Монография Астана, 2010. 250 бет


 Мектепке дейінгі ұйымдарда білім мазмұнын жаңартуда инновациялық



Pdf көрінісі
бет54/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

3. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім мазмұнын жаңартуда инновациялық 
технологияларды пайдалану мүмкіндіктері 
 
3.1  Білім беру мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияларды 
пайдалану арқылы тәрбиешілердің шығармашылығын дамыту 
бағыттары 
 
    Қазақстан 
Республикасының 
тәуелсіздікке 
қол 
жеткізіп, 
әлемдік 
ынтымақтастықтағы  мемлекеттердің  қатарында  тұғыры  биік,  өз  саясаты  мен 
даму  стратегиясын қалыптастырған ел  ретінде дербес танылуы Отандық білім 
берудің  алдында  жаңа  міндеттер  мен  талаптар  қойып  отырғаны  белгілі.  Қай 
кезде  болмасын  ізгі  мақсаттарға,  асыл  мұраттарға  жету  ізденістер  мен 
шығармашылық  әрекеттер  және  инновациялық  технологияларды  тәжірибеде 
тиімді пайдалануға да тікелей байланысты болмақ. 
    Педагогикалық  зерттеулердің  кез-келгені  дидактикалық  принциптердің 
жүзеге  асуының  тиімді  жолдарын  қарастырады.  Педагогика  ғылымы 
қалыптасып,  дидактикалық  принциптер  анықталған  соң  ХХ  ғасырға  дейін 
барлық  зерттеулер  дидактиканың  тек  оқыту  мен  тәрбиелеу  принциптерін 
жүзеге  асыру  жолдарын  қарастырды  десек  қателеспейміз.  Ал  дамытушылық 
принципті  жүзеге  асыру  жолдары  жан-жақты  қамтылмады.  Ғылымның,  оның 
ішінде  педагогика  ғылымының  дамуының  жаңа  кезеңінде  инновациялық 
бағыттарды  көрініс  тауып  отыр.  Соған  байланысты  жоғарыда  атап  өткен  оқу-
зерттеу  іс-әрекетінің  беретін  нәтижелерін  ескере  отырып,  біз  осы  әрекет 
дидактиканың  дамыту  принциптерін  жүзеге  асырудың  бір  жолы  ретінде 
қарастырып отырмыз.  
    Мектепке  дейiнгi  ұйымдарда  инновациялық  технологияларды  пайдалану 
арқылы  тәрбиешінің  шығармашылығын  дамыту  ерекшеліктерін  қарастыра 
отырып,  осы  іс-әрекеттің  жүзеге  асуына  ықпал  ететін  факторлардың  бірі 
ретінде  танылған  тұлға  –  тәрбиешіге  қатысты  бірқатар  талаптар  мен 
мәселелерді ашу міндетімен қатар олардың бұл жұмысты жүргізуге байланысты 
дайындығы және шығармашылығы қандай дәрежеде болу керек деген сұрақтың 
шешімін  табу  кезек  күттірмейтін  мәселе  деп  ойлаймыз.  Қазіргі  қоғам  жеке 
адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап 


 
147 
етеді.  Өйткені,  адамның  қоғамдағы  алатын  орны,  атқаратын  қызметі,  сол 
қоғамның дамуымен тікелей байланысты.  
    Қазақстан  Республикасының  Орта  білімді  дамыту  тұжырымдамасында  білім 
беру  саласының  ең  негізі  талабы:  кең  дүниетанымдық  көзқарас,  толық 
құзыреттілік,  шығармашылық  әрекетке  бейім  тұлға  қалыптастыру.  Қоғамда 
«орындаушы»  адамнан  гөрі  «шығармшылық»  адамға  деген  сұраныстың  көп 
екендігін  қазіргі  өмір  талабы  дәлелдеп  отыр.  Әсіресе,  білім  саласында  қызмет 
ететін  адамдар,  оның  ішінде  тәрбиешілер  шығармашылықпен  жұмыс  жасай 
білулері керек деген талап қояды. 
    Адамның шығармашылығы-нәтижесінде қандайда бір жаңа, қайталанбайтын 
ерекше туынды беретін әрекет. Ал педагогикалық шығармашылық – педагогтің 
оқу-тәрбие  мәселелерін  жоғары  тапқырлықпен,  ерекше  тиімділікпен  шешуі 
және  оқыту  мен  тәрбиелеудің  теориясы  мен  практикасының  толығуына  үлес 
қосуы. Бұл тәрбиешілерден өте жоғары тапқырлықты, шеберлікті, білімнің жан-
жақтылығын, педагогикалық қызметке деген үлкен ынтаны талап етеді.  
    «Шығармашылық» сөзінің шығу төркінін психолог Л.C.Выготский бойынша 
«шығу», «ойлап табу» және ол жаңалық ашатын іс-әрекет деп түсіндіреді.  
    Педагогтардың  шығармашылық  қабілеттеріне  қатысты  зерттеулер  жүргізіп, 
еңбектер  жазған  зерттеушілер:  Ю.К.Бабанский,  Е.П.Белозерцев,  В.И. 
Загвязинский,  В.А.Кан-Калик,  Н.Д.Никандрова,  Ю.Л.Львова,  В.Н.  Шадриков 
және  т.б.  Аталған  зерттеушілердің  еңбектерінде  педагогикалық  үдеріске 
қатысушылардың  шығармашылық  жұмысына  байланысты  ойлар  айтылған. 
Осыған байланысты В.А.Кан-Калик:  Педагогикалық шығармашылық объектісі 
– тірі адам, оқушы немесе тәрбиеленуші. Бұл шығармашылықтың басқа түрінде 
кездеспейтін,  қайталанбас  жағдай  туғызады.  Шын  мәнінде  мұнда  бір  адам 
өзінің  жеке,  азаматтық  тәжірибесіне  сүйене  отырып,  басқа  адамды  өзгертеді-
дейді. Сонымен қатар педагогикалық шығармашылыққа төмендегідей анықтама 
береді:  педагогикалық  шығармашылық  -  педагогикалық  үдерістің  ең  басты 
шарттарының бірі, мұғалімнің қызметіндегі объективті кәсіби қажеттілік. 
    Ал  В.Ф.Шаталовтың  тәжірибесінде  педагогикалық  шығармашылықтың 
құрылымы жалпы адам шығармашылығының логикасы арқылы анықталады:  
а) ойдың, проблеманың пайда болуы;  
ә) мақсаттарды ойластыру, сезіне білу;  
б) бақылаудың қорытындыларын жинақтау;  
в) қойылған мақсаттарды шешудің тиімді жолдарын анықтау;  
г) шығармашылық үдерістің нәтижесі және бағасы. Егер бұл құрылымды 
педагогикалық  шығармашылық  құрылымына  келтіретін  болсақ,  онда:  а) 
тәрбиешінің оны алдын-ала сезінуін, күрделілігін бағалауын қажет ететін оқыту 
мен  тәрбиелеудің  мәселелері  қойылады.  ә)  аталған  мәселелерге  қатысты 
мақсаттарды  айқындау  қажеттілігі  туындайды.  б)  объектіге  бақылау  жүргізіп, 
ол  туралы  ақпараттар  жинақтау;  в)  мақсатты  жүзеге  асыруда  пайдалануға 
болатын мүмкіндіктердің ең тиімдісі таңдалынып алыну; г) педагогикалық әсер 
етуге талдау жасалынып, ол сыни көзқараспен бағалану.  
    К.С.Станиславский осындағы мақсат қоя білуді маңызды деп санап: «Мақсат 
қоя  білу  -  шығармашылықты  жүзеге  асырудың  ең  басты  міндеті.  Мақсатты 


 
148 
анықтау педагогтің алдына педагогиканың көкжиегін алып келеді» - деп жалпы 
мақсаттардың ішінен негізігісін анықтау керектігін көрсетеді.  
    Өз  кезегінде  В.С.Кукушин  нағыз  педагогті  дайындап,  тәрбиелеп  шығаруға 
болады деген жалпыға ортақ пікірмен келіспейді. Оның ойынша, нағыз педагог-
өзі  дамытып  отыратын  адам.  Сондай-ақ,  тәрбиешінің  қызметіндегі  жағымды 
және жағымсыз жақтарды аша отырып, оның шығармашылықпен жұмыс жасай 
алуын,  сондай  мүмкіндіктің  болуын  оң  позитивтер  қатарынан  көрсетеді. 
Тәрбиешінің  педагогикалық  мәдениетінің  жалпы  құрылымында  кәсіби 
дағдылардан  кейін  шығармашылықпен  жұмыс  жасай  алу  тәжірибесі  орын 
алады.  Автордың  айтуынша  тәрбиешінің  кәсіби  дайындығы,  білімі  мен 
біліктері  оқу  үдерісінің  дұрыс  бағытта  жүруі  тек  шығармашылық  қызмет 
арқылы  жүзеге  асады.  Шығармашылық  біліктер  төмендегідей  мүмкіндіктерді 
қамтиды:  
–тәрбиешінің өз бетімен педагогикалық міндеттерді шеше білуі; 
–балалардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  алатын  педагогикалық 
мақсаттар қойып, оны шешеуде балаларды қызықтыруы; 
–оқыту  мен  тәрбиелеуді  жүзеге  асыруда  оқытудың  дәстүрлі  әдістерінен  басқа 
әдістерді кеңінен әрі үлкен шеберлікпен пайдалана білуі маңызды деп көрсетеді.  
    Мұндағы  тәрбиешінің  педагогикалық  міндеттерді  өз  бетімен  шеше  білу 
қабілеті  оның  берілген  нұсқауларға  жалтақтамай  өзіндік  тәжірибесіне  сүйене 
ортырып,  кез-келген  қиын  жағдайлардан  жол  таба  алуымен  байланысты 
болатын болса, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты 
мақсаттар  қою  тәрбиешінің  өзінен  үлкен  шығармашылық  ізденіс  пен  талапты 
қажет  етеді.  Оқытудың  дәстүрлі  әдістерімен  шектелген  тәрбиеші  оқытудың 
дамытушылық принциптерін толық жүзеге асыра алмайтындығы белгілі.  
    Тәрбиешінің 
шығармашылығының 
дамуына 
жоғарыда 
аталған 
мүмкіндіктермен  қатар  Н.А.Морева  өз  еңбегінде  олардың  тәжірибесін  атап 
өткен  жөн  деп  есептейді.  Өз  іс-әрекетінде  жаңа  жолдар  мен  әдістер  іздеуіне 
оның  тәжірибесі  көп  мүмкіндіктер  туғызады  және    педагогикалық  тәжірибе 
кәсіби  білім,  біліктер  мен  дағдылар  сонымен  қатар  оқытуда  тиімді  нәтиже 
беретін  әдеттерді  қамтиды.  Тәрбиеші  өзінің  кәсіби  білімін  тиімді,  шебер  әрі 
үлкен шығармашылықпен пайдалана алуы керек. Сондай-ақ, кәсіби білім және 
тәрбиешінің  тәжірибесі  педагогикалық  шығармашылықтың  нәтижесінің  тиісті 
дәрежеде болуына ықпал етеді. Тәрбиешінің шығармашылығының жеткілікті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет