70
Z (10%) елдерінен әлдеқайда төмен болып отыр. Х елінде
жыл сайын барлығы 10 000 000 оқушы бітіреді екен. Х
елінің Үкіметі үшін пайыздар жайлы үндеместен, үздік
оқушылардың абсолюттік санымен мақтанған тиімдірек
болып отыр (Ү елінің 250 000 оқушысымен салыстырғанда
толық 300 000 оқушысы бар!).
Сізге қажетті ақпарат көзі болып отырған ұйым
немесе адамның расымен де
тәуелсіз екендігіне көз
жеткізіңіз. Олардың қаржы көздерін, басқа да басылымға
шыққан материалдарын, сонымен қатар ұсынып отырған
ақпаратты берудегі мақсаты мен салмақтылығын тексеріп
алыңыз. Ең болмағанда Сіз өзіңізді әлеуеттік түсініксіз
ақпараттарды үзіп алып беруден
сақтауға тырысуыңыз
қажет. Сіз критикалық ойлаушы жансыз немесе солай
болғыңыз келетіндігін әрдайым есте сақтаңыз. Сондықтан
да ақпарат көзіне қатысты өзіңіздің жеке негізделген
шешіміңізге сүйенуіңіз қажет.
Нақтылау
Бедел ретінде сарапшылардың бірін немесе ұйымның
сөзін келтіруден бұрын, Сіз басқа да
біліктілігі мен әділдігі
бұдан кем емес адамдар немесе ұйымдардың сіз келтірген
қайнаркөзді қолдайтындығына сенімді болып, тексеріп
алуыңыз қажет. Ақбөкен қорғау бойынша альянстың
(Saiga Conservation Alliance) ең бір мықты жағын айта
кетер болсақ, олар көбінесе
тәуелсіз жаңалық беруші
ұйымдардың хабарламаларымен нақтыланып отырады.
Нақтылауды қолдану мәселесі бүгінгі таңда интернет
кесірінен қиындап келеді. Себебі, кез-келген ақпарат нақты
немесе нақты болмаса да адамдар арқылы, сонымен қатар
71
бағдарламалар арқылы да әртүрлі түрдегі порталдарда сәт
сағатта «көшірмелері» жасалынады.
Ad hominem (Жеке басына тиісу)
Өкінішке орай, пікірталас
кезінде адамдар кейбір
кездерде жеке басына тиісіп кетіп жатады. Мұндай тәртіптің
негізгі себебі дұрыс пікірталас жүргізу үшін қажетті
аргументтердің, білім мен дағдыларын жетіспеушілігі
болып табылады. Мысалдарды қарастырайық:
Саня:
«Дима маған еңбек нарығында экономистердің көп
болуына орай, экономист мамандығына оқуға түспеуімді
ұсынып отыр.»
Ваня:
«Тыңдайтын адамды тапқан екенсің! Сен не,
Диманың университет жылдары кезінде аздап арақ
ішкендігін білмейтін бе едің?»
Саня өз ойын аргументпен келтіріп отыр. Шындығында,
егерде еңбек нарығында экономистер расымен де өте
көбейіп кетсе және бұл үрдіс
жалғаса беретін болса, онда
экономист мамандығын оқу үшін себеп айтарлықтай
салмақты болуы керек. Диманың аргументтерін жоққа
шығарып, Саня айтқандай экономика саласы бойынша
мамандану пайдасына орай қандай да бір дәлел келтірудің
орнына Ваня Диманың беделіне күмән келтіре бастайды.
Бәлкім, Дима студент кезінде расымен
арақ ішкен болуы
керек. Алайда Диманың қандай да бір жерден еңбек нарығы
туралы мақала оқып өз ой пікірімен Санямен бөлісуіне
ешкім де кедергі келтіріп тұрған жоқ.
Әсіресе саясат пен бизнесте адамдар үнемі
ad homi-
72
nem-ге қарай жүгіретіндігін мойындауымыз қажет. АҚШ-
тағы президенттік сайлау кезінде телеэфирдің сегізден бір
бөлігі әртүрлі ток-шоу мен президенттікке үміткерлердің
жеке өмірлерін талқылаудан босамайды. Барлығы
талқыланады: ата-анасы,
әдеттері, балалары, киімдері,
мектеп жылдары, тіпті, президенттікке үміткерлердің үй
жануарлары да талқыланады. Әрине, мұндай көзқарас
үміткерлердің басқару дағдыларын, білімін,
елді өзгертуге
деген ұмтылысын және басқа да адами қасиеттерін қажет
емес ақпараттардың жауып тастайтындығына алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: