қылатын»  кеселдерді  өткір  тілмен  түй реп,  

айыптап,  әшкерелеумен  қатар,  адам гер-

шілікке  жат  сол  ұнамсыз  мінездердің  қай-

дан шығатынын, яғни түпкі төркінін де көр-

сетеді. Бұл туралы былай дейді: «Адам бала-

сының туысы, өсуі, тоюы, ашығуы, шық қан 

жері, дене бітімі, бармақ жері – бәрі бір дей. 

Яғни,  табиғаты,  қоршаған  орта  бір  бол ға-

нымен, алған тәлім-тәрбие түрлі-түрлі бол-

ған дықтан, олардың ақыл-ойы, мінез-құлқы 

да  алуан  түрлі  болып  келеді.  Осының  бәрі 

тәр биеге  байланысты.  Адам  мінезін  тәрбие 

ар қылы түзеуге болады» деген қорытындыға 

ке ле ді.

Абай  өзінің  бірнеше  өлеңдері  мен  қара 

сөздерінде «Дүниенің кілті өнер мен білімде 

тұр. Бар малыңды сарып қылып, ғылым табу 

керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғы-

лымсыз ахирет те, дүние де жоқ. Білім, ғы-

лым   іздегенге  оңайлықпен  табылмас.  Оны 

дү ние табу үшін емес, білмегенді білу үшін 

құ мар та іздеу керек» - дегенді айтады.

Адам деген атты ала отырып, надан болуға 

ха қың жоқ, бойыңдағы барыңды халқыңның 

қа жетіне жұмса, сонда ғана елің сүйген адал 

ұл боласың, қайрат пен ақылды, әділет пен 

иман дылықты бірдей ұстасаң өнер де, білім 

де қонады, - дейді. Осы айтылған сөздер қазір-

гі  ұрпағымызға қаншалықты жетіп жатқаны 

біз ді қатты алаңдатады. «Бойыңдағы ба рың-

ды   халқыңның  қажетіне  жұмса,  сонда  ғана 

елің  сүйген  адал  ұл  боласың»  деген  сөзін 

алай ықшы,  ия,  қазір  кім  бойындағы  барын 

хал қының қажетіне жаратып отыр? Жоғары 

жақ та отырған ағаларымыздың істеп отыр ға-

ны анау. Мемлекеттің мектеп салуға, ха лық-

қа уй салып беруге бөлген қаражатын жым-

қырып  алып  отырғаны.  Осындай  азамат та-

ры мыз дың саны азайса дейміз.

Сонымен қатар, Абай адамның дұрыс бо-

лып  қалыптасуында  еңбек  зор  рөл  ат қа ра-

тынын да ескертеді. Ғылымға, өнерге, ба қыт-

қа  – бәріне адам тек еңбекпен жететіндігін, 

бұ лардың  бәрі  құдайдан  келген  сый  емес 

екен дігін, еңбекті сүймеушілік адамды теріс 

жол ға түсіріп, бұзатындығын дәлелдейді.

«Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аз ды-

рар  адам баласын» деп терең ой түйеді.

Абай  өзінің  3  және  42-қара  сөздерінде 

«Қа зақ тың  бірінің  тілеуін  бірі  тіле меуі-

нің, рас сө зі аз болатындығының, жа ман-

шылдыққа  үйір  бола  беретіндігінің,  бі-

рін-бірі  көре  ал майтындығының  себебі 

–  жұмысының  жоқ ты ғы,  төрт  аяқты  мал-

ды  көбейтеміннен  бас қа   ойының  жоқ ты-

ғынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым се кіл-

ді  нәрселерге салынса, бұ лай  болмас еді», 

- дейді.


65

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Осы жоғарыда аталған «кеселдерді» жою-

дың  3 түрін айқын көрсете отырып,

1) «еңбек», 2) «билік жүргізетін үкімет», 

3)  «адамның  жүрген  ортасы»  екендігіне  де 

ерек ше мән береді.

Абай сөзімен қорыта айтсақ:

«...адам мінезін түзетуге болмайды деген 

кі сінің тілін кесер едім», немесе «Адам ба ла-

сын  замана өсіреді. Кімде-кім жаман болса, 

заман дасының бәрі кінәлі»,-дейді.

Абайдың  педагогикалық  көзқарасы  ина-

бат  тылыққа, парасаттылыққа, иманды лық қа 

тәр биелейтін сүре жол.

Ендеше, құрметті ата-аналар! Осындай тәр-

биесі мен тәлімі мол сүре жолдан тай ма йық! 

Өз ұрпағымыздың болашағы жолындағы 

ата-аналық  парызымызды  дұрыс  түсініп, 

жақ сы ұрпақ тәрбиелей білейік!

Абай атамыз:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім, 

Қолымды дөп сермесем өстер ме едім!?- 

дегеніндей,  білімге,  тәрбиеге  мән  бермей, 

кей ін  өкініште  болмайық!  Және  Руссоның 

айт қанын  естеріңізге  сақтасаңыздар  екен! 

«Бала ер жетпей тұрғанда бала болсын. Бұл 

таби ғаттың  талабы.  Егер  біз  бұл  тәртіпті 

бұзу ға  ниеттенсек,  онда  шала  піскен,  оңай 

бұзы луға  бейім,  дәм-татуы  жоқ  жеміске  ие 

бола мыз»,-деген.

Ендеше,  жемісіміз  мықты,  дәмді,  дұрыс 

бол сын десек, мектеп пен жанұя тығыз бай-

ла ныста, яғни бірін-бірі түсіне, бір мақсатта 

ең бек  етіп,тәрбие  жұмысын  жүргізуі  қажет 

деп  ойлаймын. 



ӘДЕБИЕТТЕР

1 Әл-Фараби. Әлеуметтік – этикалық трактаттар. – А., 1975, – 106б.

2 ҚұнанбаевАбай. Шығармалары. – А., 1961, – 444б.

«Қашан бір бала ғылым  білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана, 

оның аты адам болады»

А.Құнанбаев.


66

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 372.3/4



М.А.Нуриев 

Қазақстан Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, профессор

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директоры

А.Е.Садыкова

Педагогика ғылымдарының магистрі

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директорының орынбасары

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ АРҚЫЛЫ 

ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ

Бұл мақалада қазіргі мектептерде бастауыш сынып оқушыларын ынталандыру арқылы 

танымдық белсенділігін арттырудың жолдары берілген. Жас жеткіншектің рухани жан дүниесі 

мен ой-қиялын дамыту мен алғаш рет білімге жол сілтеп, ілгері жетелеудің педагогикалық 

шарттары жан-жақты қарастырылған. Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу міндеттерін кешенді 

жолмен шешу талабы және бастауыш мектеп оқушысының жас ерекшелігін ескере отырып, 

оқу материалының мазмұнын іздеудің амалдары көрсетілген.

Түйін сөздер: мұғалім, мектеп, бастауыш сынып, оқушы, оқыту әдістері.

В данной статье качестве благоприятных черт мотивации отмечается общее положитель-

ное отношение ребенка к школе, широта его интересов,  любознательность. Широта инте-

ресов младших школьников проявляется в том,  что  их  интересуют  многие явления окру-

жающей жизни, которые не входят в программу даже средней  школы. На развитие учеб-

ной  мотивации  оказывают  влияние  несколько  факторов,  среди  которых  можно  выделить 

образовательную систему и образовательное учреждение, организацию образовательного 

процесса, субъектные особенности обучающихся (возраст, пол, интеллектуальное развитие, 

способности, уровень притязаний, самооценка, взаимодействие с другими учениками). К 

факторам, влияющим на формирование учебной мотивации, можно отнести и субъектные 

особенности учителя, его систему отношений к ученику и к делу, специфику учебного пред-

мета.


Ключевые слова: учитель, школа,начальный класс, ученик, методы обучения.

In this article quality of favorable lines of motivation the general positive relation of the child 

to school, width of his interests, inquisitiveness is noted. Width of interests of younger school 

students is shown that them many phenomena of surrounding life which aren’t included in the pro-

gram even high school interest. Some factors from which it is possible to distinguish educational 

system and educational institution, the organization of educational process, subject features being 

trained (age, sex, intellectual development, abilities, level of claims, a self-assessment, interaction 

with other pupils) have impact on development of educational motivation. To the factors influenc-

ing formation of educational motivation, it is possible to carry and subject features of the teacher, 

his system of the relations to the pupil and to business, specifics of a subject.



Keywords: teacher, school, beginner class, pupil, methods of training.

Қазақстан Республикасының «Білім тура-

лы»  заңында  оқыту  формасын,  әдістерін, 

тех нологияларын    таңдауда  көп  нұсқалық 

қағида  атап  көрсетілген.  Бұл  білім  беру 

меке мелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы 

нұс қаны  қолдануына,  педагогикалық  үр-

діс ті  кез  келген  үлгімен  құра  беруіне  мүм-

кін дік  береді.  Қазіргі  уақыттағы  оқу-тәр-

бие үрдісінің ерекшелігі баланың тұл ға лық 

дамуына бағытталған жаңа оқу тех но ло гия-

ла рын ұтымды қолданысқа алуы. 

Білім  алу  –  адамзат  әрекетінің  ең  ма-


67

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ңыз ды бір түрі. Ол білім мен тәрбиенің не-

гізін  қалайды.  Білім  алуда  адамның  іш кі  

мүмкіндігі  мен  қабілетінің  дамуы,  қалып-

тасу  үрдісі  байқалады.  Қабілет,  бір  жағы-

нан, адамның білім, дағды, іскерлікті қалып-

тастырудағы  саналы  әрекетінің  нәти же сі 

болса,  екінші  жағынан,  адамның  та би ғи-

генетикалық  ерекшелігімен  тікелей  бай ла-

нысты. Осыған орай, қазіргі білім беру пара-

дигмасында білім алушыға тұлғалық-әре кет-

тік  тұрғыдан  қарауға  үлкен  мән  беріп  отыр. 

Өйткені, әрекет дегеніміз – саналы мақсатқа 

тәуелді  үрдіс.  Демек,  мақсатқа  жетудің  бас-

ты  шарты  –  жалпы  білім  беруші  мен  білім 

алушының бірлескен іс-әрекеті болып та бы-

ла ды.  Осыған  орай  оқытуды  екі  жақты  әре-

кетке, субъект-субъектілік, диалогтық қа рым-

қатынасқа құру мәселесі шешімін та бу да.

Қазақстан  Республикасы  Президенті 

Н.Ә.Назарбаев:    «ХХІ  ғасырда  білімді  да-

мы та  алмаған  елдің    тығырыққа  тірелері 

анық.    Біздің  болашақтың  жоғарғы  тех-

но логиялық  және  ғылыми  қамтылған  

өндірістері үшін  кадрлар қорын жасауымыз 

қа жет.  Осы  заманғы  білім  беру  жүйесінсіз 

әрі  алысты барлап, кең ауқымды ойлай бі-

ле тін  осы  заманғы  басқарушыларсыз  біз 

ин но вациялық  экономика  құра  алмаймыз», 

-  деп  атап  көрсетті.  Бұл  талаптар  білім 

сала сы  қызметкерлеріне  үлкен  міндеттер 

жүк тейді.  Себебі,  білім  беру  жүйесі  –  әр 

ел дің  даму  болашағын  айқындайтын, 

әлем дік 

өркениетке 

жетудің 


негізгі 

бағыттарын  көрсететін  біртұтас  құрылым. 

Әрбір  мемлекеттің  болашағы  мектебінде 

шыңдалады  дейтін  болсақ.  Мектептегі 

берілетін  білім  сапасы  жоғары  болуы  тиіс. 

Ол үшін, білім  алушы жас өркенді тәр бие-

лей тін  мұғалімдердің  біліктілігі  мен  білімі 

өте  жоғары деңгейде болуы шарт. 

Жас  жеткіншектің  рухани  жан  дүниесі 

мен ой-қиялын дамытып, алғаш рет білімге 

жол   сілтеп,  ілгері  жетелейтін  негізгі  тұлға 

–  бас тауыш  сынып  мұғалімі.  Сондықтан, 

мұға лімдер  алдында,  бүгінгі  өткізілетін 

сабақ қа  аса  маңызды  талаптар  қойылады. 

Ол – оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мін дет-

терін  кешенді  жолмен  шешу  талабын  жә не 

бастауыш мектеп оқушысының жас ерек ше-

лігін ескере отырып, оқу материалының маз-

мұ нын іздеу.

Осыдан дамыта оқытудың жетекші бір ұс-

танымы – оқушының оқу әрекетінің субъек-

ті сі  деп  қарастыру  келіп  шығады.  Давыдов 

В.В. өзінің дамыта оқыту идеясын «Оқу әре-

ке тінің субъективті теориясы» деп атауы да 

осы дан туындаған болуы керек.

Бастауыш мектеп жасының (7-11 жастың) 

өзінше жас кезеңіне бөлінуі оқудың (әсіресе 

орта  оқу  мектебінің)  көп  елдерде  жаппай 

үстем алып дамып келуінен. Осы жас кезеңін 

өзінше бөліп алудың себебі – бұларда өтетін 

оқу материалдарының ұқсас келуінен.

Бастауыш  сынып  оқушыларының  оқу 

материалдарын  меңгеруге  мүмкіншілігі  өте 

көп. Себебі, олардың интеллектісі қарапайым 

ой операциясы дәрежесінде кездеседі. 

Кеңес  психологы  В.В.Давыдовтың  пі кі-

р інше,  көбіне  оқушылардың  оқу  ма те риал-

дары  олардың  ақыл-ой  деңгейіне  сай  кел-

мей  отырады.  Сондықтан,  олардың  оқу ға  

мүмкіншілігін  толық  пайдалану  үшін  тап-

сыр маларды одан әрі қиындата түсу керек. 

Егер  бұл  жастағылардың  негізгі  іс-әре-

ке ті ойын болса, оқуға кіргеннен кейін оқу 

қыз меті шешуші рөл атқарады. Осыдан, оқу 

әрекеті – бала психикасының дамуына әсер 

ететін негізгі әрекет болып табылады. Ойын-

ға  қарағанда  оқуға  байланысты  талап тар 

бала  үшін  күрделі  болып  келеді.  Соны мен 

қатар, жаңа мектепке келген бала сы нып та ғы  

құрбыларымен қатынас жасап, осының нәти-

же сінде өзінің психикалық өрісін кеңейтеді. 

Де генмен, алғашқы уақытта мектептегі жаңа 

жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, 

мы надай қиындықтар туындауы мүмкін:

– бала мектептің, сыныптағы тәртіп ере-

же леріне бейімделе алмайды (белгілі уақыт-

та  тұрып,  мезгілінде  жатуға,  сабақтан  қал-

мау ға,  сабақ  кезінде  үнсіз  тыныш  отыруға 

үй ре не алмағандықтан) қиналады;

– мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құр-

бы ларымен  қалай  қарым  –  қатынас  жасауға 

үй рене  алмағандықтан  бала  қиналады,  мұ-

ғалімнен түсінбеген нәрсесін сұрауға ұя ла ды; 

– мектепке дейінгі кезеңдегі оқуға дай ын дық 

жеткілікті  дәрежеде  болмаса,  мектептегі  оқу 

материалдарын бала дұрыс меңгере ал май ды;



68

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

– мектептегі оқытылатын материалдардың 

тым жеңіл келуі. Тапсырмалардың тым жеңіл 

келуі қиындықтармен күресуді тежейді, ба-

ла лар дың оқуға деген ынтасы;

– мектептегі оқытылатын материалдардың 

тым жеңіл келуі. Тапсырмалардың тым жеңіл 

келуі  қиындықтармен  күресуді  тежейді, 

бала лар дың  оқуға  деген  қызығушылығын 

арт тыра білу керек. Мұндай қиындықтарды 

ескеріп, назардан тыс қалдырмау керек.

Сонымен 


алды 

1970 


жылдарда 

(Д.Б.Элькмонин,  В.В.Давыдов)  соңы  осы 

күн ге  дейін  көкейкесті  мәселенің  бірі  бо-

лып  келе  жатқан  эксперимент  деңгейінде 

қалыптасқан  дамыта  оқыту  идеясының 

негіз гі ұстанымдар мыналар болды дейміз.

1.  Білім  мазмұнының  теориялық  дең-

гей ін  көтеру,  яғни  білім  мазмұнын  ғылыми 

ұғым дар жүйесі (Л.В.Занкова) немесе белгілі 

бір заттың шығу тегін қалыптасуын, дамуын 

аша тын  ұғымдар  жүйесі  (В.В.Давыдов)  тү-

рін  де жасау.

2.  Мазмұнды – мәдениет жүйесінде қа-

лып  тас тыру.

3.  Оқушының ойлау түрлерінің бір тұтас-

тықта  дамуы  (көрнекі  –  нақтылы,  нақтылы 

бейнелік  және  теориялық  ойлаудың  бірлігі 

(А.З.Зак, З.Н.Калмыков, Л.В.Брушлинский). 

Танымдық жаттығулардың

- интеллектуалдық деңгейі;

- оқу іс-әрекеті субъектісінің қалып та суы-

ның мазмұны;

- іс-әрекетінің еркіндік деңгейі;

- эмоционалды орталық;

- жеке әлеуметтік даму деңгейі.

Мектеп  оқушыларының  жеке  тұлғасын 

қалыптастыру  мәселелері  білім  мен  тәрбие 

беру  тұжырымдамасында  негізгі  орын  ала-

ды.   Оқу  тәрбие  жұмыстарын  бүгінгі  білім 

стан дартына  сай  кешенді  түрде  жүргізу 

ар қы лы  оқушыларды  біртұтас  тұлға  етіп 

қалыптастыру.  Ұрпақ  тәрбиесіндегі  көкей-

кес ті  мәселелердің  бірі  –  жетілген  жеке 

адам ды тәрбиелеу:

а) оқушылардың жеке адам туралы түсі-

нік те рін  кеңейту,  тәрбиенің  қоғамдағы 

маңыз ды лығын,  ғылыми  жаңалықтары  мен 

дәйек ті лігін түсіндіру;

ә) оқушылардың адамгершілік қасиеттерін 

қалыптастыру, ұлы педагогтардың ұлағатты, 

ғибрат сөздерінен үлгі-өнеге алуға баулу.

 

 



 

 

 



 

  

 



 

 

 



 

 

биологиялық фактор



Жеке адамның 

 

 



            әлеуметтік орта

дамуына ықпал    

 

            тәрбие



ететін факторлар   

 

            білім алу, оқу



 

 

 



 

 

 



тілінің дамуы

Баланың    

 

 

           түсінуі



дамуындағы 

  

 



 

сөздік қорының молаюы

заңдылықтар 

 

 



 

ынта, қызығушылығы

 

 

 



 

 

 



шешімділік

Тұлғаның оқу 

 

 

 



өзін ұстай білу

барысында, іс-   

 

            батылдық



әрекет процесінде  

 

 



табандылық

қиыншылықтарды 

 

 

төзімділіктер



жеңу үшін  

 

 



            қажеттілік

 


69

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Жеке тұлғаның өзіне тән дербес ерекшеліктері болады, ол оқу барысында көрінеді (келесі 

схемадан көре аласыздар):

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Тұлғаның өзіндік 

ерекшеліктері 

қабілетінен 

мұратынан 

қызығуынан 

дүниетанмынан 

талғамынан 

сабақты дұрыс 

қабылдауынан 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет