Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет65/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

құзіреттілік  түрлері:  инновациялық  технологияларды  пайдалана  білу 
құзіреттілігі,  құндылық  түсінігі  құзіреттілігі,  жалпымәдени  құзіреттілігі, 
танымдық-тәрбиелік  құзіреттілік,  коммуникативтік  құзіреттілік,  әлеуметтік-
қызмет құзіреттілігі, жеке тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзіреттілігі, ақпараттық 
құзіреттілік.  
    Бірінші  кәсіби  құзіреттілікті  жетілдірудің  басым  бағыттарына  инновациялық 
технологияларды  пайдалана  білу  құзіреттілігі  жатады.  Мұнда  білім  беру 
саласындағы  жаңа  технологияларды  тиімді  пайдалану  арқылы  тәрбиелеу  мен 
білім  беру  үдерісінде  қарапайым  ойын-зерттеу  іс-әрекеті  дағдыларын 
қалыптастыруы,  түрлі  тіршілік  проблемаларын  немесе  жағдайларын  сапалы 
және табысты шешу әрекетін қамтамасыз ете алуы, жеке тәжірибеге енген жан-
жақты білімі, икемділігі, дағдысы, қабілеттер жүйесі, кәсіби біліктілік деңгейін 
арттыру  көзделеді.  Осыған  орай,  балабақшада  тәрбиешілерге  жалпы 
әдістемелік  кеңестер  беріліп,  зерттеу  жүргізуді  арнайы  педагогикалық  үдеріс 
тұрғысынан  қарастырады.  Мысалы:  арнайы  сабақтар,  балабақшадағы  ойын, 
еңбек  әрекеттері  түрінде  ұйымдастырады.  Балалар  зерттеуінің  тақырыптары 
қандай  болуы  мүмкін?  деген  сауалға  жауап  іздеп,  зерттеу  тақырыптарын  үш 
негізгі топқа біріктіруге болатынына тоқталдық. 
    Фантастикалық 
тақырыптар–фантастикалық  құбылыстарды  өңдеуге 
бағытталған. Мысалы, бала ғарыш кемесінің жобасын жасайды немесе сиқырлы 
машина жасайды. Бұның бәрі ауызша түрде айтылуы мүмкін, бірақ техникалық 
сурет немесе макет түрінде болуы мүмкін. Картон қағаздан жасалған. 
     Эмпирикалық  тақырыптар-өздерінің  бақылаған  немесе  тәжірибеден  алған 
тақырыптар. Бұл тақырыптар бала әрекетіндегі қызықты және перспективалық 
бағытта.  Әлем  туралы  және  тағы  да  басқа  өздерінің  зерттелген  тақырыптарға 


 
171 
арналған  тәжірибелері  мен  бақылаулары  зерттеу  мақсатындағы  ең  бағалысы 
болып  табылады.  Бұл  зерттеулер  үлкен  тақырыпты  талап  етеді.  Балаларадың 
зерттеу  тәжірибесіне  барлық  практикалық  зерттелетін  заттар  адам,  үй 
жануарлары,  табиғат  құбылыстары,  әртүрлі  жансыз  заттар,  жалпы  айналаны 
қоршаған заттардың барлығын зерттеуге болады. 
    Теориялық тақырыптар - әртүрлі теориялық дерек көздеріндегі материалдар 
мен  фактілерді  талдап  қорытуға  бағытталған.  Бұл  ақпараттарды  басқа 
адамдардан сұрауға немесе фильмдерден, кітаптардан алуға болалы. 
    Қазіргі  таңда  әр  жастағы  балаларға  көптеген  қызықты  энциклопедиялар  мен 
анықтамалықтар басылып шығуда. Осы кітаптар мектеп жасына дейінгі балалар 
мен теориялық зерттеулер жүргізуге ыңғайлы. 
    Мысалы, 
әртүрлі 
анықтамалар 
мен 
энциклопедиялардан 
иттер 
тұқымдарының  тобы  туралы,  өткен  ғасырлардың  желкенді  кемелердің 
құрылғылары жайлы немесе музыкалық аспаптардың тарихы т.б. ақпараттарды 
талдап  қорытқаннан  кейін,  оны  құрбыларына  талқылауға  ұсынуға  болады. 
Әдетте теориялық тақырыптарды мектеп жасына дейінгі тек дарынды балалар 
категориясы  өңдеуді  жақсы  көреді.  Бірақ  барлық  балалар  эмпирикалық  
зерттеулерді  үлкен  ынтамен  өткізеді  және  де  көбі  қызықты  қиялдар  арқылы 
ерекше  ойларды  іске  асырады.  Тақырыпты  таңдау  ережесіне  сәйкес  зерттеу 
тақырыбын таңдаудың бірнеше жалпы ескертпелерін мысалға келтірейік.  
Тақырып таңдау балаға тиісті қызықты, оның елітіп әкетуге тиісті.  
    Зерттеу жұмысы, басқа шығармашылық сияқты ерікті негізде жүргізілсе ғана 
нәтиже береді. Зерттеу нысаны бірдеңені өзіне тартқанда және қызықты болған 
кезде  ғана  туындайды.  Егер  тақырып  балаға  өз  көңілінен  тыс  берілсе,  ол 
қызықты  болып  тұрса  да  баланың  іс-әрекетінен  ешқандай  нәтиже  болмайды. 
Тақырыпты  таңдаудан  бұрын  баланың  қандай  іс-әрекетке  бейімділігін, 
қызығушылығын  біліп  алу  керек.  Ести  білу,  түсіну,  танып білу,  көру,  сезіну  - 
күрделі, бірақ шешуге болатын педагогикалық  тапсырма. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет