ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
А. Аргументтерді анықтауға арналған жаттығулар
1. «Бактериофаг» ресторанында тамақтануды өте-өте
құптамаймын… Менің естуімше, олар санитарлық-
эпидемиологиялық бақылаудан өтпейтін көрінеді
2. Қайрат Нұртас – ең мықты әнші. Болды.
3. Мен 200 үнді киносын көріп шықтым. Осы кинолардың
барлығында дерлік әртістер билеп жүр.
4. «Еліңіз сіз үшін не істей алады деп сұрамаңыз, Елім үшін
мен не істей аламын деп сұраңыз». Джон Ф. Кеннеди
5. Сергей ағылшын тілінің тестісін өте жақсыға тапсырды.
Сондықтан да ол енді Англияға оқуға кете алады.
6. «Адам - адамға қасқыр».
7. Арчибальд өзіне атжалман сатып алуы керек. Егерде ол
бұны жасамаса онда атжалманның рөлін өзі орындауға
тура келеді. Оның бұл рөлді қаламайтыны анық.
Б. Қорытынды мен себептерді анықтауға арналған
жаттығулар
1. Машина жүргізу үшін Берік айтарлықтай мұқият емес.
Оның үстіне бүгінде бізде машина сатып алу үшін артық
қаржымыз жоқ. Сондықтан Берік үшін автокөлік сатып
алудың қажеті жоқ.
2. Сенің тісің ауырып тұр да, сен өзіңді нашар сезінудесің.
Ендеше, саған тіс дәрігеріне бару керек.
3. Бір мезетте қазақстандық фильмдердің сапасына
шағымдана отырып, олардың заңсыз көшірме
нұсқаларын көшіруге болмайды. Бәлкім, отандық
кинолардың сапасына дәл осындай заңсыз көшірме
56
нұсқаларының кесірінен нұқсан келіп отырған шығар.
Себебі, фильмнің әрбір заңсыз көшірме нұсқасы -
продюсер үшін желге ұшқан қаражат болып есептеледі.
4. Әдебиеттерді
оқу
басқа
адамдарды
түсінуге
жәрдемдеседі. Осыған орай, ерте жастан бастап әдебиет
оқуды ұсынамын.
5. Шылым шегуге тиым салу жетістікпен аяқталған жоқ.
Алкагольге тиым салу да осындай сәтсіздікке ұшырады.
Ал, енді парта астына сағыз жапсыруға тиым салу
ешқандай жақсылыққа алып келмейді.
6. Ауаның ластануы биылғы жазда адам айтқысыз жоғары
деңгейде болып отырғандығын есептей келе, тауға
саяхаттаушылар санының айтарлықтай өсетіндігін күте
берсек болады.
7. Шынтуайтында жақын болашақта қолма- қол ақша
қолданатын адам саны өте аз болады. Карточкалар
мен цифрлық валюталар төлем жасаудың әлдеқайда
ыңғайлы тәсілі болып отыр.
В. Аралық қорытындыларды анықтауға арналған
жаттығулар
1. Құрметті қазы! Менің қорғалушым тез арада босатылуы
керек. ҰБТ тапсырған кезде дәл менің қорғалушымның
қалта телефонын қолданғаны туралы ешбір айғақ жоқ.
Қалта телефонның экранында қалған саусақ таңбасы
менің қорғалушыма тиесілі емес.
2. Мен Бауыржанды жұмысқа алмаймын. Ол жабық
кеңістіктен
қатты
қорқатындықтан
оның
клаустрофобия болып отырғандығы анық. Ол біздің
кішкентай дүңгіршегімізде отырып, жұмыс жасай
алмайды.
57
3. Екі+ үш = бес. Яғни, үш + екі = бес. Осыған сәйкес, бес –
екі = үш.
4. Иван мектепті «Алтын белгімен» бітіргендіктен, жақсы
университетке оқуға түсуі керек. Болашақта Иван
жақсы жұмыс таба алады.
5. Алена үнемі тек қана мысыққа тамақ алады. Бұл
дегеніміз оның мысығы бар екендігін білдіреді. Және
де бұл оның иті жоқ екендігін де көрсетіп отыр. Ендеше,
ол «Ауыз үйдегі ит» фильміне емес «Етіктегі мысық»
фильміне баратын болу керек.
6. Сережада жаңа велосипед пайда болды. Яғни, Сережада
артық ақшасы бар деген сөз. Ендеше ол менен алған
қарыз ақшасын қайтаруы керек.
7. Қазақстан футбол құрамасындағы ең мықты ойыншы
ертеңгі ойынға қатыса алмайды. Негізгі голдарды ол
кіргізетін еді. Меніңше, бұл ойында біз жеңіліс табамыз.
Олай болса, ертең футбол көруге бармай-ақ қойсақ та
болады.
Г. Аргументтердің құрылымын анықтауға арналған
жаттығулар. Аргумент құрылымында қорытынды қайда
орналасқан?
1. Физиктердің барлығы математиканы жақсы біледі.
Ернұр – физик. Ендеше, ол ықтималдық теориясын
жақсы түсінуі керек.
2. Баграт күресте Асылбекті жеңе алады. Бұған дейінгі
барлық күрестерде Баграт жеңіске жетіп келген.
3. Лас-Вегасте казинолар өте көп. Казиноларды көрген
кезде Диманың басы ауырады. Егер ол Лас-Вегаске
баратын болса, онда ол бас ауруының дәрісін алып
жүруі керек.
58
4. Арын өз телефонын жоғалтып алғанға ұқсайды. Әдетте
ол өте мұқият, үнемі белгіленген уақытта телефон
шалатын еді.
5. Ғалымдар шылымның зияны жайлы пікір таластыруда.
Алайда, шылым шегу зиянды екендігі сөзсіз. Мен
мұны марафонда жүгіре алмай қалған өз тәжірибемде
түсіндім.
6. Руми керемет ақын болып еді. Сондықтан да оны әлі
күнге дейін оқиды.
7. Жалқау болуға болмайды. Егерде сенбесеңіздер ата-
аналарыңыздан сұраңыздар. Бұл – факт.
Д. Жорамал мен болжамдармен жұмыс бойынша
жаттығулар. Берілген агрументке қажетті болжамды
анықтаңыз. Берілген агрументпен келісесіз бе?
1. Баланың жынысын таңдау мүмкіндігі ең соңында, өте
маңызды салдарға алып келеді. Өздеріне жұп таба
алмаған еркектер саны айтарлықтай өсіп кетуі мүмкін.
2. Жиырма жыл бұрын басқа елдерге демалуға баратын
қазақстандық туристер саны бүгінгі күнгі өте көп
туристер санымен салыстырғанда түкке тұрғысыз
еді. Басқа елдерге жол жүру сол кезде де және қазір
де қымбат рахаттылық болып келеді. Осыдан келіп,
орташа есеппен қазақстандықтар жиырма жыл
бұрынға қарағанда молырақ ақша таба бастады деп
қорытындылауға болады.
3. Айнұр Алакөлден келді. Ендеше, ол жақсы жүзеді.
4. Аянат мультфильм қарауды жақсы көретіндіктен, оған
Диснейлендте болған қатты ұнайды.
5. Бұғылар қалың орманды мекендейді. Бурабайда қалың
орман көп. Ендеше, Бурабайда бұғылар бар деп сенімді
59
түрде тұжырым жасауға болады.
6. Сен мені «тасбақа» деп атадың. Ендеше, сен мені ақырын
қимылдайды деп санайтын болуың керек!
7. Ол неміс тілінде сөйлемейді. Ендеше, мен оны неміс
ұлтынан деп ойламаймын.
60
3
Аргументтерді
бағалау
61
Аргументтерді бағалау… Біз кітаптар мен газеттерден
оқығандарымызды, сарапшылар мен үлкендерден есті-
гендерімізді, теледидар мен фотолардан көргендерімізді
шындық деп қабылдап үйреніп кеткенбіз. Алайда, бұл
дұрыс па? Бәлкім, барлық келіп түсетін ақпараттарды
өзіңіз үшін бағалап, сүзгіден өткізіп, қайсысының шындық,
қайсысының шындыққа жақын екендігін, ал қай ақпардың
нағыз өтірік екендігін немесе бұрмалауға тырысатындығын
анықтаудың мәні бар шығар? Критикалық ойлау кезінде
аргументтерді бағалау қате талқылауды анықтап, оларды
дұрыстауға және өзара түсіністікті жақсартуға белгілі бір
дәрежеде себін тигізеді. Бұл бөлімде қате талқылаудың
сан алуан түрлері, оларды бағалау тәсілдері мен басқа
да сұрақтар нақты мысалдар арқылы қарастырылатын
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |