Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет116/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

Нықтаулық  үстеу  дейміз  –  басқа  сөздердің  мағынасын 
нығыздау үшін айтылатын сөздерді. Мәселен: ең жақсы, бек 
нашар,  әбден  қанды,  тым  шабан,  өте  тығыз,  тіпті  қысқа, 
тaп  өзі,  нақ  сол,  нағыз  арзан,  дәл  тиді,  дөп  келді,  дәлме-дәл 
он  кісі,  хас  жаман,  қасақана  айтты,  әдейі  айтпады,  жүдә 
шаршады,  тікелей  қоя  берді,  әсіресе  мақтағаны.  Көбінесе 
қарап  отырғаны.  Осындағы  ірі
30
  харіптермен  жазылған 
сөздер нықтаулық үстеу болады. Бұлардан басқа да сөздердің 
мағынасын  күшейтетін,  нықтайтын  сөздер  нықтаулық  үстеу 
бо лады.
Дағдыландыру.  Осындағы  нықтаулық  үстеулердің  қа-
сындағы  сөздердің  орнына  лайық  басқа  сөздерді  қойғызып 
айтқызу һәм жазғызу.
2. СЫНАУЛЫҚ ҮСТЕУ
Сынаулық үстеу дейміз – істің сынын көрсететін сөздерді. 
Сынаулық үстеу болатын – зат есім, сын есім, есімдік, етістік 
сөздер.  Бұлардың  үстеу  екен-еместігін  сұраудан  айырамыз. 
Сынаулық үстеу сұрауы: қалай? қалайша? Осы сұрауға жауап 
болмаған сөз үстеу болмайды.
Жақсы оқиды, жаман жазады, сыбай қонады, жаяу жүреді 
дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жауап болып 
30
 
Қазіргі ирек шрифтпен берілген сөздер (Құраст.)


195
тұр (оқиды қалай? – жақсы, жа зады қалай? – жаман, қонады 
қалай?  –  сыбай,  жүреді  қалай?  –  жаяу).  Бұлар  үстеу  орнына 
жүретін сын есімдері.
Шалқасынан түсті, етбетінен құлады, орысша айтуы, адам-
ша сөйледі дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға 
жауап болып тұр (түсті қалай? – шалқасынан, құлады қалай? 
–  етбетінен,  сөйледі  қалай  –  адам ша).  Бұлар  үстеу  орнына 
жүретін зат есімдер.
Екі-екіден  бөлді,  үш-үштен  алды,  төрт-төрттен  қойды, 
он-оннан  санады,  жиырмадан  үлестірді  дегенде  ірі  жазылған 
сөздер  қалай?  деп  сұрағанға  жауап  болып  тұр  (бөлді  қалай? 
–  екі-екіден,  алды  қалай?  –  үш-үштен,  қойды  қалай?  –  төрт-
төрттен, санады қалай? – он–оннан, үлестірді қалай? – жиыр-
мадан). Бұлар орнына жүретін сан есімдер. 
Олай айтпады, солай сөйледі, бұлайша етпелік, сеніңше бол-
сын, біздерше ойламапты дегенде ірі жазылған сөздер қалай? 
қалайша? деп сұрағанға жауап болып тұр (Айтпады қалай? – 
солай, сөйледі қалай? – солай, етпелік – қалайша? – олайша, 
болсын қалайша? – сеніңше ойламапты қалайша? – біздерше). 
Бұлар үстеу орнына жүретін есімдіктер. 
Саулап  жанды,  жантайып  жатты,  еңкейіп  қарады,  еңіреп 
жылады дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жау-
ап болып тұр (жанды қалай? – саулап, жатты қалай? – жантай-
ып, қарады қалай? – еңкейіп, жылады қалай? – еңіреп). Бұлар 
үстеу орнына жүретін етістіктің көсемше түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет