Математиқалық ертегілер.
Қазіргі кездегі мектептің маңызды мін дет-
терінің бірі – баланың қисынды (логиқалық)
ойлауы мен шығармашылық қа бі ле тін да мы-
тып, өз бетімен ізденушілігін қа лып тастыру
бо лып табылады. Осы бағытта жұмыс іс теу
барысында, математика сабақтарында мате-
ма тиқалық ертегілерді қолданудың тиімді
жақ тары бар екендігіне көзіміз жетеді.
Ертегі – баланың тақырыпқа деген қызы-
ғу шылығын арттырады, қиялын дамытады.
Математика сабағында ертегіне қолдану оқу-
шы ның оқу материалдарын терең түсінуін
же ңіл детеді, зейінін тұрақтандырып, есте
сақ тау қабілетін дамытады.
Мысалы, 1-сыныпта геометриялы ұғым-
да ры: нүкте, кесінді, сызық түрлері, т.б. ту ра-
лы өткенде, сабақты ертегі түрінде түсіндіру
материалды жақсы игеруге, тапсырманы өз
бетімен түсіне отырып орындау мүмкіндігіне
қол жеткізеді. 1,2- сыныптарда «Ондықтар»
такырыбын өткенде «Цифрлар айтысы»,
«Циф р лар және сандар» ертегісін пайдалану
- оқу шылардың дөңгелек ондықтардың сан -
дық құрылымы мен таңбалануы, раз ряд
бір ліктеріне карай өзгеруі, оның жа зы луы
мен оқылуын меңгеруге, есте сақ тау ы на
көмектеседі. Цифр мен сан ұғы мы ның айыр -
машылығын түсінуде де бұл ерте гілерді қол -
дану пайдалы. «Туысқандар» ерте гі сін қол-
дану барысында шаршы мен тік төрт бұрыш-
тың ұқсастығын және айыр ма шы лы ғын оқу-
шы ның өзіне айтқызу, оның өз бетімен ой лан-
уы на, ізденушілігіне жете лей ді.
Тәрбиелік жағынан алсақ - бұл ер те гі-
лер бірлік пен достыққа тәрбиелеп, мақ тан-
шақ тық сияқты жағымсыз қылықтан алыс
жүруге бейімдейді. Яғни, педагогиканы
оқы та отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып
оқы ту қағидасын жүзеге асырудың ұтымды
әдіс терінің бірі.
Ал, пәнаралық байланыс мәселесіне кел-
сек, ертегілерді тыңдау, айту арқылы оқу-
шы ның сөздік қоры молайып, тіл байлығы
да ми ды.
Қазақ халқының есептері.
Әр ғасырда өмірге келген, атадан балаға
мұ ра болып қалған, ауыздан -ауызға т а ра-
ған ұлттық мазмұнды есептер - қазақ хал-
48
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
қы ның
тыныс-тіршілігін,
әл-ауқатын,
өмір ге араласуын, мақсатқа жеткізуін, аң-
са ған арманын, философиялық күрмеуін,
дү ние танымын, халық тәрбиесінің сыр-
сипатын бейнелейді. Осыларда өз үні
мен лебі, қыры мен сыры, мазмұны мен
көлемі, тілі мен орамы бар. Оларды бүгінгі
күннің ой - өрісіне, білім мазмұнына, тәлім
тәрбиесіне икемдеп пайдалану – қазіргі күн
талаптарының бірі.Ұлттық мазмұнды есеп-
тің сырын ашу үшін оның құрылымын да
білукерек.
Халықтық математика - біресе жұмбақ,
біресе өлең, біресе кара сөз, біресе ертегі,
біре се тәжікелесу, ұйқас табу, мақалдап
сөйлеу, ұсақ заттармен өнер көрсету,
сиқырлы ой айту түрінде ұшырасады. Бұл
халық аузындағы есептердің әдеби сипаты.
Оны есептің сыртқы түрінен, сондай - ақ
ішкі мазмұнынан да байқауға болады. Мына
жұмбақты алайык. Бір емен, жеті терек, ал-
ты қайын, Бұтағы толып жатыр дайым, дай-
ым. Ішінде шынар терек, үш қарағай, Өң ге-
сін айта беріп не қылайын.
Өлең жазу ережесіне бағындырып, ағаш
түрлерімен салыстыру арқылы ен тағылған
жұл дыздар: Темірқазық, Жетіқарақшы,
Үркер, Шолпан, Үштараз. Өлеңде әр жұл-
дыз өзіне тән сипат алған. Мәселен, Темір-
қазықтың емендей берік, жалғыз екендігі
айтылған. Еменге теңеу арқылы, оның аспан
көгінде қозғалмайтындығы жасырылған.
Ұстаздың міндеті әр жұлдыздың аспан да
орны бар екендігін, оны табуға болатын-
дығын айтып, әртүрлі әңгімелер қозғайды.
Бірде жұлдыздарды есепке алып, оның ор-
нын анықтаған Ұлықбек еңбегі аталса,
екіншіде Декарт координаттар жүйісінің ма-
ңы зына тоқталынады. Үшіншіден жұл дыз-
дар дың тууы мен батуы айтылып, олардың
өмір дегі маңызына мән беріледі.
Мәселен, мысырлықтар Сүмбіле жұлды-
зы ның орнын, тууы мен батуын зерттей оты-
рып, бір жылда 365 күн бар екенін айтқан.
Олар мысыр күнтізбесін жасаған. Мұның
ма ңызын қазір бәріміз білеміз. Осыған бай-
ла нысты халық даналығы, ғылыммен оның
ас тар ласуы, тәрбиелік мәні айтылады.
Темірқазықтың орналасуы арқылы дү ние
тараптарын айқындауға болады. Қазір пай-
даланылып жүрген Декарт осьтері осының
негізінде пайда болды. Керуеншілер айсыз
түн де Темірқазық арқылы жол тауып, барар
же ріне адаспай жеткен. Аспан шырақтары
ар қылы ауа райын болжаған. Күн мен Айдың
жер ге, адамға, жәндікке әсерін білген, оны
бас шылыққа алған.
Осындай әңгімелерді үлкендер балаларға
айта отырып, олардың дүниетанымын ке-
ңейтіп, қызықтыру мен табиғат құ бы лыс та-
ры ның практиқалық маңызы арқылы ілімге
бағыттаған, әртүрлі тәрбие берген. Ақ боз,
көкбоз - екі жұлдыз, Темірқазық - жалғыз
жұл дыз, Жетегенім - жеті жұлдыз, Жеті айт-
қаны сауап дейді, - ұйқасын алайық.
Бұл жердегі жетеген деп отырғаны жеті
қарақшы, оның жеті жұлдыздан тұра тын-
дығы және құрамына Ақбоз, Көкбоз сияқты
екі жұлдыз және Темірқазық кіретіндігі
айтылған. Ақбоз бен Көкбозды таба алсақ,
Темір қазықты табуға болады. Ақбоз бен
Көкбоз арқылы түзу жүргізіп, екі жұлдыз
ара қашықтығындай бес өлшем жерден -
солтүстіктен Темірқазық ізделінеді. Төрт-
тағанның бір мәнісі - осы болса, екінші мәнісі
- мынада. Өлең ұйқасын пайдалана отырып
тез жаттықтырып, жеті рет айтса сиқырлы
жауа бы бар екендігіне бой ұсындыру. Дем
алмай өлеңді жеті рет қайталау өкпе жұ мы-
сын жақсартып, адамның сергектігіне әсер
етеді. Қазіргі тілде бұл биоэнергиялық жат-
ты ғу ға жатады.
Өлеңді жаттау және қайталау арқылы ес
да мытылады.
Үркерлі айдың -бәрі қыс, Сүмбіле туса -
су суыр, Ай қораланса арбаңды сайла, Күн
қораланса - күрегіңді сайла, Шолпан таң
алдында туады деп бекер айтылмаған. Осы
кыр мен сырды ашу - халық тәрбиесі де ген
осы. Халық тәрбиесінде өмірді білу, таби ғат-
пен тілдесу, құбылыстың, объектінің сырын
ашу, яғни таным: салыстыру, нақтылау, топ-
тау және жіктеу, байқау мен ұқсастыру, қол да-
ну арқылы өткен. Осыдан да біз халық ау зын-
дағы есептердің таным сипаты бар дей міз.
Заттан санды дербестеу арқылы дерексіз
са нау туғандығы белгілі. Бала бір десе тү сін-
бей ді, бір жылқы десе түсінеді. Мұны қазақ
49
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
ер те байкап, баланы дерексіз санға үйрету
үшін, мына жолдарды ойлап тапқан:
Бір дегенім - білеу,
Екі дегенім - егеу,
Үш дегенім - үскі,
Төрт дегенім - төсек,
Бес дегенім - бесік,
Алты дегенім - асық,
Жеті дегенім - желке,
Сегіз дегенім - серке,
Тоғыз дегенім - торқа,
Он дегенім - оймақ,
Он бір - қара жұмбақ.
Мұнда бір мен білеудің, екі мен егеудің,
сондай-ақ, білеу мен егеудің үндестігін пай-
даланып, санды еске түсіру үшін, затты еске
алу дың керектігіне нұсқай отырып, онға
дейін гі санауды үйренеді. Өзі күнбе - күн
ұстап - тұтып жүрген затарды пайдаланып,
он ға дейінгі санауды үйрете, көрнекілік не-
гізінде іске асыру керектік қағидасына ті ре-
леді. Үйретудің көрнекілік қағидасы ұлт тық
мазмұны бар есептердің барлығына тән. Онан
әрі санау (11) шешілмеген (қара) жұм бақ деу
арқылы үйрететінім алда дегенге сая ды.
Ұғымды меңгеру үшін оның негізгі
сипат тарын білу қажеттілігіне баланы бау-
лиды, тілін дамытады. Ол үшін қазақ жұм-
бақ тар шешуге, жаңылтпаштар айтуға қа-
лыптастырады. Мақал мен мәтелдің, ше-
шен дік сөздердің сырын білуге тәрбиелейді.
Халық аузындағы есептер осындай ауыр
жүк арқалайды.
Тәрбие сан қырлы. Ата тегінің табысын
ай ту, халқыңның дәстүрін сақтау, оны өз за-
манының қағидаларымен шендестіру - тәр-
бие нің бір көзі деп білеміз.
Қазақ халқының ауыздан - ауызға тараған
есептерінің арасында ұлттық идея өтіп, басқа
халық даналығымен астарласып жататын
есептер де бар. Мұндай ортақтықты мақал -
мәтелден де байқауға болады. Ортақ ойлау
жүйесінен туған мұндай есептердің мәдени
сипаты бар дейміз.
Халықтық мақал - мәтелдер.
Бастауыш қазақ мектебінде математиканы
оқы ту жөніндегі ғылыми ой - пікірдің қа лып-
та суы ның бұлақ – бастауының бірі – халық
педагогикасы болып табылады.
Бабаларымыз өзінің барлық асыл сөз, да-
налық ойларын мақал -мәтелдер мен нақыл сөз
етіп кейінге қалдырып отырған. Осылардағы
аса терең педагогиқалық пайымдауларда жас
жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелерімен
қа тар, білім мен ғылымды игерудің, сондай
- ақ математиқалық білімнің қажеттілігін
насихаттау да кең орын алған. «Саны бардың
мә ні бар», «Есепсіз дүние жоқ», «Есеп, есеп
біл меген есек», «Ескісіз жаңа болмайды,
есеп сіз дана болмайды» деп халқымыз текке
айт паған.
Сонымен, мақал-мәтелдердің артық шы-
лы ғы – ойды сығымдап санаулы сөзбен әрі
өткір, әрі әсерлі етіп жеткізуінде. Халық өзі-
нің тәлімгерлік нақылдарын мақал-мә тел-
дерге шебер сыйғыза білген. Мақал-мәтел-
дерге зер салсақ, казақ даналығының қан ша-
лық ты бай екенділігі айкын білінеді.
Ал енді математика және басқа тәлім-тәр-
бие ге байланысты мақал-мәтелдерге тоқ та-
лай ық.
1.«Ел құлағы елу»
2.«Көп түкірсе көл болады»
3.«Адам жүрген жермен адам жүреді, бі-
реу білмегенді біреу біледі»
4.«Он адам жүрген жерде із қалады
Жүз адам жүрген жерде - соқпақ,
Мың адам жүрген жерде жол қалады»
5.«Дұшпаныңнан бір сақтан, жаман
достан мың сақтан»
6.«Бір тал кессең - он тал ек»
7.«Оқымаған бір бала, оқыса екі бала»
Халық педагогикасындағы ақыл-ой идея
қай халықтың болсын тіршілік тынысымен,
халық шаруашылық кәсібімен, жанұялық, қо-
ғам дық, ұлттық дәстүрмен тығыз байланыста
пайда болып, дамып және ұрпақтан-ұр пақ-
қа жалғасын тауып, жетіп отырғаны сөз сіз.
Қазақ халқының берері мол берекелі мұ-
раларының бірі – мақал-мәтелдерді де тиімді
қолдансақ нұр үстіне нұр болар еді. Халық
мақал-мәтелдері мінез-құлықтың барлық ас-
тарларына, атап айтқанда, тіл мәдениетіне,
өлең - жырға, ән - күйге, қолданбалы өнерге,
ең бекке, ақыл-ойға байланысты айтылған.
Ұр пақ тәрбиесінде халық тағылымдық ма-
қал - мәтелдерді кең көлемде пайдалана біл-
ген. Олардың ерекшелігі, айтылғалы отыр ған
50
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ой жанама түрде жеткізіледі. Бұл мәде ниет-
тіліктің, тәрбиеліліктің ең жоғарғы бел гі сі.
Санамақтар.
Жас балалардың карапайым математи-
ка лық білім – түсініктерін қалыптастыруда
санамақтар ерекше рөл атқарған. Жас өс пі-
рімдер арасында осынша құрметке ие бол-
ған бұл жанрдың тәлімдік мәні де өте зор.
Ең алдымен, ұйқасты өлеңдер баланың поэ-
зияға деген құмарлығын арттырып, әде мі
сөйлеуге дағдыландырса, санамақты көп
жаттауға деген құлшыныс олардың жат тау
қабілеттерін, танымдық ой - өрісін да мы-
тады, ал санамакты ырғағымен айта білу
мәнерлеп сөйлеуге үйретсе, санамақ тәр -
тібін бұзбай айту баланы сергектікке, бай-
қам паздыққа, турашылдыққа баулиды.
Қазақтың халық санамақтары, ең алдымен,
жас балаға сан үйретудің дидактиқалық құра-
лы, әсіресе он көлеміндегі сандардың ну ме-
ра циясын игерудің әдіс - тәсілдері ретінде
қол данылған. Қазақ арасында өлең түрінде
айт ылатын санамақтардың сан алуан түрлері
бар. Олардың барлығы дерлік мазмұн жа ғы-
нан бір-біріне жақын, көпшілігі онға дейін
немесе беске дейінгі санау мәселеріне бай-
ланысты болып келеді. Сондай-ақ ал ты ға,
жетіге дейінгі сандарды қамтитын са на мақ-
тар да бар. Ұйымдастарылу сипатына қа рай
оларды ойын-санамақтар, айтыс-сана мақ-
тар, жұмбақ - санамақтар, т.б. деп те бөлуге
бола ды.
Менің ойымша, қазақтың халық сана мақ-
та рын баланың жас ерекшеліктеріне бай ла-
ныс ты қолдануына қарай, негізінен, екі топ-
қа бөлуге болады.
1. Жас балаларды санай білуге, жалпы сан
және санау ұғымдарын игеруге даярлау мақ-
са тында қолданылатын санамақтар. Бұларды
сау сақ ойындары деп те атайды.
2. Онға дейінгі санау қабілетін жетілдіріп,
дамыта отырып, он көлеміндегі сандардың
ауыз ша және жазбаша нумерациясы тура лы
білім - түсініктерді қалыптастыру мақ са тын-
да пайдаланылатын санамақтар тобы.
Қазақ отбасында жас баланың тілі алғаш
шы ғып, былдырлап сөйлей бастасымен, ата
- ана оның алақанын қыттықтап немесе сау-
сақ та рын бүгіп -жазып, саусақ ойындарын
ой ната бастайды. Мектепке келмей тұрып - ақ
бала сандық ұғым туралы мағлұмат ала бас-
тайды. Бірақ оны саналы түсінбейді. Осы құ-
бы лысты сезген халық жастарға сан ұғымы
тура лы мағлұмат берудің алуан жолдарын
ой лап тауып, олардың ақыл ойын өте шебер-
лікпен жетілдіре білген. Сан ұғымын есеп-
тер арқылы, ауыз екі әңгіме арқылы немесе
на қыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы да
жет кізген. Сан ұғымын заттың негізінде, сол
заттың бейнелі суреті арқылы беру бала зер-
десінде өшпес із қалдырып, санасынан мық-
тап орын тебері сөзсіз. «Аз», «Көп» деген
ұғымдарды баланың зердесіне ұялату оңай
емес. Ал, оны қарапайым халық ойынының
негі зінде түсіндіре бастасақ, ол онша қиын-
дық келтірмейді. Халық ойындары арқылы
сан дардың жиынтық ұғымын да оңай
түсін діруге болады. Осының бәрін қазақ
халқы ның бір ғана ойынының бойынан
табуға болады десек артық емес. Мысал
ретінде он бірге дейін санайтын санамақты
алайық. Осы ғасырдың 30-40 жылдарында
бұл ойын баланы мектепке әзірлеу құралы
ретінде есептелінді. Ол бүгінде өзінің әуелгі
маңызынан айырылып отыр. Бұл оның күні
өтіп, тәрбие құралы болуынан қалғандығынан
емес, керісінше ұмыт болғандықтан. Бірінші
сыныпта математиканы оқып үйрене бас та-
ғанда (яғни алғашқы ондықты өткенде) оқу-
шылардың түсінігін жетілдіру үшін санақ
ойынын ойнату орынды. Мұғалім пәнаралық
байланыс мақсатына санаумен қатар тіл жат-
тық тыру үшін қайта - қайта естеріне салып
қай та лап отыруы жөн.
Саусақ ойындары балалардың жас
ерекшелігіне қарай, түрліше ұйым дас ты ры-
л уы мүмкін. Мәселен, балалар тобынан бір
бала шығып, бас бармақтан бастап шы на-
шаққа дейінгі саусақтардың аттарын жаңыл-
май, жылдам атап шығуы тиіс. Немесе, ор-
та ға шыққан бала адымдап жүре отырып, әр
ат таған сайын ақындардың, батырлардың
не месе т.б. аттарын жаңылмай атап шығуы
ке рек.
Жұмбақтар мен жаңылтпаштар.
Қазақ халық педагогикасында жа ңылт-
паш тар мен жұмбақтардың да алатын орны
ерек ше.
51
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
�Сан және санау мәселеріне байланысты
бо лып келетін жаңылтпаштар� баланың тілін
ши ратып, оны дұрыс және айқын сөйлеуге
үйрету мен катар, сандардың атауларын дұ-
рыс айта білуге қалыптастыруға да игі әсерін
тигізеді. Халық жаңылтпаштары тақырыпқа
өте бай және мазмұн жағынан әр алуан болып
ке леді. Қазақ арасында есеп сипатында тұ-
жы рымдалатын жаңылытпаштар да көптеп
кез де седі.
Мәселен,
Сырық - қырық
Құрық —қырық
Қанша болды,
Құрық, сырық? немесе
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім? деген сияқты жа-
ңылт паштар, бір жағынан балаға сандардың
ата луын дұрыс айта білу мақсатымен беріл-
се, екінші жағынан, есеп шартындағы бай-
ланысты аңғара отырып, соның негізінде
сәй кес арифметиқалық амалды дұрыс таңдап
алу ды талап етеді.
Қазақ жұмбақтарындағы анық байқалатын
бір ерекшелік, олардың көпшілігі сандармен
байланысты болып келеді, оларды қандайда
бір затты немесе құбылысты оның сандық
сипаттамасын тұспалдай отырып жұмбақтау
жиі кездеседі. Жұмбақтардың көбіне он-
ға дейінгі сандарды, сондай - ақ үлкен сан-
дарды, кейде аса үлкен сандар мен шексіздік
ұғымын қамтып келетіні де бар. Жұмбақтар
ақыл - ой тәрбиесінің тамаша құралы болып
табылады. Жұмбақтарды қазақ халқы бас-
қа да тапқырлық сөздер қатарында жас жет-
кіншектің ойын тапқырлыққа баулу үшін,
сонымен біге оның сан жөніндегі түсі нік терін
байытып, онан әрі дамытудың әдіс темелік
құралы ретінде де қолданып отыр ған.
Қазақ халқының соңғы ғасырдан
бері тәр бие жөніндегі өнегелі істері мен
сөздері, тұр мысы, мәдениеті, өнері, өмір
тәжірибесі халық педагогикасының асыл
қазынасы болып келеді. Қай заманда болмасын
ұрпақ тәр биесі адамзаттың парызы болды.
Әрбір ха лық өзінің тарихы мен тәжірибесін
жал ғас тыратын жас түлектерді ғасырлар бойы
тәр бие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір
тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сы пайылық,
адалдық, инабаттылық, іскер лік, мейрімділік,
қайырымдылық, еңбек сүй гіш тік, үлкенді сыйлау,
оған ілтипат көрсету сияқ ты қабілеттерді
олардың бойына ек ті. Осылардың бәрі
адамзат тәрбиесінде ха лық педагогикасының
қандай рөл ат қа ра тын ды ғын көрсетеді.
Әрине жастарға тәлім-тәрбие беруде тек
ұлт тық дәстүрлермен шектелуге болмайды.
Сон дықтан тәрбие ісі тиімді және нәтижелі
бо лу үшін халық педагогикасына кешенді
ка ра ған жөн.
Сондықтан да, мектепте баларға бі лім
беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерін бас шы-
лыққа алу - басты талап. Бұл міндетті ше шу-
де гі шаралардың қайнар бұлағы, сарқылмас
кө зі халықтық педагогика.
Қорыта келе:
1.Халықтық педагогика элементтерін
оқы ту оқушыларды ұлтын, халқын, Ота нын
қастерлеп қалтқысыз еңбек етуге тәрбие лей ді.
2.Халықтық педагогиканың құрамды бө-
ліктері қазақтың ұлттық ойындары, мақал-
мә телдері, жұмбақтар, ертегі есептер, сана-
мақтар т.б. ерте заманнан бастап, жас өс пі-
рімдердің ой-өрісін, зеректігін дамыту, тап-
қыр лығы мен шешендікке тәрбиелейді.
3.Халықтық педагогика элементтерін
оқы ту оқушыларды ұлттық сана сезім оян-
ған, рухани ойлау дәрежесі биік, этикадық
тал ғамы жоғары, ар - ожданы мал, еңбекқор
етіп тәрбиелейді.
4.Халықтық педагогика элементтерін
оқы ту балалардың ғасырлар бойы емір тәжір-
биесінен өткен әдептілік, сыпайылық, қай-
рым дылық, еңбек сүйгіштік, ілтипаттыққа
тәр биелейді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Алиева К.С. «Математиканы оқыту» әдістемесінен бақылаужұмыстары Шымкент,
2002ж.
2 Ақылбаева М. Қызықты есептер //Бастауыш мектеп/ 2004ж. №1
3 Асарбаева А. Ұлттық ойындар – халық педагогикасыныңқұрамдас бөлігі // Ұлт
52
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
тағылымы. 2002ж. №2.
4 Әбдіқадырова Г. Халықтық педагогиканың мәні зор// Қазақстан мектебі. 2003ж., №8.
5 Біләлова Ж. Математиқалық ұғымды меңгеру. // Бастауыш мектеп. 2001ж. №12.
6 Елубаев С. «Қазақтың байырғы қара есептері» – Алматы: «Қазақстан», 1996ж.
7 Елубаев С. Халық аузындағы есептердің сипаттары // Бастауыш мектеп. 2003ж. №2.
8 Қалиева Г. Математиқалық ертегілер //Бастауыш мектеп. 2002ж. №8.
ӘОЖ 37.378
Ж.Б.Қдыралиева
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперты
ҰСТАЗ БОЛМЫСЫ – БОЛАШАҚТЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ!
Мақалада қазіргі қоғамдағы мұғалім мәртебесі суреттелген. Ұстаз мәртебесінің бүгінгі
күнде төмендігі және де оны шешу жолдары қарастырылған. Бәсекеге қабілетті ұлт
қалыптастыруда мұғалімнің атқаратын рөлі зор екендігі сөз етіледі. Бүгінгі күнде заман
талабын сай, мұғалім мәртебесін көтеруде біршама жұмыстар атқарылып жатырғаны да
айтылған.
Түйін сөздер: мәртебе, білім, тәрбие, мұғалім, жас ұрпақ
В статье рассматривается статус учителя в современном казахстанском обществе, ука-
зываются основные причины его понижения, а также приводятся краткие пути решения
по повышению статуса учителя в школах. Написанно о значении педагога в формировании
конкурентоспособный личности.
Ключевые слова: статус, знание, воспитание, педагог,молодое поколение.
In article the status of the teacher in a modern Kazakhstan society is considered, principal causes
of its fall are specified, and also short ways of the decision on increase of the status of the teacher
at schools are resulted. Teacher written about a value in forming of competitive personality.
Keywords: status,knowledge, education,teacher, young generation
«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым,
жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы
ұстаздан басталады» - деп Абай атамыз өсиет
еткендей, ертеңгі жас ұрпақтың өрелі боп
өс уі жақсы ана, жақсы атамен қатар жақсы
ұс тазға да тікелей байланысты екендігі бар-
ша мызға аян.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына қадам бас-
қан қазақ қоғамының алдында тұрған сара
жол – ұлт Көшбасшысы, Елбасы жүргізіп ке-
ле жатқан сындарлы саясаттың бірі жас ұр-
пақ қа сапалы білім беруді жүзеге асыру. Ал
ен ді сапалы білім мен саналы тәрбие ұрығын
қа тар себетін аяулы тұлға – аты алтын әріппен
жазылатын мұғалім, ұстаз екені ақиқат. Осы
ретте ағартушы Ы.Алтынсариннің «Мұғалім
маған бәрінен де қымбат, өйткені, ол – мек-
теп тің жүрегі»[1] деп артынан қалдырған
ұла ғат ты сөзі есімізге бірден келеді.
Білім мен қадір-қасиеті арқылы алдындағы
шәкіртінің жұлдызын жағып, мәртебесін
биіктететін, тағлымын қалыптастырып, та-
ңы мен кеңейтетін мұғалім деген ұлы есімі-
нің алдында кім-кімнің де бас иетіні белгілі.
Бі рақ, бүгінгі таңда мұғалім беделі төмендеп
бара ды. Оның себебі неде? Мұғалім көтеріп
жүр ген жүктің салмағы қандай?
Бұл өзекті мәселе қазіргі таңда жиі кө те-
53
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
рі ліп, өзектті сипатқа ие болып отыр. Сай ып
келгенде, мәселенің мән-жайы көп жағ дай-
да мұғалімнің әлеуметтік жағдайына ке ліп
тіреледі. Десек те, бедел кім көрінген са-
тып алатын дүние – мүлік емес, керісінше
ол мұғалімнің біліміне байланысты. Өз пә-
нін жетік білетін, қашан да жаңалыққа жа-
ны құмар, кәсіби деңгейі жоғары, ин тел лек-
туалдық, шығармашылық әлуеті мол, оқы-
ту дың жаңа технологияларын айналымға
енгізуге даяр, оқу-тәрбие ісіне шынайы жа-
на шырлық таныта білетін, шәкірттерін шын
жүрекпен сүйе білетін мұғалім өзінің сөй-
леген сөзі, жүрісі, тұрысы, істеген ісі, пара-
сат-пайымы арқылы да шәкірттеріне қа шан-
да үлгі болмақ.
Мұғалім шәкіртінің барынша – ықыласын
өзіне аударып, сабақты әрдайым қызықты
өт кі зе білу керек. Өтілетін тақырыпты то-
лық меңгермеген мұғалім алдындағы шә-
кірт теріне не берсін? Өкінішке орай ісіне
нем құ райлы қарайтын, келіп-кетіп жүретін,
сырт
қы бейнесі, киім киісі аудиторияға сай
емес, сабаққа дайындығы нашар мұғалімдер
де кез десіп жатады. Бұл – бүгінгі қоғамдағы
ащы шындық.
Адам баласына материалдық қажетті лер-
мен қатар рухани байлық та өте керек деп
санай мын. Атап айтсақ – білім. Демек, оны
кез-келген адамның меңгеруі, алып жүруі
үшін үлкен жауапкершілік жүктелетіні бел-
гі лі. Сонда жоғары оқу орнын сырттай неме-
се ақылы тұрғыда бітіріп, мұғалім атын
иемденіп жүргендер де ойланар еді. Бол ма-
са өзі оқымаған адам, шәкірттеріне қалай
«оқы» дейді? Осы жағын ойлаған да жөн!
Бұ ған қоса, мұғалімдер арасында көптің
ал дында шығып сөйлей алмайтын, ата-ана-
лар жиналыстарын жүргізе алмайтын мұ-
ғалім дер кездесіп жатады. Оқушымен, оның
ата-анасымен тіл табысудың өзі бір мектеп.
Мұға лімнің ата-ананы мектепке тартып, ба-
ла тәрбиесіне ортақ ете білуі өте маңызды.
Мұғалім мен ата-ана өзара түсінісіп, біріне-
бірі көмектессе, тәрбие сәтті болады. Кей
мұ ғалім ата-анамен түсініспеушілігінің қа-
ры мын баладан алуға тырысады, ал ата-ана
мұғалімді тілдеп, оның бала алдында бе де-
лін түсіреді. Мұғалім беделін оқушылар ал-
дында осыншалықты төмендетуден кім ұт-
ты, кім ұтылды?
Мұғалім – үнемі ізденісте, қоғам дамуы-
мен бір жүретін тұлға. Еліміз өркениетті
елдер қатарынан орын алып, бәсекелестікке
қабілетті болуы үшін – ең алдымен жас ұр-
пақ қа сапалы білім, саналы тәрбие, ғылым
жа ңа лықтарынан сусындату міндеті тұр.
Ал оның қайнар көзі мұғалім еңбегінен бас-
талады. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мә-
ніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рө-
лі не кезінде қазақ зиялылары да көп көңіл
бөл ген.
Қазақ халқының біртуар перзенті
Ахмет Байтұрсынұлы былай деген екен:
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай
болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни
мұғалім білім ді болса, білген білімін басқаға
үйрете біле тін болса, ол мектептен балалар
көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған
соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді,
педагогика, әдістемеден хабардар, оқыта
білетін мұ ға лім» [2].
Білім жүйесіндегі қордаланған мәселенің
ұшы бюджеттен ақшаны жырымдап үлес ті-
ре тін жандарға келіп тіреледі. Жыл сай ын
Елбасының жолдауында бюджет қыз мет-
керлерінің жалақысын көтерілетіні ай тыл-
ға нымен, ай өтпей жатып, ел ішінен қым-
бат шылық иектеп, қосылған мардымсыз ақ-
шаны жұтып қояды. Жалпылай айтар бол сақ
еліміздегі мектеп мұғалімінің орташа жа ла-
қы лары шамамен отыз-қырық мың теңгені
құ рай ды. Бұл қаржы күнкөріске жетпейді.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жыл-
дар ға арналған мемлекеттік бағ дар ла ма сын-
да педагогтың дәрежесін көтеруге ерек ше
көңіл бөлінген екен. Болашақта бұл жұ мыс
ең маңызды үш бағыт бойынша қолға алын-
бақ шы. Біріншісі – мұғалімдерді лайықтап
жала қымен қамтамасыз ету. Екіншісі – мұға-
лім дердің біліктілігін арттыру бойынша
ба тыл шаралар жүргізу. Үшініші бағыт –
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мұ ға-
лім дердің ең жақсы жетістіктерін насихаттау,
пе дагогикалық шеберлік байқауларын өт кі-
зіп, үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар, жұ-
54
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
мыс берушілермен тығыз байланыс орнату
жә не басқа шаралар арқылы педагогикалық
ма мандықтың қоғамдық беделін жүйелі түр-
де көтеруіміз керек делінген. Бұл ізгі бас та-
ма лар дың бірі деуге болады.
Оқытушы – білім саласындағы басты
тұл ға. Сондықтан, олардың абыройын ас-
қақ тататын да, беделін көтеретін де – қоғам.
Мұ ғалім беделінің артуы оның әлеуметтік
жағ дайы мен кәсіби біліктілігіне де тікелей
бай ланысты. Мұғалім өз пәнін жетік біліп
қа на қоймай ата-анамен, оқушылармен тіл
та бы са білу керектігін жоғарыда айтып өттік.
Шәкіртінің жүрегіне жол тапқан мұғалім
оны білімнің биік шыңына жетелей алады.
Соны мен бірге, әр пәннің ғылыми дәрежесі
сақ талып, әр оқушыға ғылым негізін мұқият
мең герткен жағдайда және дайындаған
дарынды оқушысы ғылыми жобаларға, түрлі
сайыстарға қатысып, марапатқа ие болып
жат са, мұғалімге абырой сонда келеді.
Мұғалім беделі неден көтеріледі? Осы
орайда шетелдіктердің жүргізген сарап та-
маларына зер салсақ, олардың беделін өсі ре-
тін тек айлық жалақының жоғары мөлшері
емес, мұғалімдердің өз бетінше білімін кө те-
руін де. Демек, мұғалімдер әрдайым ізденісте
бол са, соны сабағына тиімді қолдана білсе,
бұл ол үшін жеңіс әкелері хақ.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім және ғы-
лым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Білім
бе ру мен ғылымның дамуы – бұл саяси әрі
жал пы ұлттық міндет» [3] деп алдымызға
ай қын мақсат қойды. Бұл мұғалім бедерін
кө терудегі оң қадам. Ал, бедел өздігінен кел-
мейтінін біліп, оны осы жолда өзіміз де көп
ізденіп, бала жүрегіне жол тауып, кәсіби ше-
бер лік шыңынан көрінуге ұмтылғанымыз
аб зал.
Тағы бір ойланатын жайт, бүгінгі
күні мұ ғалімдердің 82% пайызы –
әйел қауымы. Ал келешек жас ұрпаққа
білім беруде ер мұ ғалімнің алар орны
айрықша. Мұғалім мәр те бе сін көтерудің
бір жолы – мектепке ер мұ ға лімдерді
көбірек тарту. Жас ұрпаққа пат риот тық
тәрбие беруде ерлердің атқаратын рө лі
ерекше.
Мұғалім беделінің өсуіне ұжымның, бі лім
саласы басышыларының ауызбірлігі, ын ты-
мағы керек. Жоғары басшылыққа атақтарға,
түр лі төс белгілерге лайықты жандарды
жүрексінбей, ешкімге жалтақтамай батыл
ұсыну көп түйіннің шешілуіне негіз қалайды.
Өзімізді-өзіміз көтермесек, бір-бірімізді
ұлық тұт пасақ, бізге атақты да, басқаны да
еш кім алып бермейді.
Мұғалім беделінің төмендеуінің тағы бір
себебі, қазіргі уақытта балаға көп мүмкіндік
пен артықшылық беріп отырғанда. Батысқа
елік теп, бала тәрбиесіндегі «демократиялық
үр дісті» шамадан тыс ұлғайтылып берілді.
«Ба лаға ұрсуға болмайды, іс-әрекетін шек-
теу ге болмайды» дейтін талаптар күшейді.
Сон дықтан, оған басы артық құқық беру,
түзелуіне емес, керісінше бұзылуына әкеп
соғады. Әрине, бала құқығының аяққа тап-
та луына қарсымыз, бірақ, дәстүрлі тәрбиені
де қатар қолданған жөн. Оның үстіне, қит
ет се мұғалімге жетіп барудан тайынбайтын,
мә се ленің мән-жайын қанықпай тұрып мұ-
ғалімге тарпа бас салатын ата-аналар да
кездесіп жатады. Сондықтан мұндай келең-
сіздіктердің алдын алу жөн. Ата-ана мен
қарым-қатынаста әдептілік сақтай оты рып,
баланы тәрбиелей отырып, оқытқан жағ дай-
да мұғалім мәртебесі артпақ.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму-
ын жетілдірудің бағдарламалық міндетін
ше шу жас мамандардың кәсіби біліктілігіне,
мә дениетіне, рухани кемелдігіне де тікелей
бай ла нысты.
Мұғалім сыртқы келбетімен, өзін-өзі бас-
қару шеберлігімен, мимика, сөйлеу ше бер-
лі гімен, шешендік қасиетімен және дауыс
дик циясымен де кез келген аудиторияны
ба ғын дыра алады. Сондықтан мұғалім сөй-
леу мәдениетіне ерекше көңіл бөлген жөн.
Оқушылар мұғалім сөзінен оның ерік жі ге-
рін, мәдениетін, жеке ерекшелігін сезіне ала-
тындай болуы керек. Сөйлеу кезінде адам-
ның адамгершілік қасиеттері, ерік жігері
мен қажыр – қайраты немесе жалжақтық,
жа ғым паздығы да айқын аңғарылып тұрады.
Өз сабағына жан-тәнімен берілген мұғалім
шын жүректен шыққан жалында сөзі арқылы
55
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
оқушыларды еліктіре баурап әкетеді. Егер ол
өз сөзіне немқұрайлы, қалай болса солай қа-
райтын болса, оқушылар мұны бірден бай қап
қояды әрі оқушы алдында беделі де тү се ді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Сіздер мен
біз дер тек болашақ буынды ғана емес, жал-
пы адамзаттық қадір қасиеттердің мән-ма-
ңы зын түсінетін жаны да, тәні де таза, бі-
лім ді, жан-жақты мәдениетті, патриот аза-
мат тар тәрбилеуге міндеттіміз»[4]-деп қадап
айт қан болатын. Ендеше осы ұлы істе жеке
тұл ғаның жан-жақты өсуі мен дамуына,
жеке тұлғаның қалыптасуына бір кісідей ат
салыссақ, еңбегіміздің еш кетпейтініне кә-
міл сенімдімін. Қоғамның алға жылжуы бі-
лім ді жандардың қолында.
Қорыта келе, ұлы педгагог К.Ушинский
сөзі мен айтқанда: «Мұғалім – өзінің білімін
үз дік сіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім.
Оқу ды, ізденуді тоқтатысымен оның мұға-
лімдігі де жойылады» [6;35] деген қағи да-
сын жадымызда ұстасақ, мұғалімде то қы-
раушылықтан аман болары сөзсіз. Өс ке лең
ұрпаққа сапалы білім беретін ұстаз да ры мыз-
ды қадірлейік ағайын!
Достарыңызбен бөлісу: |