Тоғызыншы, бастауыш болатын – одағай. Мысалы: «Ә,
Құдай!», «о, Құдай» – күйзелгеннің белгісі; «тек!, «тәйт!»,
«шәйт!» – бұйырғанның белгісі. Мұнда сөз бо лып тұрған «ә,
Құдай!», «о, Құдай!», «тек!», тәйт!», «шәйт!», сондықтан бұл
сөздер бастауыш болады. Бұл ішкі белгісімен білгеніміз.
Енді тысқы белгісімен қарайық. Не күйзелгеннің белгісі?
– «ә, Құдай!», «о, Құдай!», не бұйырғанның белгісі? – «тек!»,
«тәйт!», «шәйт!» тысқы белгісімен де бұл сөздер бастауыш бо-
лып шықты. «Ә, Құдай!, «о, Құдай!», «тек!», «тәйт!», «шәйт!»
деген сөздер одағайлар.
Оныншы, бастауыш болатын – бүтін сөйлем. Мы салы:
«Сенікі, менікі» деген көңіл тарлығы, «ары жат, бері жат»
деген төсек тарлығы.
Мұнда айтылып тұр «менікі, сенікі деген» жана «ары жат,
бері жат» деген» туралы. Сондықтан бұл сөйлемдер ішкі белгісі
бойынша бастауыш болуға тиіс. Тысқы белгісі бойынша не бо-
лып шығар екен?!
Не көңіл тарлығы? – «сенікі, менікі» деген. Не төсек
тарлығы? – «ары жат, бері жат!» деген тысқы белгісі бойын-
ша да бұл сөйлемдер бастауыш болып шықты. Сүйтіп, енді
қорытып айтқанымызда, бастауыш болады сөз таптарының
тоғызы да: 1.Зат есім. 2. Сын есім. 3. Сан есім. 4. Есімдік. 5.
Етістік. 6. Үстеу. 7. Демеу. 8. Жалғаулық. 9. Одағай жана бүтін
сөйлемдер.
Достарыңызбен бөлісу: |