178
әлемге әсері, балаларға оны игертуі мен мәдени тұтастықты сезінуі. Бұл
б
ақылау және тәжірибе әдісі арқылы жүзеге асырылады
. Зерттеу жұмысында
әсіресе жанды заттарды бақылап, тәжірибе жасаған тиімді. Балабақшадағы
табиғат бұрышында үй қояндарының кездесуі сирек емес, сондықтан біздің
зерттеушілеріміз үй қоянының мінез - құлқындағы ерекшеліктерін еш
қиындықсыз бақылай алады. Мысалы, мынандай тәжірибе жүргізуге болады:
кірпі қатты дыбыстардан және кенет қозғалыстардан қорқады ма, ол әуенді
жақсы көреді ме, ол немен қоректенеді және тағы да басқа қандай тағамдарды
жақсы көреді, әдеттен тыс нәрселерді жейді ме?
Мектеп жасына дейінгі балаларда өзінің зейінін шоғырландыру қабілеттері
төмендеу, сондықтан ақпарат жинау жұмысын тезірек орындауға тырысу керек.
Егер бастапқы әдіс кезеңдерінде жұмыс дұрыс жүрмесе, ол қорқынышты емес,
тек зейінді шашыратпай, жинақы ұстауға тырысу
керек. Тек, баланың
қолда
барын топтастыруға көмек жасаңыз. Ең маңыздысы жұмыстың бір қалыпта
жүруіне бағыт беріп көмек көрсету керек.
Жетінші
кәсіби
құзіреттілікті
жетілдіру
бағыттарына
ақпараттық
құзіреттілік жатады. Бұл тәрбиешінің балаларға тәрбиелеу мен білім беру
үдерісі аясында, сондай-ақ қоршаған әлем туралы ақпаратты қолдана білу
дағдылары. Түрлі нысаналар (теледидар, үнтаспа, телефон, компьютер) және
ақпараттық технологиялар (бейне, таспа, электрондық почта, Интернет т.б.)
көмегімен ізденімпаздық біліктері қалыптасып, ақпаратты талдау, саралау,
сараптау, сақтау және оны тарата білуге үйренеді.
Бұл материалды талдап
Достарыңызбен бөлісу: