Жетінші, бастауыш болатын – демеу мен демеу ор нында жүретін сөздер. Мысалы: «Әлде» аз айтылады, «ба» көп ай- тылады, «бәлки» сирек айтылады. Бұл сөйлемдерде сөз бо-
лып тұрған «әлде», «ба», «бәлки», бұлар сон дықтан бастауыш
болуға тиіс. Бұл ішкі белгісінше.
Не аз айтылады? – «әлде», не көп айтылады? – «ба», не си-
рек айтылады? – «бәлки».
Тысқы белгісінше де «әлде», «ба», «бәлки» бастау ыш болып
шығады. «Әлде», «ба», «бәлки» деген сөздер демеулер.
Сегізінші, бастауыш болатын – жалғаулық жана да
жалғаулық орнында жүретін сөздер. Мысалы: «Үшін» үш айтылғанда, «арқылы» бір де айтылмайды. Мұнда болып
тұрған «үшін» мен «арқылы». Сондықтан бастауыш болады
дейміз. Бұл ішкі белгісіне қарайтып тұрғанымыз.
Енді тысқы белгісіне қарайық. Не үш айтылғанда? – үш. Не
бір де айтылмайды? – «арқылы». Тысқы белгісі бойынша да ба-
стауыш болатын «үшін» мен «арқылы». «Үшін» мен «арқылы»
деген сөздер жалғаулықтар.
32
Шапшаң үстеу орнына жүретін сын есім.