Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет71/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

қорыту  әдісі  арқылы  жүзеге  асырылады.  Енді  жиналған  мәліметтерді  талдап, 
жинақтап  қорыту  керек.  Жиналған  ақпараттарды  кілемнің  үстіне  барлық 
балаларға  көрінетіндей  етіп,  жайып  қоямыз.  Жасалған  зерттеу  қорытындысы  
бойынша  өздеріне  қандай  жаңа    қызықты  жаңалық  ашты  және  осы  туралы 
ойланып не айта алады. Бірінші зерттеу сабақтарында балғын зерттеушілердің 
жинаған  жұмыстарын  талдап  қорыту  үшін  белсенді  түрде  көмектесу  қажет. 
Бала  үшін  бұл  қиын  тапсырма.  Бірақ  та  осы  материал  баланың  ойлау  және 
шығармашылық қабілеттерін дамытады. Бірінші негізгі ойларды ерекшелейміз, 
қосалқы  ойларды  белгілейміз.  Содан  соң  негізгі  ұғымдарға  анықтама  беруге 
талаптануға болады. Бұл жұмыстар ойлау қиындықтары жағынан ғалымдардың 
жұмысынан  ешқандайда  айырмашылығы  жоқ  деп  санауға  болады.  Балалар 
бойындағы  аңқаулық,  аңғалдық,  сенгіштік,  тез  алданғыштығымен  қиын 
тапсымалардың өзінде жеңіл орындайды. 
Сегізінші  кәсіби  құзіреттілікті  жетілдіру  бағыттарына  коммуникативтік 
құзыреттілік  жатады.  Бұл  тәрбиешінің  тілдерді  білу,  айналасындағы 
адамдармен  сөйлесу,  топта  жұмыс  істей  білу  дағдысы,  түрлі  әлуметтік 
рольдерді  меңгеруі.  Баланың  айналасындағы  адамдармен  тез  тіл  табыса  алуы, 
өзін таныстыра білуі, сұраққа жауап бере алуы, әңгімеге қатыса білуі, сипаттап 
айта алуы, сөйлеу мәдениетін қалыптастыра білуі т.б. керек. Бұл хабарлау әдісі 
арқылы  жүзеге  асырылады.  Ақпараттар  талдап  қорытылған  соң,  ойынды 
жалғастыру  керек.  Кішкентай  зерттеушілерімізге  академиялық  бас  киім  мен 
мантияны кигіземіз. Ойын жағдайы балалардың кейіпкерге енуіне үлкен ықпал 
жасайды.  Зерттеушілер  «Кірпі»  -  туралы  әңгімесін  хабарлайды.  Әлбетте, 


 
179 
ұсынылған ақпараттың мазмұны мен маңыздылығы жалпы бала даму деңгейіне 
тәуелді.  Хабарлау  оқыту  мен  дамытуға  маңызды  қызмет  етеді.  Алғашқыда 
әңгіме,  әдетте  ұзақ  болмайды,  бірақ  зерттеудің  тәжірибесі  артқан  сайын, 
ақпарат көздері көбейе түсті. Әңгіме мазмұны тереңдей түсті. Зерттеушілердің 
әңгімесінен  кейін  талқылау  жасалып,  тыңдаушыларға  сұрақ  қою  мүмкіншілігі 
берілдеді. Талқылау өте жауапкершілікті және педагогикалық шеберлікті қажет 
етеді.  
    Бір қарағанда, мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеу жүргізу кезеңдері, 
көптеген  ұстаздардың  тәжірибелік  жұмыс  жасауда  қорқынышты  және  күмән 
келтіреді.  Бұл  қорқыныштар  мен  күмәндар  балалармен  шынайы  зерттеу 
жұмыстары  басталған  кезде-ақ  сейіле  бастайды.  Зерттеуді  жеңілдету 
мақсатында кейбір кезеңдерді қысқартуға болады, белгілеп қоюға болады. Осы 
кезеңдерге  қарай  отырып,  педагогикалық  жұмыстың  нәтижесін  біріктіреді. 
Сайып  келгенде,  біздің  әдістемелік  жұмысымыз  төмендегідей  қарастырылды: 
«Мектеп жасына дейінгі балаларға әрбір кезеңді қолайлы ету үшін не істеуіміз 
керек?»  Балаларға  зерттеу  сабағының  әдістерін  таныстыру  үшін  2-3 
фронтальдық  жаттығу  сабақтары  топпен  өткізілді.  Бірінші  кезең:  «Жаттығу 
сабақтары»  Сабаққа дайындық. 
     «Зерттеу  әдістеріне»  арналған  белгілері  бар  суреттер  қажет.  Бұл  суреттерді 
қатты  қағазға  жапсырып  көрсетуге  болады  және  соған  фломастермен  немесе 
түрлі түсті оракалдан, қағаздан бейнелерді салу керек. Әрбір суреттердің көлемі 
сурет  дәптерінің  жарты  бөлігінен  кіші  болмауы  керек.  Қатты  қағаздан  осы 
көлемдес бейнесі бар кішкене тақырыптық суреттер дайындау қажет. Ол үшін 
қатты  қағазға  жануарлардың,  өсімдіктердің,  көліктердің,  ғимараттардың, 
әртүрлі  мазмұндағы  суреттерді  жапсырып  дайындап  қоюға  болады.  Зерттеу 
жүргізу. 
     Балаларды  кілем  үстіне  шеңбер  жасап  отырғызып,  балалар  бүгін  біз 
сендермен  үлкендер  сияқты  өз  бетімізше  дербес  зерттеу  жұмысын  жасаймыз. 
Зерттеу  жұмысының  кезеңдерін  көрсету  үшін  (өз  еріктерімен)  екі  бала  қажет. 
Олар  зерттеу  жұмысының  бірінші  кезеңінен  ең  ақырғы  кезеңіне  дейін 
орындайды,  ал  қалған  балалар  әзірше,  алғашында  көрермен  ретінде  қатысып 
отырады, екі баланың іс-әрекетіне бақылау жасайды. 
     Сайланып  алынған  екі  зерттеуші  бала  бүгінгі  зерттеу  жұмысының 
тақырыбын  таңдайды.  Балалар  тақырыпты  таңдауы  үшін  алдын-ала 
дайындалған, зерттеу тақырыптарына арналған, мазмұнды суреттерді балаларға 
ұсынамыз.  Тәрбиешінің  бағыттауымен  аз  ғана  талқылаудан  соң  балалар,  бір 
ғана  тақырыпқа  тоқталады.  Балалардың  зерттеу  жұмысына  таңдап  алынған 
тақырыптағы суретті ғана алып қалып, қалған ұқсас суреттерді  уақытша  алып 
қою  керек,  ал  таңдап  алынған  суретте  шеңбер  жасап,  отырған  балалардың 
ортасына  қоямыз.  Мысалы:  балалар  кірпінің  суретін  таңдады.  Зерттеу 
жұмысының тақырыбы: «Табиғат бұрышындағы кірпі». Біз зерттеушілерімізге 
түсіндіруіміз керек, олардың тапсырмасы кірпі туралы әңгіме дайындауы қажет. 
«Кірпі» туралы барлық ақпараттарды жинап, оны өңдеу қажет. Ол үшін не істеу 
керек?  Блалар  үй  жануарлары  мен  жабайы  жануарлар  туралы  мәліметтер 
жинақтайды.  Олардың  өзіндік  ерекшеліктерін  салыстырып  қарап,  кірпі 


 
180 
жайында  жаңа  мәліметтермен  қаруланады.  Кірпінің  суретің  салуда  қандай 
құралдар  арқылы  бейнелеуге  болатынын,  мүсін  жасауда  немесе  табиғи 
материалдарман  бейнелеудің  жолдарын  ойластырады.  Тәрбиеші  осылай 
орындаңдар  деген  нұсқау  бермейді,  керісінше  балалардың  өздігінен  дербес, 
шығармашылықпен әрекет етуіне жағдай жасайды. 
     Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  үшін-бұл  қиын  жаңа  іс.  Тәрбиеші  ақпарат 
жинау  үшін  әртүрлі  әдістің  түрлері  бар  екенін  айтуы  керек.  Біз  ол  үшін, 
балаларға  түсінікті  және  қолайлы  жеңіл  әдістерді  қолданамыз.  Осы  кезең  өте 
маңызды, сондықтан тәрбиеші балалардың өздері тауып айтуына байқау жасап, 
көңіл  бөлуі  керек.  Мұны  әдеттегідей  проблемалық  сұрақтардан  бастаймыз. 
Мысалы: «Ең біріншіден біз не істеуіміз керек?» 
     «Қалай ойлайсыңдар ғалымдар зерттеулерін неден бастайды?» Бұл сұрақтар 
сайланып алынған екі балаға ғана емес, барлық балаларға  да арналған. Балалар 
әртүрлі  нұсқаларды  ұсына  бастайды.  Балаларға  ең  алдымен  ойлану  керектігін 
айту  керек.  Балалардың  ұсынған  пікірлері  жоқ  болса,  онда  балаларға  естеріне 
түсіріп  сыбырлап  айту  немесе  жасырып  айту  қажет.  Барлығымыз  осымен 
келіскен  кезде,  зерттеушілердің  алдына  кілемге  «Дербес  ойлану»  белгісін 
қойып, оны түсіндіреміз. Осылайша төменде ұсынылған әдістермен балаларды 
таныстырып,  өздері  зерттеуге  ден  қойған  тақырыптары  бойынша  жұмыс 
жүргізуге бағыт беріледі. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет