252
1. Сыйысулы қүрмалас
1. Қарабай мен Сарыбай аңға шықты.
2. Екі дос бірін-бірі сүйді, қүшты.
3.
Қолға алды татулықты, араздықты.
4. Далада, ойда, қырда, орман-тауда сау қалған жан болмады
бүл індеттен.
Бұл сөйлемдердің әрбірі бірнеше сөйлем сыйысып
құрмаласқаннан болған сөйлемдер. Мәселен, 1-інші сөйлем
екі сөйлем сыйысып, қосылғаннан болған: қосылмай бөлек
тұрғандағы түрлері мынау:
Қарабай аңға шықты. Сарыбай
аңға шықты. Бұларды екі қайта айтып жатпас үшін, екеуін
сыйыстырып қосып, бір-ақ айтқан. 2-інші сөйлем де екі сөйлем
сыйысып, қосылғаннан болған. Қосылмағандағысы мынау:
Екі
дос бірін-бірі сүйді. Екі дос бірін-бірі қүшты. 3-інші сөйлемде
екі сөйлем сыйысып, қосылғаннан болған. Қосылмағандағысы
мынау:
Қолға алды татулықты. Қолға алды араздықты.
4-інші сөйлем төрт сөйлемнің сыйысып, қосылғанынан болған.
Қосылмағандағысы мынау:
Далада сау қалған жан болмады
бұл індеттен. Ойда сау қалған жан болмады бұл індеттен.
Қырда сау қалған жан болмады бұл індеттен. Орман-тауда
сау қалған жан болмады бұл індеттен.
Сыйысулы сөйлемдердің белгісі – бірнеше мүшелері бір
өңкей болу. Мәселен, 1-інші сөйлемде екі мүшесі бір өңкей:
Қарабай, Сарыбай – екеуі де бастауыш. 2-інші сөйлемде де екі
мүшесі бір өңкей: сүйді, құшты – екеуі де баяндауыш. 3-інші
сөйлемде де екі мүшесі бір өңкей: татулықты, араздықты – екеуі
де толықтауыш. 4-інші сөйлемде төрт мүшесі бір өңкей: дала-
да, ойда, қырда, орман-тауда – төртеуі де мекен пысықтауышы.
Сыйысулы сөйлемнің бір өңкей мүшелерінің аралары кіші ты-
ныспен (
,) айырылады.
«
Мен», «
жана», «
жана да» деген сөздер араларында тұрған
шақта ғана кіші тыныс қойылмайды.
Сыйысулы құрмалас екі түрлі айтылады: 1) Шұбалаң түрі.
2) Ықшам түрі.
253
Шұбалаң түрі
Мен бүгін ерте тұрдым, жуындым, киіндім, шай іштім,
сабаққа бардым.
Ықшам түрі
Мен бүгін ерте тұрып, жуынып, киініп, шай ішіп, сабаққа
бардым.
Қиысулы құрмалас
Қиысулы құрмаласқа келсек, бұлар біріне-бірі тең болып
та, бірінен-бірі кем болып та қиысады. Қиысулы құрмаластағы
сөйлемдер тең болса,
салалас құрмалас деліп аталады. Тең
болмай, бірінен бірі кем болып қиысса, онда қиысулы құрмалас
Достарыңызбен бөлісу: