Монография Астана, 2010. 250 бет


Тұжырымдаманың  негізгі  принциптері



Pdf көрінісі
бет29/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

Тұжырымдаманың  негізгі  принциптері:  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  білім 
мазмұнын  жаңарту  ол  балаға  деген  жаңаша  көзқарас  пен  қарым  –  қатынасты 
қалыптастыратындай,  тұлғаны  дамытуға  бағытталып,  оқу-тәрбие  үдерісін 
ұйымдастырудың  формаларын  жетілдіруді  және  жаңа  педагогикалық 
технологияларды  пайдалануды  талап  етеді.  Балабақшада  тәрбиелеу  мен  білім 
беру  үрдісінде  бірізділік,  жүйелілік  және  жас  ерекшелігі  ескерілуі  тиіс. 
Пәнаралық  және  пәнішілік  интеграция  сақталуы  мен  ұлттық,  аймақтық 
ерекшеліктерге баса назар аударылуы керек деп ойлаймыз. Негізгі мәселенің бірі 
ретінде  қазіргі  мектепке  дейінгі  тәрбие  теориясы  мен    тәжірибесінде  өз 
дәрежесінде жүзеге асырылмай келеді, тіптен білім мазмұнында сабақтастықты 
сақтау  жаңаша  тұрғыдан  қайта  қарауды  қажет  етеді.  Мектепке  дейінгі  кезеңде 
білім  мазмұнын  жаңартуда  жалпы  педагогикалық,    дидактикалық  принциптер 
басшылыққа алынды. 
1.  Ғылымилық принципi  -  мектепте  меңгертiлетiн  ғылыми  түсiнiктердi  баланың 
қабылдауына  дайындық  сипатында  берiлуiн  белгiлеуге  баса  назар  аудару, 
мектепке  дейiнгi  бiлiм  беру  теориясын  зерттеумен  шұғылданған  ғалымдардың 
еңбектерiндегi  мектеп  жасына  дейiнгi  балаларға  заттар  мен  құбылыстар  және 
олардың iшкi белгiлерi туралы алғашқы қарапайым ұғымдарды ғылыми сипатта 
беруге болатыны туралы идеялар пайдаланылады. 
2. Оқытудың мазмұнының жүйелiлiгiн жене бiрiздiлiгiн сақтау принципi - бiлiм 
белгiлi  бір  жүйемен,  баланың  жас  ерекшелігіне  сәйкес,  білім  мазмұнын 
белгіленген  ретпен,  дидактикалық  талаптарға  сай,  тәртiппен  беру  қамтамасыз 
етіледі. 
3. Біртұтастық принципі–білім мазмұны сабақтастығын қалыптастыруда балаға 
қоршаған ортаны, бүкіл әлемді тұтас қарауға заттар мен құбылыстардың әр түрлі 
өзара  байланыстарын  сезінуді  қамтамасыз  етеді  және  сол  арқылы  белгілі  бір 
затты  әр  қырынан  көре  білу  дағдысын  қалыптастырады.  Аталған  принципті 
жүзеге  асырудың  негізгі  бір  жолы    білім  мазмұнын  қайта  қарау  және 
кіріктірілген кешенді курс жасау қажеттігі туындайды. 


 
97 
4. Түсiнiктiлiк принципi - мектеп жасына дейiнгi ұйымдарда берiлетiн  бiлiмнiң 
баланың қабылдауына, ойлау қабiлетiне салмақ түсiрмейтiндей, оңай әрi әсерлi 
болуы  қамтамасыз  етіледі.  Аталған  принциптер  білім  мазмұнын  жаңартуда  біз 
ұсынып  отырған  идеялардың  дұрыстығын  дәлелдеуге  және  білім  мазмұнынын 
жаңартудың педагогикалық негіздері мен бағыттарын айқындауға негіз болады. 
5.  Дамыту  принципі.  Баланы  ынталандыруға,  эмоционалдық,  рухани- 
адамгершілік  және  интеллектуалдық  дамуы  мен  баланың  өзіндік  дамуына 
бағдарланып,  оған  қолдау  жасауға  өздігінен  дербес  әрекет  етуге,  әр  түрлі  іс-
әрекетте шығармашылық мүмкіндіктерін аша түсуге ықпал  ету қажет.Тек білім 
алуға  және  пәндік  мақсаттарды  шешу  дағдыларына  қалыптастыру  ғана  емес 
мұндай жағдайда  балалардың  меңгерген  білімдері  іскерлік  дағдыларының  мәні 
сақталып, бала дамуының құралы бола алады. 
6.  Ізгілендіру  (гуманитарландыру)  принципі.  Білім  беру  мазмұны  сабақтастығы 
қалыптастыруда  жаратылыстану,  математикалық  циклдағы  пәндердің  және 
барлық  оқу  пәндерінің  баланың  эмоцияналдық  көңіл  –  күй  мен  әлуметтік 
тұлғаның  дамуына  бағытталуы  қарстырылды.  Сондай  –  ақ  гуманитарлық  және 
көркемдік – эстетикалық циклдағы пәндерге ерекше мән беріліп, балалардың әр 
түрлі шығармашылық іс - әрекетінің үлес салмағы арта түседі. 
7.  Мәдениеттану  принципі  -  қазіргі  қоғамдағы  мәдениеттің  жетістіктерімен 
таныстыру  және  оған  деген  танымдық  қызығушылығын  арттыруға  толық 
мүмкіндік  жасау  болып  табылады.  Бұл  принципті  жүзеге  асырудың  негізгі 
жолдары  –  тәуелсіз  елімізде  және  аймақтық  білім  мазмұны  компоненттерінің 
өзара  байланысы  мен  өзара  толықтырулары,  үйлесімді  болуында.  Жалпы 
адамзаттық  мәдениеттер  жетістіктері  негізіндегі  іс-әрекет  тәжірибесін    және  
этномәдениеттік 
құбылыстарды 
игеруге 
мүмкіндік 
беретін 
ұлттық 
ерекшеліктерін  тани  білу.  Өз  халқының  мәдениеті  мен  әлемнің  мәдени  
көптүрлілігін  түсінуге  және  бағалауға  мүмкіндік  беретін  мәдени-демалыс 
қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру, рухани келісім мен толеранттық 
идеяларына бейім болуға ықпал етеді.  
8.  Вариативтілік  принципі  –  білім  мазмұнын  жүзеге  асырудың  алуан  түрлері 
мен  формаларын  таңдауға  және  білім  беру  мақсаттарын  қазіргі  ғылымның 
дамуын  ескере  отырып  іске  асыруға,  қоғам  мен  аймақтық  ерекшеліктерді 
ескеруге  мүмкіндік  жасайды.  Сондай  –  ақ,  мұнда  әр  баланың  даму  мүмкіндігі 
қарастырылып, білім мазмұнын саралап оқытуды қамтамасыз етеді. Осыған орай 
инвариантты  бөліктің  сақталуы  да  әр  баланың  құқығын  қорғауды  және  ҚР 
азаматының  басқа  білім  ұйымдарымен  тең  білім  алуын  қамтамасыз  етеді. 
Берiлетiн  бiлiм  мазмұны  баланың  бейiмдiлiгiн,  қабiлетiн,  қызығушылығын, 
ынта-ықыласын қанағаттандыратындай болуы, баланың таңдауы бойынша жеке 
жұмыс  жасауға  мүмкiндiк  туғызатындай  деңгейде  болуына  баса  назар 
аударылады. 


 
98 
9.  Сабақтастық  принципі–педагогикалық  құбылыстардың  өзара  жүйелілігін, 
құрылымын,  реттілігін  анықтайды.  Аталған  принциптерге  сәйкес  зерттеу 
мәселесінің  әдіс-тәсілдері,  формасы,  әдістемесі,  іс-әрекет  барысы  айқындалып, 
оның  компоненттерінің  өзара  байланысы  нақты  белгіленгенде  ғана  жүзеге 
асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет