Бас редактор



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата29.01.2017
өлшемі5,37 Mb.
#2954
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ӘДЕБИЕТТЕР

1 «Сыр бойы». 12 наурыз 2010ж

2 «Сыр бойы». 1 ақпан 2011ж

3 Мұғалім беделі – білім сапасының кепілі // «Ана тілі», 28 сәуір – 4 мамыр2011ж. 

4 Шайынғазы С. Беделі жоқ ұстаздың берері де жоқ. Мұғалім еңбегі қалай бағаланады 

деген сауал төңірегіндегі ой // «Егемен қазақстан» 9 қараша -2004ж

5 Жұмаева А.Шығармашыл ұстаз шыңға жетелейді // мұғалім және қоғам. 2010ж

6 Дәуқабақ Д.Мәдениеттің бір нышаны // Мұғалім және қоғам.-2010.-№4

Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады

А.Құнанбаев.


56

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 8.2.14



Б.Ж.Сағиева.

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ

«Ұлттық тәрбие» журналының жауапты хатшысы

АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕР БЕЙНЕСІН ЖАСАУДАҒЫ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақалада  қазақ  поэзиясының  шыңында  жүрген  ақындардың  өлеңдеріне  талдау 

жасалынған. Ақын Қ.Мұқашевтің жырларын басқа ақындар жырларымен салыстыра қарап, 

айырмашылығы мен ерекшелігін ашып көрсеткен. Ақын шығармашылығының өзі сынды 

өзге ақындармен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі бар екендігіне көзімізді анық жетекізеді. 

Құдаш ақынның өзінің негізгі өзегіне түскендей боламыз.



Түйін сөздер: ақын, поэзия, лирика, сезім, әдебиет, қаһарман.

В статье проанализированы стихи поэтов вершины казахской поэзии. Сравнительно рас-

смотрены стихи К.Мукашева сос стихами других поэтов, раскрыты отличие и особенности. 

При сравнении творчество поэта с такими же поэтами как он, можно убедиться в личной 

особенности поэта. Будто мы попали во внутренний мир поэта Кудаша.  

Ключевые слова: поэт, поэзия, лирика, чувства, литература, герой.

The  article  analyzes  the  verses  of  poets  tops  Kazakh  poetry.  Considered  relatively  poems 

K.Mukasheva pump verses of other poets, and especially unlike disclosed. When comparing a 

poet with the same poets as it can be seen in the personal characteristics of the poet. If we got into 

the inner world of the poet Kudash. 

Keywords: poet, poetry, lyrics, feelings, literature, hero.

Әдебиеттану ғылымындағы айтылып жат-

қан ой – тұжырымдар әр кезеңде өмір кеш-

кен қаламгерлердің өзіндік палитрасын, іш кі 

психологиясын ашып, кең өріс беріп жат қа-

нының куәсі болып отырмыз. Айталық, көр-

кем әдебиеттің бейнелеу объектісі адам десек, 

мұның  лирикаға  да  қатысы  бар.  Эпостық 

қаһарманды  лирикалық  қаһарманмен  бір 

қоюға болмайды. Лирикалық қаһарман сезім 

толғанысы эпостағыдай кең бейнеленбейді. 

Лирикада сезім де, тартыс та, өсу жолы да 

болады, тек ол эпостағыдай кең емес, өзіндік 

ерекшелігі мол екені бесенеден белгілі жайт.

«Қазақ поэзиясының кешегісі мен бү гін-

гісін шола қарасақ, лирикалық қаһарман жа-

сау дағы  кең  ізденістер  мен  жетістіктердің 

куә сі боламыз...

...Қ. Аманжоловтың сүйсе, құлай берілетін, 

жек  көрсе бойын ала қашатын отты да адал, 

батыл да жарқын «менін», Тәжібаевтың күн-

де лікті қарапайым оқиғалардан да үлкен ой  

білетін  сыршыл  да,  сезімтал  «менін»  көр-

дік... 


...Алдымен, біздің көп ақындарда өзіндік 

ар на,  өмірді  өз  көзімен  көре  білу  басқаға 

ұқсамай, өзінше сезіне білу жетіспейді» [1] 

– деген. Қ.М.Жүсіповтің пікірі кейінгіге ай-

тар   ой-пікірімізге  жақын  келетін  сияқты. 

Ал, енді әр кезеңдердегі өмір кешкен ақын-

дардың жазған ортақ «Дауыл» деген өлең де-

рін  оқып көрейікші:

Ғали Орманов:

Боран соқса дүрілдеп,

Жер тар бала байғұста…

Торғайларда дірілдеп,

Қонақтайды қуыста [2] - десе,

Қ. Аманжоловта: Дауыл! Дауыл! Дегенге,

Шықтық үйден дүркіреп,


57

ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯ

Аспан тұрды төбемде,

Аласұрып, күркіреп [3]

Ал, Қ. Мұқашев:

Шөлі қанып таза құм,

Тершіп жатыр тас-тағы

Дауыл жанның тозаңын

Қағып -сілкіп тастады.

Ортаймайды жан қанша,

Өткенге жол ауырын,

Жүрегіңді шаң қапса,

Дауыл ізде бауырым. [4] - деген жолдар 

бар.

Бірінде лирикалық қаһарман боранда то-



ңып   сыртқа  шықпаса,  екіншісінде  дауыл 

ке зінде  далаға  асығып,  желмен  жарысады. 

Бұл бәріне белгілі әрекет. Бұнда күнделікті, 

әдеттегі  ісін  қызықтау  басым.  Ал  Құдашта 

мүлдем  басқаша,  лирикалық  қаһарман 

көңілі ашық, жүрегі таза мөлдір, тұнық, сол 

дауылдың  өзін  аласұрған  шаң,  тозаң  емес, 

жүрегіңе  көңіліңе  жабысқан  шер,  мұңды 

шай ып, ұшырып әкететін дауылды сөз етеді.

Алғашқыда  табиғат  картинасын,  адам 

көңіл  күйін  барынша  қарапайым  қалпында 

нақ ты беру.

Қ.Аманжолов  өлеңіндегі  қаһарманның 

ерекше сезіміне, тынымсыздығына, ас қақ ты-

ғы на ден қою болса, Құдаштың лирикалық 

қа һарманы салмақты, жаны таза.

Көп  ақын  туындыларын  оқып  отырсақ 

өзін дік ізденудің куәсі боласың. «Ана» тура-

лы жазылған өлеңдерді оқып көрсек:

Ә. Тәжібаевта:

Ауырып қалса баласы,

Есінен дем де адасып.

Қоюға жанын жер таппай,

Ілмейтін көзін анасы. [5]

Қ. Мұқашевта: 

Армысың тірлік, тынысым,

Аяулы анам, апашым.

Білемін кейде мен үшін

Тұңғиық ойға батасың

Даулы түннің бұрқаса,

Ұйқыңды шайдай ашасың.

Көзіңнен қылмай бір таса,

Бір болсам дейсің апашым [4]

Бұл  жерде  әйтеуір  ананы  мадақтау,  ана-

ны  жақсы  көрем  деу  емес,  әр  суреткер, 

қаламгердің ананы өзінше сүйіп, өзінше те-

бі ре ніп, ешкімге ұқсамай өзінше жырлауы.

Бұнда да баланың анасын елестетуінде де 

нақ тылық, дәлдік басым. Ол анасының бала 

үшін  «түн  ұйқысын  төрт  бөлуін»  ойға  шо-

муын, «көзінен таса қылмауын» көз алдыңа 

әкеледі. Лирикалық қаһарман сезімін бейне-

леу әйтеуір дара мақсатқа айналмай, ол ақын-

ның  өмірді  өзінше  танып,  өзінше  бейне леу 

міндетіне бағындырып қана жеміс бермек.

Қай  ақынды  алмайық,  ол  қанша  жерден 

келісті баламалар келтірсін, соның бәрі өзін-

дік жүрек қойнауында шыңдалмаса, бәрібір 

оқырман  ұмыта  алмайтындай  тың  жарқын 

бей не тумайды.

Өмір, иә бұл өмірді әр Адам баласы өзінше 

түсінеді,  өзінше  сүйеді,  оның  қасиеттерін 

өзін ше сезінеді.

Енді ақындардың «Өмір» жайлы өлең де-

рі не шолу жасасақ:

Құдаш Мұқашевта: 

«Қайсы бір күндер ағымнан,

Жарылып кеткім келеді,

Түңіліп кейде жанымнан,

Тарылып кеткім келеді.

Тұтатып албырт сезімді,

От өріп кеткім келеді.

Ей, өмір сенің өзіңді,

Көтеріп кеткім келеді» [4]

М. Мақатаевта:

«Дүниенің ағында, қарасын да,

Мыңқ етпейсің қабылдап аласың да

Қарасымен шамаң жоқ таласуға,

Ей өмірім зымырап барасың ба? [6]

М.  Жұмабаевта:  «Өмір-көпір  от  үстінде 

са лынған, Діңгектері зәндем отқа малынған. 

Қорқу білме, аяқтарың таймасын, Ойнап қа-

на өт, шарпу көрме жолыңнан… Өмір-өзен, 

сылқ-сылқ  күлер,  сылдырар,  Қайда  ағады, 

оның жөнін кім сұрар? Аққан сумен біз де 

ағар мыз, кетерміз, Ағынға ермей, жағасында 

кім  тұрар?» [7]- дейді.

Ақындардың  лирикалық  қаһар манда ры-



58

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ның  мінез ерекшелігін беруі, өз мінезіне сай 

өзін дік сезімін нақты да шы найы бейнелей 

білуі өте ұтымды, анық берілген. Лирикалық 

қаһарман  өмірді  терең  түсін ген.  Бәрінің  де 

өмірге  келмегі,  дүниенің  қызығына  елігіп 

ермегі,  ақыры  алжып  өл ме гі  жоқ,-  дейді 

емес пе?! Адам баласы өз мақ са тына түсініп 

ойлана ақылмен өмір сүруге тиіс ті.

«Поезд» 


өлеңіне 

мән 


берсек: 

Т.Айбергенов:

«Көк поезд ирелеңдеп бұралып та,

Қанатын қағады алыс аралық

Аттанып кеттім бүгін қалаңнан мен,

Салмадың  ең  болмаса  шығарып  та,-  [8] 

десе Құдаш:

«Талас, тоқтау жоқ онда,

Бөгет емес құм, қарың.

Оннан астам вагонда,

Білесің бе кім барын?

Жасырмайық жоқ емес,

Айырылысу бораны.

Кейбір көзді көп елесі,

Жасауратып барады. [4]

Төмендегі лирикалық қаһарман көк поезд-

бен  алысқа  аттанып,  ғашығының  шығарып 

салмағанына қатты налыса, Құдаш өлеңінде 

түрлі  тағдырды  тиеп  алған  поезд  ішіндегі 

адамның  адамға  деген  сағынышын  әсерлі 

де, бейнелі тілмен жеткізеді. Махаббат бар-

да  сағыныш  бар,  сағыныш  барда  махаббат 

бар  екенін  дәлелдеп  береді.Ал  лирикалық 

қаһарманы  біреулермен  құшақ  жая  аман-

дасып,  жолға  шыққан  жолаушы  өмірін  көз 

алдыңа нақты суреттеп береді.

Иә, жалпы ақындар қай тақырып болма-

сын   қаламын  сілтеуден  жалыққан  емес. 

Бірақ ақындардың өздерінің жанына жақын 

бір  тақырыптары  болады.  Олар  әсіресе 

соған  құш тар  келеді.  Сондай  тақырып 

Т.Айбергенов пен Қ. Мұқашевта да кездеседі. 

Бұл екі ақында «Жол» туралы өлеңдері кең 

ауқымда жазылған екен.

Т. Айбергеновте: 

«Жолдар, жолдар мені алыс апарыңдар,

Апарыңдар ұзаққа сапарым бар;

Қаламдаймын әлі мен ұшталмаған,

Өткізіңдер шөлдерден құс қонбаған,

Сын тақпасын дос, түгіл дұшпан маған…

[8]

Қ. Мұқашевта: 



«Жол пейілі жолаушы үшін дархан –ақ,

Жол үстінде шыңдалады нар талап.

Сондай бір жол ауылымнан шығады,

Күні –түні адамдарды арқалап…

Кейде жолмен аттаймын да бір адым,

Ту алысқа ұзақ қарап тұрамын.

Содан кейін бір-ақ сілтеп қолымды,

Көкрегімді ауыл жаққа бұрамын…[4]-деп 

жырлайды.

Міне  бұл  екі  өлеңді  оқысақ,  Төлегеннің 

лири калық  қаһарманы  жолдардан  алыс-

қа   апаруын,  кетіп  оралмаса  досқа  да  дұш-

пан ға да сын тақпауын өтінеді. Жол хи кая-

ларының  бір  ғажабы,  оның  көзімен  көр гі-

зе тіні  бар,  жолда  кездесетін  адамдар  мен 

көз бен  көргенкөріністердің  адамға  берер 

ләз заты,  әрбірден  соң  жол  азабының  өзі  де 

кей бір  тағылымның  таралғы-жоралғысын 

көр сетеді. Құдаш поэзиясында жол атауы бе-

кер айтылмаған «Поезд», «Жол туралы ой», 

«Жолдар»,  «Оралу»,  «Дала  соқпақтары».

Қыс қасы  ақынның  қай  өлеңінен  болмасын,  

жол дың  үстінде  жырын  термелеп  жата ды.  

Құдаштың  кейіпкері  Төлегендегі  қаһар-

ман ға  мүлдем  қарама-  қайшы.  Құдашта  ол 

жол  пейілін,  дархандығын  айта  отырып, 

Төлеген  кейіпкері  кеткен  ту  алысқа  қарап 

қана  қойып,  өз  ауылын,  туған  жерінен  еш 

қайда  ұзамайтындығын  айтады.  Міне  әр 

ақында  тақырып  ортақ  болғанмен  әркім де 

ойлау, сезіну, тебірену басқа. Ақын шы ғар-

машылығының  өзі  сынды  өзге  ақындармен 

салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі бар екен-

дігіне көзіміз анық жетеді. Құдаш ақынның 

өзінің негізгі өзегіне түскендей боламыз. 

Міне, лирикалық қаһарманның әрі көпке 

тән ортақ сипаттары болумен қатар, өзіндік 

тағдыр, өзіндік күрес жолы, мінезі тағы басқа 

қасиеттердің танылуымен өлеңге өзгеше та-

ныс, қайталанбас сипат береді. 



59

ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯ

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Қ.М.Жүсіпов «Өлең сөздің патшасы» – А., 1977ж.

2 Ғ.Орманов шығармашылығы.  4 томдық – А., 1982-84жж

3 Қ.Аманжолов шығармашылығы. 4 томдық – А.,1977ж

4 Қ.Мұқашев «Сүттіген сазы» – А., 1969ж

5 Ә.Тәжібаев шығармашылығы – А., 1977ж

6 М.Мақатаев шығармашылығы. – А., «Жалын» баспасы 1984ж.

7 М.Жұмабаев шығармашылығы. – А., 1989ж.

8 Т.Айбергенов «Бір тойым болатыны сөзсіз менің» – А., 1967ж

УДК 37.018.11



А.Е.Манкеш

Магистратура және PhD докторантура институты

Алматы қаласы.

ОТБАСЫНЫҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК РӨЛІ

Қазіргі қоғамдағы болып жатқан әртүрлі дағдарыстар отбасына, ондағы бала тәрбиесіне 

үлкен  әсерін  тигізіп  жатқаны  белгілі.  Мақалада  әр  халықтың  отбасында  берілетін 

тәрбиесінен дәлелдер келтіріліп жазылған. Ұлы Абайдың және басқада ғалымдардың бала 

тәрбиесіне байланысты ойлары айтылған. Сонымен қатар, отбасында баланы қарапайым 

еңбек түрлеріне араластыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу жолдарын көрсеткен.



Түйін сөздер: отбасы, тәрбие, қоғам, тәжірибе, ұрпақ.

Известно, что различные кризисы которые происходят сегодня в обществе оказывают 

огромное влияние на семью, на воспитание детей. В статье фактами доведено о воспитании 

в семье разных народов. Сказаны мысли о воспитании детей великого Абая и других уче-

ных. А также, указаны пути воспитания у детей трудолюбивости способом привлечения к 

простым видам труда в семье.



Ключевые слова: семья, воспитание, общество, практика, потомок.

It is known thatvarious crisesthat occurin society todayhave a huge impacton the family,the ed-

ucation ofchildren.The articleabout thefactsbroughtup in a familyof different nations.Toldthought-

sabout parenting of great Abayand other scientists.And also,shown ways of bringing upin children 

hardworking by the attractingto the simpletypes oflabor in the family.

Keywords: family, education, society, practice, descendant.

Қазіргі қоғамдағы болып жатқан әр түр лі 

дағдарыстар отбасына, ондағы бала тәр бие-

сі не  үлкен  әсерін  тигізіп  отыр.  Отбасының 

әл-ауқатының  төменділігі;  психологиялық 

тұр ғыдан  болашаққа  сенімсіздігі;  рухани 

бай лықтарға қарағанда ата-аналардың мате-

риал дық  игіліктерге  көбірек  көңіл  бөлуі; 

мек теп  пен  отбасы  арасындағы  өзара  бай-

ланыстың жеткіліксіздігінен отбасы тәр бие-

сіндегі  олқылықтардың  орын  алып  отыр ға-

нын  байқаймыз.  Сол  себепті  баланы  қазақ 

хал қының  өмірлік  ұстанымына  айналған 

обал мен сауаптың, ынсап пен қанағаттың ма-

ғы насын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көр се ту 

дағдыларын баланың санасына жеткізіп оты-

ру  әрбір ата-ананың міндеті. Баланың жеке 


60

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ба сының  мінез-құлқын  қалыптастырып, 

оның бойына адамгершілік қасиеттерді сіңі-

ре   білуде  отбасының  атқаратын  қызметі 

ерек ше.

Ұлттық ерекшелік пен ұлттық құн ды лық-

тар ды  сақтай  білетін,  рухани-адамгершілік 

ұстанымы  негізінде  қалыптасқан  отбасы 

қан дай  қиын  кезеңде  де  мемлекеттің  тірегі 

болып  саналған.  Ендеше,  отбасы  –  рухани 

дәс түрлер  мен  ұлттық  құндылықтарды  үй-

ре тетін  –  тәрбие  бесігі,  баланың  Отан ға,  

елге,  жерге  деген  сүйіспеншілігін  қа лып-

тастыратын  орын.  Қазіргі  күн  санап  да-

мып   отырған  ақпараттық  технологиялар 

за ма нында,  қоғамға  саналы  да  тәрбиелі, 

ру  хы  биік,  парасаты  жоғары  ұлтжанды  ұр-

пақ   тәрбиелеудегі  ұлтымыздың  ғасырлар 

бойы  жинақталған  бай  тәжірибесін  от ба сы 

тәжірибесінде пайдалану ауқымды мә се ле нің  

бірі болып отыр.

Хакім  Абай  отбасындағы  бала  тәрбиесі 

ту ралы,  баланың  бірінші,  әрі  негізгі  тәр-

бие леушісі  –  ата-анасы  болуы  тиіс  дей  ке-

ліп,   бала  алдымен  ата-анасына,  екінші  ұс-

та зы на,  үшінші  құрбыларына  қарап  өседі 

де се,  жетінші  қара  сөзінде  «бала  анасынан 

екі түрлі мінезбен туады, бірі ішсем, жесем 

–  бұл  тән  құмарлығы,  екіншісі  не  көр-

се  соған  талпынып  «ол  немене,  бұл  не?» 

деп  үлкендердің  мазасын  алады,  бұл  жан  

құмарлығы,  сәби  кезінде  баланың  біл гі сі  

келген, үйренгісі келгенін ата-ана өз ба сы ның  

үлгі  -  өнеге  көрсетуі  арқылы  баланың  сұра-

ғына  жауап  беріп,  оның  білгісі  келіп  тұр ған 

тән құмарын қанағаттандырып баланың дұ рыс 

тәрбиесіне жол ашқаны дұрыс деген бола тын.

М.Әуезов  отбасындағы  тәрбиеде  ананың 

орнының маңыздылығына назар аудара ке ліп,  

тәрбие түзелу үшін ең алдымен сол тәр бие-

ні  беретін  аналардың  моральдық  та,  мате-

риалдық  жағдайының  дұрыс  болуын,  ана-

лар дың  сол  тәрбиеге  лайықты  болуына  мән  

берген.


Отбасындағы  бала  тәрбиесін  чех  педа-

гогы  Я.А.Коменский  «Ағайынды  чех тар-

ды»   тәрбиелеудегі халықтық дәстүрдің озық  

үлгі ле ріне сүйене отырып, баланы жас тайы-

нан жақ сы мінез-құлыққа тәрбиелеудің жол-

да

 



рын  көрсетеді.

Ал,  қазақ  халқының  отбасындағы  бала 

тәр биесі туралы академик М.Ғабдуллин өзі-

нің «Ата аналарға тәрбие туралы кеңес» де-

ген еңбегінде «...қазақ халқының өмірлік ұс-

та нымынан, тыныс тіршілігінен орын алған 

от басы тәрбиесінің тарихын бүгінгі ұрпаққа 

жет кізе білу-өз алдына бір мәселе деген. Қа-

зақ ұғымында отбасы – тәрбие бесігі, оттың 

ба сы, ошақтың қасы – ырыстың ұйытқысы, 

бе ре ке-бірліктің бастауы. Өйткені адам бала-

сының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемел-

де нуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан 

кі реді,  отбасында  көрген  жақсы-жаман  қы-

лық тардың  бәрі  бала  сезіміне  әсер  етеді. 

Ана мен әке және әже мен ата – отбасының 

бас ты  тәлімгерлері,  себебі  ана  балаға  өмір 

сый лаумен  қатар,  ол  өзінің  бойындағы  бар 

мейі рімін,  жүрегінің  жылуын  баланың 

бойы на  сіңіріп,  халықтық  салт-дәстүрлер 

негі зінде  тәрбиелеуші  және  оны  өмір 

сүруге даярлаушы. Қазақ отбасындағы бала 

тәрбиесінде  әкенің  алатын  орны  мен  рөлі 

ерекше, себебі әке – отбасын асыраушы, оның 

мүшелерінің  тірегі,  қамқоршысы.  Әкенің 

мінез-құлқы,  өзгелермен  қарым-қатынасы, 

өнері, білімі – баланың көз алдындағы үлгі-

өне ге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. 

Әке  мен  ананың  балаға  қоятын  ең  бірінші 

талап-тілектері – «әдепті, адал бала» болып 

өсуі,  сол  себепті  «әдепті  бол,  тәрбиесіздік 

көрсетпе, көргенсіз болма» - деген сөздерді 

бала санасына жеткізіп отыру арқылы өза ра 

түсіністікке,  сыйластыққа,  бірлікке  тәрбие-

ле ген.  Отбасындағы  әжелер  мен  аталардың 

бойын дағы  жағымды  қасиеттер:  олардың 

көре гендігі,  даналығы,  балаға  ерекше  әсер 

етеді.  Әжелер  мен  аталар  балаларды  отба-

сын да түрлі өнер мен еңбекке үйретіп, бала-

лар дың  бойына  адамгершілік  қасиеттерді 

тәр биелеу үшін оларға аңыз-әңгімелер, ерте-

гі лер,  мақал-мәтелдер,  жыр-дастандар  мен 

жұм бақтарды  және  т.б.  ауыз  әдебиетінің 

үлгі лерін кеңінен пайдалана білген.

Академик  М.Ғабдуллин  қазақ  халқының 

бе сік  жырларының  тәрбиелік  маңызы  мен 

мәні туралы: «Бесік жырларынан» халықтың 

ба ла тәрбиесі жайындағы арман-тілегі, өмір-

ге  көзқарасы, мақсат-мүддесі айқын көрінеді. 

Он да баланы жас кезінен еңбекке бейім етіп, 



61

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

адал кәсіпке, халыққа қызмет етуге даярлау 

ата-ананың ең басты борышы делінеді. Мұ-

ның  өзі  қазақ  халқының  отбасындағы  бала 

тәр биесін  баланың  есейген  шағынан  емес, 

тіп ті  оның  бесікте  жатқан  кезінен-ақ  қолға 

ал ға нын,  баланы  еңбекке  баулу  ісін  кіші 

жас тан бастағанын аңғартады».

Француз  ағартушысы  Ж.Ж.Руссо  «бала 

тәр биесінің көзі еңбекте, сол себепті баланы 

жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді 

от ба сында еңбекке үйретуден бастау керек» - 

дей ді. Демек, еңбек – өмірдің негізі, адамның 

бас ты міндеті, баланы ұқыптылыққа, іскер-

лік ке  даярлаудың  басты  құралы.  Баланы 

кіш кентайынан  еңбекке  баулу,  адамдардың 

ең бек  арқылы  биік  жетістіктерге  жеткенін 

әңгімелеп отыру, баланы еңбек іс-әрекетіне 

бейім деу арқылы, өзгенің еңбегін бағалауға 

ық пал етеді.

Бұл күндері Жапонияның экономикалық, 

әлеуметтік  және  рухани  жағынан  әлемдік 

бедел  алуын  отбасы  тәрбиесімен  тікелей 

байланыстыруға болады. Жапондықтар ұлт-

тық салт-дәстүрін әлі күнге дейін қатаң сақтап, 

оған ұлттық байлық ретінде қарап отырған 

ел.  Ұлттық  дәстүрді  сақтауға,  жастардың 

бойына  ұлттық  мінез-құлық  пен  салт-дәс-

түр дің озық үлгілерін қалыптастыруға ерек-

ше  мән  береді.  Отбасында  да,  қоғамдық 

орындарда да – үлкенді сыйлап, құрметтеу, 

жапондардың  басты  ұстанымы  мен  парыз 

пайы мының бірі болып саналады.

Жапон халқы, отбасындағы бала тәр бие-

сін де  өздерінің  ата  дәстүрін  сақтай  білуге 

ерек ше  мән  беретіні  белгілі,  ойын  арқылы 

бала ға салт-дәстүрлерімен қатар әдет-ғұрып-

тарын да, тілін де үйретеді. Мәселен, жапон-

дардың  бала  тәрбиелеу  үрдісінде  «Карута 

тори»  деген  ойынның  шарты  бойынша, 

ойын ға  қатысушы  әрбір  балаға,  байырғы 

әде биеттен  жүз  жырды  жаттап  айтып  беру 

мін деттеледі, мұны жаттағанда баланың та-

ны мы  өсіп,  сөздік  қоры  дамый  түседі.  Сол 

үшін де олар өздерінің ұлттық тілдерін от ба-

сы нан баланың бойына сіңіріп, содан кейін 

өзге  тілді  үйретеді,  ал  бұл  баланың  өз  ана 

тілі нің  жүрегінің  түбінде  мәңгі  сақталып, 

өш пес із қалдыруының ең тиімді тәсілі бо-

лып саналады екен. Мұндай ұстаным елі міз-

дегі   «Үш  тұғырлы  тіл»  мәселесі  көтеріліп 

жат қанқазіргідей  кезеңде,  бала  он  жасқа 

дейін  өзінің  ана  тілінде  еркін  сөйлеуі  тиіс 

де ген, жапон тәжірибесінен ұрпағының жан-

дүниесі мен дүниетанымының өзінің ұлт тық 

тілінде қалыптасуына ерекше мән бере тін ді-

гін  аңғаруға болады. 

Осы орайда, дана халқымыздың «ана сүті 

–  бойды  өсіреді,  ана  тілі  –  ойды  өсіреді» 

бол маса, «бала тілін білмегеннің бір ноқаты 

жет пейді, ана тілін білмегеннің мың ноқаты 

жет пейді»  деген  ой-тұжырымы  тілдің  мән-

мағы насын түсіндіру қағидасы болып табы-

лады.  Күнделікті  бала  тәрбиесінде,  ана 

тіліміздегі  өлең  жолдары  мен  жаңылт паш-

тар ды  қайталатып,  әңгіме,  ертегі  айтқызу, 

жұм бақ шешу баланың ұлттық тілде ойлай 

бі лу дағдысын жетілдіріп, сөздік қорын да-

мы ту дың бірден-бір құралы болып есептеледі. 

Қазіргі балалар тілін шұбарлап, анық сөйлей 

алмайды,  өз  ойын  жеткізе  алмау  жайттары 

кездеседі,  әр  сөзге  тоқтап-тоқтап  түсініксіз 

ұғымдарды  қайталайтын  болады.  Мұндай 

жағ дайда бала жасқаншақтап, көпшіліктің ал-

дында сөйлеуге батылы жетпей, өз пікірін бө-

лісу ден бас тартып күннен–күнге шетке ысы-

ры лып, білгенінен білмегені көбейе бере ді. 

Халықтық мұңмен, ұлттық гимнге айнал-

ған  «Елім-ай» жырының авторы Қожаберген 

жы раудың:

Асан қайғы Жиренше,

Сөйлеп өткен қазақ тіл.

Ер-Жәнібек, Әз-Тәуке,

Сыйлап өткен ғажап тіл.

Осы тілді жек көрген

Дүнеден қалар құр.

Бағаласаң шынымен,

Бабаң  тілі  асыл  дүр,  -  деп  өз  тілін  құр-

мет теуге  үндеген  осы  бір  жыр  жолдарын 

жы рау  баба  бүгінгі  ұрпағына  ұран  етіп 

қал дырғандай.  Осы  тұста,  ұлт  зиялысы 

А.Байтұрсынұлының  тілге  қатысты  мына 

пікі рін  есте  ұстаған  жөн  сияқты:  «Бала  ең 

алды мен,  өз  ана  тілінде  ойлауы,  сөйлеуі, 

бі лім  алуы  шарт»  -  десе,  көрнкті  педагог 

И.Г.Песталоцци тәрбиені ана тілінде оқы та-

тын   халықтық  мектептердің  бай  тәжіри бе-

сіне негіздеп жүргізуді ұсына келіп, бала ның 

ақыл-ойының  қалыптасуы,  дұрыс  дамуы 



62

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ұлттық  тілде  оқудың  мазмұны  мен   оқыту 

әдісін  дұрыс  ұйымдастыруға  бай ла нысты 

деген  болатын.  Бала  ана  тілінде  сөй леу 

арқылы,  сол  тілдің  грамматикалық  фор-

ма ла рын  ажыратады,  белгілі  сөздік  қоры 

пай да  болады;  сөйлеушінің  сөзін  тыңдау 

жә не  тыңдаушының  сөзінің  дұрыс  болуы 

сияқ ты  сөйлеу  формалары  қалыптасады. 

Тіл  тазалығы,  тілдің  дұрыстығы,  баланың 

от ба сында  ауызекі  сөйлеуіндегі  әдеби  тіл 

ережелері мен белгілеріне сәйкес келуі мен 

сөз дер ді  орынды  қолдана  білуі  бала  үшін 

тәр бие құралы, білім мен мәдениет бастауы.

Жоғарыда  келтіргеніміздей  перзентінің 

са на лы да тәрбиелі, еңбек етуге бейім, өз 

ұлты ның,  тілінің  жанашыры  болып  өсуі 

жо лында  әрбір  ата-ананың  белсенділік 

таны туы  оның  азаматтық  борышы,  ұрпақ 

алдын дағы міндеті. Қорыта келе, болашақ 

ұрпақ тың бойына халықтың ғасырлар бойы 

жинақ тап,  адамгершілікке  негізделген 

тәрбие тағылымын отбасы тәрбиесінің өзегі, 

өмір заңдылығы ретінде пайдаланып отыру 

қа жет  деп  білеміз.  Мәселен:  отбасы  бала 

тәр биесінде  ұлттық  салт-дәстүр  мен  әдет-

ғұрып ты жалғастырушы;

- өркениетті, зайырлы, құқықты қо ғам  ның 

азаматын  тәрбиелеуде  отбасы  мем ле кет тің 

негізгі буыны, тірегі;

-  бала  тәрбиесінің  өткенімен  үндестігін, 

сабақ тас тығын одан әрі тереңдетіп, дамыта 

түсу;

-  отбасында  баланы  қарапайым  ең бек  



түрлеріне араластыру арқылы еңбек сүй гіш-

тік ке тәрбиелеу;

-  отбасында  баланың  тілін  дамыту  бағы-

тындағы  ұлттық  бағдарламалар  мен  ана 

тілін дегі суретті кітаптар сериясын көбейту;

- отбасындағы баланың өз алдына бір әлем 

екендігін,  өзінің  дербестігін,  даралығын 

таны тудағы  «Мен»  ұғымын  адамгершілік 

тұр ғыда дамытып жүзеге асырып отыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет