62
асты шағымдап жасауға болады. Міне, осылай тамаққа
кететін шығынды азайтуға болады.
2. Егерде асқазаны қалап тұрғандай көбірек тамақтанатын
болса, адам миы артық тамақтанып,
осының кесірінен
болашақта денсаулығына зиян келуі мүмкін.
3. Егерде тиімді тамақтанып, артық тағам қалдырмаса,
онда мұндай әрекет өзіндік бір дағдыға айналуы мүмкін.
Ал, дағдылар бізге белгілі болғандай адамның мінезін,
мінез-тағдырын анықтайды.
Бірінші себеп, 1980 жылдары нан бағасы өте төмен
болғандықтан нанға деген құрмет жеңіл-желпі болып
көрінді.
Екінші себеп, адам ағзасы бойынша қосымша
білімді талап етті. Себебі, сол кездердегі автордың асқазан
мен ми арасындағы байланыс жайлы бар білетіні: асқазан
жұмыс жасамаған кезде ми тек қана тамақ туралы ойлайды
дегенмен шектелетін еді. Үшінші себеп, әлдеқайда
шындыққа жақын еді. Тамақты
қалдырмау дағдысы
басқа да кез-келген ісінде әсер етуі мүмкін. Мысалы:
үй жұмыстарын ақырына дейін жасау, кітапты соңына
дейін оқу және де жаңа, қызық дүниелерді толыққанды
түсінуге тырысу. Мұндай әрекет балалардың өзіндік
перфекционизмін, жүйелілікті,
бар ресурстарды тиімді
пайдалану сияқты қасиеттерін дамытуына жәрдемдеседі.
Бәлкім, автордың қателесуі де мүмкін. Мұндағы құпия
дәстүрлік, белгісіз, түсіндіруге келмейтін уақытпен
тексерілген дүниелерде жатқан болуы да мүмкін. Бәлкім,
қандай да бір түсініктеме іздеудің де қажеті жоқ шығар.
Өйткені, әжеміз айтқан екен, тамақты тауысып жеуіміз
қажет. Ал, байлық… өзі келеді. Мұндай сенім 1930-шы
жалдардағы ұжымшылдық кезеңіндегі
қазақ халқының
63
басына түскен «Атақты ашаршылық» жылдарында пайда
болып, кейін келе халықтың мәдениетіне енісіп кетуі де
әбден мүмкін.
Автор ақыры бай болып кеткен жоқ. Алайда, оның ата-
әжесінің даналығы мен аргументтеріне деген ризашылығы
шексіз. Ол аман-есен,
дені сау, жұмыс жасауда. Ал, бұл
нағыз байлықтың дәл өзі. Сонымен қатар, ол дәлелдері
күмәнді немесе қорытындысы ешбір дәлелге сүйенбеген
аргументтерді критикалық ойлау әдетін қалыптастырды.
Ал, бұл әдеттер өте пайдалы болып шықты. Елестетіп
көріңізші, Сіздің болашақ «бастығыңыз», әрине, сізден
нанның қоқымын тауысып жеуіңізді сұрамайды,
Сізге
қомақты қаржы уәде ете отырып, әр күн сайын қосымша 4
сағат жұмыс жасауыңызды сұрайды. Бұл жерде Сіз өзіңіздің
қосымша жұмысыңыз қай тұрғыдан Сізге қомақты қаржы
алып келетіндігін нақтылау мақсатында қосымша сұрақ
қойғыңыз келеді. Сіз қандай да бір қосымша келісім-шарт,
немесе ең болмағанда Өзіңіз
қатысқалы отырған оқиға
сценарийінің дамуы жайлы білгіңіз келетіндігі анық.
Мұндай жағдайлар көп кездесуі мүмкін. Ал, енді өзіміздің
іс-әрекеттерімізде логика мен анықтылыққа жетуде
және аргументтерді бағалауға дайын болу үшін талқылау
кезіндегі қателіктердің сан алуан түрлерін қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: