208
Ішкі белгісінше
алыспақ, атыспақ, оқу, жығылған бастау-
ыш болады (солар туралы сөйлеп отырмыз) Тысқы белгісінше
де бастауыш болатын сол сөздер не жоқ? – алыспақ, не бар –
атыспақ, не оңайланды? – оқу, кім күреске тоймас? – жығылған.
Алыспақ, атыспақ етістіктің тұйық райындағы сөздер, оқу
мен жығылған етістіктің есімшеге айналған түріндегі сөздер.
Алтыншы, бастауыш болатын –
үстеу жана
үстеу ор-
нында жүретін сөздер. Мысалы:
Әрі алыстатады, бері
жақындатады, шапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді.
Бұл сөйлемдерде
әрі, бері, шапшаң, соңыра туралы сөйленіп
тұр. Бұлар бастауыш болу керек. Бұл ішкі белгісінше, не алы-
статады? – әрі, не жақындатады? – бері, не асықтырады? –
шапшаң, не кешіктіреді? – соңыра. Сұрау бойынша да немесе
тысқы белгісі бойынша дегенде де
әрі, бері, шапшаң
32
,
соңыра
деген сөздер бастауыш болады.
Бұл төрт сөздің төртеуі де не үстеулер, не үстеу ор нына
жүретін сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: