3. Үгіт (ақыл) түрдегісі
Балалар, оқуға бар, жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ.
Аяғын көріп, асын іш,
Анасын көріп, қызын ал.
250
Биік таудың төбесін көріп, түбіне барма.
Жақсының атын есітіп, үйіне барма.
Кісі ақылымен бай болғанша,
Өз ақылыңмен жарлы бол.
Еңкейгенге еңкей, басың жерге жеткенше,
Шалқайғанға шалқай, төбең көкке жеткенше.
Сырын білмейтін аттың сыртынан жүрме.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Оқ жетпес жерден қылыш суырма.
Қол көтермес шоқпарды белге қыстырма.
4. Жай тілек түрдегісі
Жасаған болғай панамыз көруге жазғай еді.
Есен-сау келгей едің.
Хақ бендесі біздей, сірә, болмасын.
Біздей болса, бұ дүниеге келмесін.
Арманменен інім шөлде өлмесін.
Қайта алмадым жорықтан, бұ дүнияда жолықпан.
Құдай қосқан қосағым ақыретте кез келсін.
Ертеменен қой өрер, жайылғанын жұрт көрер,
Жайылғаны шашыңның соған, балам көрінсін.
Жортқанда жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын.
4. Жай сөйлем
Сұраусыз, лепсіз, тілексіз айтылған сөйлемдердің бәрі жай
сөйлем деліп аталады.
Мысал: Ат ерінді келеді, ер мұрынды келеді. Өзің қойған
зекетші, біздің елде Жүзбай бар. Жана мұның жолдасы қара та-
мыр Дадан бар. Еріп жүрген соңында қырық-отыздай адам бар.
Шоңмұрын деген молда бар. Төлеген деген жорға бар. Атына
жемді ілуге алты еннен қылған дорба бар.
251
Достарыңызбен бөлісу: |