172
Жұмыс салыстырмалы тұрғыдан жылдам орындалуы үшін, тақырып соған
сай болуы қажет. Өзінің назарын объектіге ұзақ шоғырландыру қабілеті, яғни
ұзақ уақыт бойы мақсатқа сай бір бағытта жұмыс істеу, мектеп жасына дейінгі
ересек топ балаларының өзінде төмендеу болады. Сондықтан, көбінесе
басталған істің аяғына дейін орындалмай қалғанын байқаймыз (сурет, құрау
және т.б.). Зерттеуді бір мезетте жүргізу өте қиын. Бала табиғатындағы осы
ерекшелікті ескере отырып, бірінші зерттеу тәжірибесін өткізгенде ұзақ
уақытты талап еткізбеу қажет. Сонымен қатар тақырыпты таңдауда мыналарды
ескеру қажет:
Шешім қабылдаудың мүмкіндік деңгейі. Әрине, проблема балалардың жас
ерекшелігіне тиісті талапқа сай болуы қажет. Бұл позиция тек қана проблема
таңдауда ғана емес, жеткізу деңгейіне де байланысты. Материалды таңдау мен
қалыптастырудағы шешімге де байланысты. Сол бір проблема әр жастағы
балаларда, әр оқыту кезеңдерінде әр қалай шешілуі мүмкін.
Тілектер мен мүмкіншіліктер. Проблеманы таңдай отырып, оны шешуге
қажетті материалдар мен құралдар болуын ескеру қажет. «Зерттеу базасына»
қажетті әдебиеттердің болмауы әдетте дұрыс емес шешімдерге әкеліп соғады.
(әдебиеттер тәрбиеші үшін). Дұрыс емес шешімдер «көп мылжыңдықты»
тудырады.Ал бұл көмектеспейді, керісінше шығармашылық ойлаудың дамуына
қарама-қарсы әсер етеді, осы ойлар дәлелді зерттеулер мен сенімді білімдерге
негізделген болуы шарт.
Зерттеу жұмыстарының тақырыптық жоспары
Бала бұрынғы тәжірибесімен қарым-қатынас жасағанда, бейнелі сөйлеген
уақытта, миында
«ақпарат», «білім» болып қалыптасады деп, педагогикалық
психология сендіреді. Олай болмаған жағдайда ертегідегідей «бір құлақтан
кіріп, екінші құлақтан шығып кетеді» - дегендей болады. Сондықтан педагогтар
арнайы жүйенің болуын талап етіп отыр. Бос әурешілікпен оқыту үлкен әсер
бермейді, бұл ой арнайы зерттеулерде қайта-қайта дәлелденген. Зерттеу
жұмыстарын жүйелеу үшін, қосымшада көрсетілген тақырыптарды қолдануға
болады. Бұл тақырыптар өзгертілмейтін жағдайда емес шығармашылықпен
дамытып, толықтырылуы немесе қысқартылуы мүмкін. Біздің зерттеу
тәжірибелеріміз жүйелі, бірізді, баланың жас ерекшелігіне сай түсінікті болу
үшін жүргізілген тәжірибе жұмыстарының нәтижесі ретінде мектепке дейiнгi
бiлiм мазмұнын қалыптастырудағы тәжірибелік зерттеулердің мазмұны және
жүргізілген тәжірибелік зерттеу іс-әрекетінің үлгілерін ұсынамыз. (тақырыптық
жоспары қосымшада көрсетілген).
Тәрбиешінің инновациялық технологияларды пайдалана білу құзіреттілігін
қалыптастыру үшін төмендегідей бірқатар талаптарды нақты шеше алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: