есімдер. Үшінші, бастауыш бо латын атау тұлғалы сан есім,
мысалы: Берерменге бесеу көп. Біреу тойып секіреді. Ішкі
белгісі бойынша бастау ыш – бесеу, біреу болуға тиіс, өйткені
1-інші сөйлемде сөз болып отырған бесеу, 2-інші сөйлемде
біреу деген сөздер.
Тысқы белгісімен іздесек: берерменге не көп? – бесеу, кім
тойып секіреді? – біреу.
Бұл бастауыштың тысқы белгілері бесеу, біреу деген
сөздерден табылған соң, бастауыш осылар болады.
Бесеу, біреу атау тұлғасында тұрған сан есімдер. Төртінші,
бастауыш болатын – атау тұлғалы есімдік. Мысалы: Мен
келдім, сен кеттің. Ол терең, бұл тайыз.
1-інші сөйлемде мен туралы, 2-інші сөйлемде сен тура-
лы, 3-інші сөйлемде ол туралы, 4-інші сөйлемде бұл туралы
сөйленіп тұр. Сондықтан мен, сен, ол, бұл бастауыш болады.
Бұл ішкі белгісі бойынша. Енді тысқы белгісімен қарайық: Кім
келді? – мен, кім кетті? – сен, не терең? – ол, не тайыз? – бұл.
«Кім?», «не?» деген сұрауларға жауап беріп тұрған сөздер –
мен, сен, ол, бұл. Сондықтан бұл сөздер бастауыш болатыны
даусыз. Сүйтіп мен, сен, ол, бұл деген сөздер ішкі белгісімен
де бастауыш болып шығып тұр. Бұл сөздер атау тұлғасында
тұрған есімдіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |