ЕТІСТІКТЕН ТУҒАН СӨЗДЕР
Етістіктің түпкі түрі сабақты һәм салтаң етіс. Осы екі
етістің түбіріне түрлі жұрнақтар жалғанып, түрлі сөздер туады.
Етіс жұрнақтар: 1. Бір етістен екінші етістік сөздер туғызады.
2. Етістерден басқа есімдік сөздер туғызады. Сабақты етіс пен
салтаң етістен басқалары туынды етіс.
Туынды етістердегі жұрнақтар:
1. «-с» жұрнақ (ұр–ұрыс, күре–күрес, соқ–соғыс)
2. «-н» жұрнақ (жу–жуын, тара–таран, бақ–бағын)
3. «-дыр» (-тыр) жұрнақ (қаз–қаздыр, қал–қалдыр, айт–айт-
тыр)
4. «-қыз» (-ғыз, -кіз, -гіз) жұрнақ (жатқыз, барғыз жеткіз,
бергіз)
5. «-л» жұрнақ (ас–асыл, жек–жегіл)
6. «-т» жұрнақ (құла–құлат, ер–ерт, құры–құрт).
7. «-тыр» жұрнақ (құла–құлаттыр, сұра–сұраттыр, күре–
күреттір).
8. «-стыр» (ұр–ұрыстыр, соқ–соғыстыр, күре–күрестір).
9. «-қыла» (-ғыла, -кіле, -гіле) жұрнақ (шап–шап–қыла, жу–
жуғыла, кес–кескіле, тіл–тілгіле).
10. «-ыңқыра» -(іңкіре) жұрнақ (ал–алыңқыра, барың–қыра,
беріңкіре, жүріңкіре). Бұлар етіс жұрнақтары деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |