Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру



Pdf көрінісі
бет29/86
Дата04.04.2022
өлшемі3,31 Mb.
#29739
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86
Байланысты:
Критикалық ойлау негіздері KZ 27-08-2014

Бейтараптық
Пікір таласқа қатысушы адамдар шартқа сәйкес пікір
таласқа  қатысты  сұрақтар  бойынша  ақпараттардың
қайнаркөзі  болып  табылмайды.  Кейде  мұндай  адамдар
мүлдем  шындықты  айтпауы  мүмкін.    Қылмыстық
іс  кезінде  кінасы  толық  дәлелденген  уақытқа  дейін
айыпталушы  кінәсіз  деп  саналады.  Солай  болған
күннің  өзінде  біз  бұл  тұжырымға  әділ  куәгерлердің
айыпталушының  кінәсыз  екендігін  растамайынша
сене  алмаймыз.        Бірақ,    тіпті  айыпталушы  өз  кінәсін
мойындап,  ақиқатты  айтып  тұрса  да  көп  жағдайда  бұл
жеткіліксіз болады. Адамдар өздері қалаған нәрсенің бір
бөлігін  шынайылық  деп  қабылдап,  соны    көруге  дайын
тұрады.  Адамдар  өз  көзқарастарына  сәйкес  келетін
ақпараттарды  ғана  есте  сақтап,  әрі  қарай  таратады.


68
Немесе ақпараттың олар үшін белгілі бір пайдасы болуы
қажет.  Егерде  дәлелдер  оның  көзқарасына  қарама-
қайшылық  тудырып  жатса,  ұтымдылықты  көздейтін
адамдар  өз  халдерін  жұмсартып,  шындықтың  өздеріне
қауіпсіз болатын түрін ғана жеткізеді.
Егерде Сізді мектептегі оқу бағдарламасының тиімділігі
қызықтыратын  болса,  мектеп  директорының  пікіріне
сенім  артпағаныңыз  дұрыс.  Егерде  Сізге  Ботсванадағы
денсаулық  сақтау  саласындағы  жағдай  бойынша
объективті  ақпарат  қажет  болса,  онда  Сізге  ең  алдымен
Ботсвана Денсаулық сақтау Министрлігіне хабарласудың
қажеті  жоқ.  Егерде  Сіз  гауһар  сатып  алғыңыз  келсе,  онда
Өзіңізге  арналған  сатушының  мақтауларына  аса  сенбеуге
тура  келеді.    Теориялық  тұрғыдан  алып  қарағанда,
сатушының  айлық  жалақысы  немесе  жұмысы  көбінесе
сатылымның  көлеміне  қарай  болғандықтан,    өз  тауарын
әділдікпен сататын сатушыны кездестіру өте қиын.
Ақпарат  көзі  әділ  болуы  керек.  Тауарға  қатысты
мұндай ақпараттың қайнаркөзі ретінде әртүрлі тауарлар
шолуларын  жасайтын  тәуелсіз  сайттар,  журналдар  бола
алады. Адам (немесе ұйым) шешілетін мәселеге қатысты
қандай  да  бір  әдейі  шешім  қабылдамайтын  болған
жағдайда  ғана  ақпараттың  объективті  қайнаркөзі  бола
алады.    Мысалы,  егерде  ата-ана  мектепте  өз  баласының
ұстазы болатын болса, бұл ұстазға өз баласына әділ қарау
өте қиынға түседі. Бұл мұғалім алдын-ала балаға жоғары
баға  қоюды  немесе  керісінше,  өз  беделіне  нұқсан  келеді
деген  ниетпен  төмен  баға  қоюды  шешіп  қоятындығы
жөнінде  ықтималдық  бар.  Қалай  болғанда  да  мұндай
жағдайлар      мұғалімге  де,  оқушыға  да  пайда  әкелмесі
анық.  Осыған  қарама-қарсы  мысал  қарастырар  болсақ:
Хирург үшін өз баласына ауыр ота жасау өте қиын. Себебі,


69
ота  жасау  суық  қандылық  пен  нақты  ойын  жинақтауды
талап етеді.
Тақырып бойынша жұмбақ:
Джон  дейтін  кісі  өзінің  баласы  Иннокентиймен  бірге 
машинада  келе  жатты.  Олардың  көлігі  апатқа  ұшырады. 
Әкесі сол жерде қаза табады. Ал, баласы ауыр халде жақын 
маңдағы  ауруханаға  жеткізіледі.  Зардап  шегушіні  көрген 
кезде  хирург  бозарып  кетті  де:  «Мен  оған  ота  жасай 
алмаймын. Бұл менің ұлым ғой!» - деді.
Сіз мұны қалай түсіндіре аласыз? 
Күні  бұрын  ойластырып  қойған  қарым-қатынас
адамдардың  статистикалық  және  басқа  да  мәліметтерді
бұрмалап,  қалаған  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  ең  жақсы
көрсеткіштерге нұқсауларына жол береді. Мысалы, Х атты
бір ел көрші мемлекеттерге қарағанда өз оқушыларының
жоғары
білім
дәрежесімен
мақтанғысы
келеді.
Мәліметтерге көз салсақ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет