259
көлігі жоқ». Бұл бағыныңқы сөйлем қандай сұрауға жауап бе-
рер екен?
Олар неге көше алмайды? – үйткені көлігі жоқ. Бұл
бағыныңқы сөйлем «неге?» деген сұрауға жауап беріп тұр. Бұл
сұрау – себеп пысықтауышының сұрауы. Сондықтан бұл себеп
пысықтауышының бағыныңқысы болады.
Себеп пысықтауышының «неге?»-ден басқа да сұраулары
бар. Мәселен, «неден?», «неліктен?», «не себеп тен?». Бұл
сұрауларға да жауап беруші бағыныңқы сөйлемдер себеп
пысықтауышының бағыныңқылары болады.
Мысал: 1.
Қар аз болған соң, су сонан тасымады. Су неден
тасымады? –
қар аз болған соң, (сонан).
2.
Малы жұтап қалған соң, ел сондықтан жүдеді. Ел
неліктен жүдеді? –
малы жұтап қалған соң, (сондықтан).
3.
Не себептен мал қырылды, сол себептен жұрт аш болды.
Не себептен жұрт аш болды? – не себептен мал қырылды, (сол
себептен), басқалары тағы солай.
Достарыңызбен бөлісу: