181
«Компьютерден
ақпарат алу»
Үлкендермен бірге компьютерден
материалдар іздейді.
«Бақылау жаса,
байқап қара»
Бақылау жасау жаңа білімді алудың
ең қызықты және лайықты әдісі.
Бақылауға
арналған
әртүрлі
құралдарды:
лупа,
бинокль,
телескоп, микроскоп, түнде көретін
приборлар, дыбысты ажырататын
құралдар т.б. пайдаланады. Бақылау
жасауда
қандай
құралдарды
пайдаланатыныңды
ойланып
алыңдар.
«Телефон
арқылы сұрау».
Достарыңнан,таныстарыңнан,
туыстарыңнан телефон арқылы қажетті
мәліметтерді сұрап біліп алыңдар.
Екінші кезең: «Мектептепалды тобында дербес зерттеулер жүргізу»
Дайындық. Болашақ зерттеушілер үшін бізге бейнелері бар суреттер қажет.
Мысалы, зерттеу үшін салынған немесе жабыстырылған мазмұнды суреттер.
Олардың саны топтағы балалардың санына сәйкес болуы керек. Әр балаға
арнайы «зерттеуші папкасы» қажет. Оны жасау қиын емес. Бір қатты қағазға
қалың қағаздан қалташалар жасау қажет. Әрбір қалташада «зерттеу әдісінің»
сызба
бейнесі
берілді.
Кішкентай
қалташаларға
пиктографиялық
ақпараттарымызды саламыз.
Қысқа хаттар жазу үшін кішкентай қағаз және қаламсап беру керек
(қарындаш немесе фломастер) .
Зерттеуді өткізу. Зерттеудің бұл кезеңіне бүкіл топ қатыстырылады. Бейнелі
суреттерді үстел үстіне жайып қоямыз. Әрбір бала өзіне ұнаған бейнелі суретті
таңдап алады. Сабақта ойын технологиясын (тіл дамыту, айналамен таныстыру
т.б) қолдануға болады. Бірақ бұл жағдайда дайындалған суреттер проблеманы
меңгертумен байланысты болуы қажет. Тақырып таңдалып болған соң әр
балаға ақпарат жинау үшін «зерттеу папкасы» мен кішкентай қағаздар беріледі.
Зерттеу жоспарын айтпай-ақ қоюға болады, өйткені папкаларымыздың кішкене
қалташаларында салынып қойылған. Әрбір бала керекті құрал жабдықтармен
қаруланып болған соң дербес жұмыс жасауға кіріседі. Тапсырма - қажетті
ақпарат жинау, барлық қолайлы мүмкіншіліктерді пайдаланып дербес әңгіме-
баяндау дайындау қажет. Барлығын уақытты созбай-бір сабақта жасауларына
болады. Балалар таңдап алған тақырыптарымен өздері дербес жұмыс жасайды.
Тәрбиешінің мақсаты- зерттеушілерге кеңес беру, керек жағдайда көмек жасау.
Достарыңызбен бөлісу: