Монография Астана, 2010. 250 бет


Тұжырымдаманы іске асыруда күтілетін нәтижелер



Pdf көрінісі
бет34/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

Тұжырымдаманы іске асыруда күтілетін нәтижелер: 
Тұжырымдаманы  іске  асырудың  нәтижесінде  мектепке  дейінгі  білім  беру 
жүйесі  үзіліссіз  білім  берудің  алғашқы  буынында  білім  мазмұнының  қол 
жетімділігін  және  сабақтастығын  қамтамасыз  етуге  негіз  болуы;  Нәтижеге  
бағдарланған толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті білім берудің қамтамасыз 
етілуі.  Барлық  басқа  әлеуметтік  салалармен  және  экономика    салаларымен 
салыстырғанда  мектепке  дейінгі  білім  беруді  жеделдете  дамытуды,  қоғамдық 
пікірді  қоғамдық  дамудың  барлық  салаларындағы  әлеуметтік  –  экономикалық 
прогрестің  маңызды  шарты  ретінде  білім  берудің  алғашқы  сатысының 
басымдықтарының пайдасына қалыптастыруды; Мектепке дейінгі ұйымдардың 
материалдық  –  техникалық  базасын  нығайтуды;  Арнайы  кәсіби  мамандар 
даярлаудағы  әлеуметтік  әріптестікті  дамытуды;  Ғылыми  және  инновациялық 


 
105 
қызметті  дамытуды;  Тұжырымдаманы  іске  асыру  білім  беру  жүйесінің  тиімді 
жұмыс  істеуінің  заңнамалық,  нормативтік  және  құқықтық  негіздерін  құруға 
мүмкіндік  беретіндігі.  Тәрбиеші–педагогтардың  тәжірибелік  қызметінде 
жаңартылған  білім  мазмұнын  пайдалануға  теориялық,  тәжірибелік  және 
адамгершілік,  психологиялық  дайындығы  жүзеге  асырылады.  Сонымен  біз 
дайындаған  мектепке  дейінгі  білім  мазмұнын  жаңартуға  арналған 
тұжырымдамада  айтылған  теориялық  тұғырлардағы  түйінді  ой–пікірлерге 
сәйкес  мектепке  дейінгі  білім  жүйесіндегі  оқу-тәрбие  үдерісінде  жүзеге 
асырылғанда өз нәтижесін береді деп ойлаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет