37
« »
(қабатша қос тырнақ)
Үндеме! Жетер! Қазір пұрсатым жоқ тұруға ақ, қараңды
тергеп сенің! Алда, сорлы, бейшара балалар-ай! Жасынан
өлген екен аналары-ай! Көбелек, шыбын аулап күн көрерлік,
жоқ екен пақырлардың шамалары-ай! Әй, құстар, тыңдаңыздар
құлақ салып! Кезекпен жем тасыңдар ұшып барып. Үшеуін
асырауға қанша қиын? Етіңдер аз күн қайыр бөліп-жарып!
Көкек құс, жүнің түлеп жүр ғой бекер! Азырақ жетім үшін
жұлсақ нетер? Қайырдың бұл дүниеде жетімге еткен, басқа іс
сауабына бар ма жетер?! Бозторғай, қарап тұрма, сен де текке!
Жүресің босқа шарлап ұшып көкте! Даладан тоғайлардан тамақ
ізде! Бұлардың үшеуіне көп керек пе? Capмойын, ер жетті ғой
балаларың! Бәледен Құдай сақтар бірер-жарым! Бұлардың
күндіз-түні жанында бол! Жоқтатпай пақырлардың аналарын!
Сандуғаш, не қылайын сені қайрап! Қоярсың оқтын-оқтын өзің
сайрап! Көңілін біразырақ көтермекке. Зарлының жетім қалған
соры қайнап! Достарым, осындай бір іс етелік! Жастарды
жетім қалған кісі етелік! Езгілер орманда да бар екенін. Осын-
дай сауап іспен көрсетелік! Дариға, мен бай болсам жұрттан
асқан! Үйлерді салдырар ем қандай тастан. Бақыл бол, серік
атым іренжіме! Дамыл ал! Қош-аман бол! Мені ұмытпа! Аяғым
тимес алтын үзеңгіңе. Келіңдер, боз балалар, атты алыңдар!
Жетектеп тоғайыма апарыңдар! Жабыңдар жабуына түкті
кілем! Жеміне ең қолайлы сұлы алыңдар! Бұлақтың суымен
суарыңдар.
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да. Алдамаған кім
қалды тірі жанда? Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім. Өткірдің
жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей, сала алмас. Білгенге маржан,
білмеске арзан, надандар баға (баһра) ала алмас. Қиналма бе-
кер, тіл мен жақ! Көңілсіз құлақ ойға олақ. Нысап, ұят, терең
ой. Ойлаған жан жоқ, жауып қой! Тамағы тоқтық, жұмысы
жоқтық аздырар адам баласын. Өтірік, шағым толды ғой, ойла-
нар уақытың болды ғой. Кеш деп қайтар жол емес, Жол азығым
мол емес. Бір кісі мыңға, Жөн кісі сұмға, әлі жетер заман жоқ.
37
Тырнақша (Құраст.)
269
Қадірлі басым, Қайратты жасым айғаймен кетті, амал жоқ!
Қош, қорықты елің. Қорқытқан сенің өнерің қайсы, айтып бер!
Бауырыңа тартқан, сырынды айтқан сырласың сыртты айналар.
Не ол емес, бұл емес: Менің де күнім күн емес! Ақша жүз, ал
қызыл бет тіл байлайды. Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес.
Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды. Жасыл шөп, бәйшешек
жоқ бұрынғыдай. Жапырағынан айырылған ағаш, қурай. Ақ
киімді, денелі, ақ сақалды. Соқыр, мылқау танымас ешбір жан-
ды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп
қалды. Ол күледі, мен де есалаң күлемін. Ол жылайды, мен де
жасым төгемін. Әйел өледі, мен де бірге өлемін. Қыс болды,
бақша да өлді, гүлдер солды. Өтер жылдар, қартаямыз, Бірте-
бірте құрып шамдай сөнерміз.
Ішім өлген, сыртым сау, бүгінгі дос – ертең жау. Нансаңыз
ағам да жоқ, інім де жоқ. Уа ғайри нашарлықтан мінім де жоқ.
Нақақтан мені, тақсыр, күйдіресіз. Жауыздық сізге ойлаған
күнім де жоқ. Ол саған әлде күйеу, әлде құда (Сүймейді қой
атаулы мені жүдә). Жә бөлең, жә жиенің, жә нағашың – әйтеуір
саған ұқсас еді о да. Айттырған періште ме яки жын ба – әйтеуір
өзен сөзі шықты шынға. Алаштың адамының бәрі мәлім. Кім
қалды таразыға тартылмаған. Дегендер мен жақсымын толып
жатыр, жақсылық өз басынан артылмаған. Тұмсығымен шапты
да, қанның миын шақты да әтеш кетті аспанға. Арбасынан қан
ұшты, кеудесінен жан ұшты.
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ. Ерте ояндым, ойландым,
жете алмадым, етек басты көп көрдім елден бірақ. Өзі ермей,
ерік бермей, жұрт қор етті. Ішім толған у мен өрт, сыртым
дүрдей. Мен келмеске кетермін, түк өндірмей.
Халыққа жағайын десең, қазаның болсын. Момынның
есебін қу табады, қудың есебін Құдай табады. Жер таусыз бол-
майды, ел даусыз болмайды. Тай жаманы жорға болады, адам
жаманы молда болады. Жаңылмас жақ болмас, сүрінбес тұяқ
болмас. Бұрынғының кісісі бүгінгінің кішісі. Арғымақ бірде
жалды, бірде жалсыз, ер жігіт бірде малды, бірде малсыз. Ердің
ерлігін білмеген Құдайдың бірлігін білмейді. Ат баспаймын
деген жерін үш басады, ер көрмеймін деген жерін үш көреді.
Адаспаймын деген жігітті қараңғы тұман адастырады.
270
Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер, ер басына күн
туса, етігімен су кешер. Ер өтірік айтпайды, ел өтірік айтады.
Ердің атын жә аты шығарар, жә қатыны шығарар. Есепдар бол-
май бай болмайды, есерсоқ болмай ер болмайды. Алып анадан,
ат биеден туады. Уайым түбі теңіз, батасың да кетесің, тәуекел
түбі қайық, мінесің де өтесің. Арғымақ аттың құйрығы – әрі
жібек, әрі қыл; қас жақсының белгісі – әрі мырза, әрі құл. Бай
болайын деген жігіт айырбасшыл келеді; адам болайын деген
жігіт қарындасшыл келеді.
Жаңбыр жауса жердің ырысы, жақсы туса елдің ырысы. Биік
таудың төбесін көріп, түбіне барма, жақсының атын естіп, үйіне
барма. Жорғаның қадірін желгенде біледі, жақсының қадірін
өлгенде біледі. Жаманның айтқаны келмейді, сандырақтағаны
келеді. Ит құтырса иесін қабар, торғай құтырса бүркітке ша-
бар. Арық малды асырасаң, аузы-мұрныңды май етер, жаман
кісіні асырасаң, аузы-мұрныңды қан етер. Жаманның үсті су
болса, кеппестей көрер, жаманға мал бітсе, кетпестей көрер.
Жаман атқа жал бітсе жанына торсық байлатпас; жаман кісіге
мал бітсе жанына қоңсы қондырмас. Жақсыға айтсаң бітірер,
жаманға айтсаң жітірер. Жақсыдан жаман туады бір аяқ асқа
алғысыз, жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз. Хас
жақсының белгісі – өз үйіне өзі құл; хас жаманның белгісі өз
үйіне өзі сый. Жақсыға берсең асыңды, жақсы сыйлар басыңды;
жаманға берсең асынды, итке тастар басыңды. Жүйрік шабан
болады мойнынан жал кетсе, жақсы жаман болады қолынан
мал кетсе. Қарға мақтанып сұңқар болмайды; есек мақтанып
тұлпар болмайды. Кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен
жарлы бол. Жалғыз жүріп жол тапқанша, көп кісімен адас.
Жалғыздың жағы жоғалса да, табылмайды, көптің оғы жоғалса
да табылады. Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмай-
ды. Орамал тонға жарамайды, жолға жарайды. Еңкейгенге
еңкей, басың жерге жеткенше, шалқайғанға шалқай, төбең
көкке жеткенше. Өзі біткен жанжалды, жаным десең болмас
па; алты ұл тапқан қатынды ханым десең болмас па?! Ата-
дан алтау туғанша, жалғыз туса не етеді, елге тұлға болғалы;
қарағайға қарыс бұтақ біткенше, еменге айыр бұтақ бітсе не
етеді – құсқа тұғыр болғалы. Өзіңнен тумай, ұл болмас, сатып
271
алмай құл болмас. Жетімшілікті көп көрген үш шақыртпай «ә»
демес, ашаршылықты көп көрген өзі тоймай «мә» демес. Ақ
сұңқардың баласы, алдына қоймай жем жемес. Арғымақ аттың
баласы, аз оттап, көп жусайды; асылдардың ба ласы аз сөйлеп,
көп тыңдайды. Ағайынның қадірін жалалы болсаң білерсің.
Ата-ананың қадірін балалы болсаң білерсің. Ағайынды жаман-
дап туғанды қайдан табарсың; арғымақты жамандап, буданды
қайдан табарсың. Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан
бол. Ел ағасыз болмайды, тон жағасыз болмайды. Мал бітпес
деп ерден түңілме, шөп бітпес деп жерден түңілме. Мал таппас
жігіт болмас, тұрарын айт. Бас екеу болмай, мал екеу болмас.
Ат аунаған жерінде түк қалады.
Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме. Ат аяған жерге
қарар, құс аяған көкке қарар. Құттты қонақ келсе, қой егіз таба-
ды. Ешкі егіз тауып қойдан аспас, ит егіз тауып елден аспас. Бір
биенің емшегі екі, бірі кетсе, сүті жоқ; бір түйенің өркеші екі,
бірі кетсе, күші жоқ. Түйе қашып, жүктен кете алмас. Алты күн
атан болғанша, бір күн бура бол. Аузы қисық болса да байдың
ұлы сөйлесін. Бағың жүрген шағында, жапалақ салсаң, қаз ілер,
бағың қайтқан шағында, лашын салсаң аз ілер. Жемесе де май
жақсы, бермесе де бай жақсы. Жарлылық, сені қайтейін, жан-
дай досты жат еттің, кәрілік, сені қайтейін, сөйлер сөзге мат
еттің. Бай қасына көшіп бар, байымасаң маған кел; қу қасына
көшіп бар, қуылмасаң маған кел. Ұрлық қылсаң жалғыз қыл:
екеу болсаң, бірі айғақ; өткел өтсең, бұрын өт: арттан өтсең,
жол тайғақ. Айтысқан соң дау емес пе, алысқан соң жау емес
пе?! Тапқан қуанса да, таныған алады. Әлі келген алып та, ша-
лып та жығады. Би айтқанды құл да айтады, құл аузының дуасы
жоқ. Ақылы жоқ басқа адырайған көз бітеді, дуасы жоқ ауызға
сылдыраған сөз бітеді. Ерден елтірі даулап алсаң да теңдік.
Арлы арына қараса, арсыз «жеңдім» дейді. Қонғанша қонақ
ұялады, қонған соң қонақ иесі ұялады. Қонақ аз отырып көп
сынайды. Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе, бет пісер. Барыңда
батып іш, жоғыңда сатып іш. Жақсы ас қалғанша, жаман құрсақ
жарылсын. Кісі қандай болса, асы сондай. Жетімнің аузы асқа
тисе, мұрны қанайды. Ақымақ алдындағы астан үркіп, аштан
өліпті. Жоғалып табылған мал олжа, ауырып жазылған жан
олжа.
272
Көзімен көріп бәрін де, Нысанбай мұны жырлаған. Тұсау
көрмей ешкімнен, Хан еді мойны сынбаған. Ерегісіп қырғызға,
Хан ойыңды шыңдаған. Сол елменен күшейіп, Төрелер жай-
ды қанатты. Аттансын деп жан қалмай, жұртқа салды санатты.
Сегіз жүз кісі іріктеп Ылғи батыр манапты. Ақсу деген өзеннен
шапты Олжа Болатты. Тау суындай сарқырап, Байұзақ келді
төменнен. Көңілі бітті айқасып, Наурызбай асыл беренмен.
Тұс-тұсынан құралып, Қырғыздың қолы кернеді. Бесінге дейін
атысып, Қазақтың әлі келмеді. Қырғызды түріп шыға алмай,
Батырлар сонда бір састы. Үйінде ермек қалдырмай, Қырғыз
шыққан айдатып. Қыл құйрық қып бәрін де қару-жарақ сай-
латып. Қызықсын деп Асуға Қазына төкті жайнатып. «Келсең
кел» деп ақырып, Сары ала туын жайратып. Қырғыздарды
жөңкілтіп, Төскейде атын ойнатып. Асуын тастап көп қырғыз,
Бас қамын қылып, кетпеді. Ашуланып бұл жерде, (Хан) ал-
дырды, екі түйені. Шөгеріп салып түйеге зеңбірегін сүйеді.
Тұрғызып: қойып атса да, Күмпілдеп, тауға тимеді. Алатаудан
аса алмай, Қазақтың қолы байланды. Осы бүгін күн батпай,
Көрсетші қанат жайғанды. Тау басында қырғызға, Бір тигізіп
найзамды. Тау басына жете алмай, Болмай тұр-ау санымыз.
Жабырқаған секілді, Көңілі ашылмай жанымыз. Көңілің соқса,
Науажан, ханнан жауап алыңыз. Томағамды сыпырып, Қамау
тасқа салыңыз. Байұзақ аттан түскен соң, Қасына түсті ханы-
мыз. Ханымыз аттан түскен соң, Төгіле қалды арымыз. Бұзбасақ
та ол тауды, Түсе қалдық бәріміз. Сол уақытта қарасақ, Тау
басынан шу шықты. Қаптаған қара тұмандай, Мұнарланып,
бу шықты. Бу десек мылтық түтіні (екен). Шөке атым жер
бармай-ақ, Айырылды ханың еркінен. Қойға тиген бөрідей,
Қырғызға салды кесірді. Ақ кіреуке бек сауыт, Таза жүрсе тот
алмай, Мылтықтың оғын жібермес, Шығыршығы жұқармай.
Жарасалық дегенде, Бергендей қырғыз бар малын. Қол алдын-
да жүргенде, Қырғыздың бір данасы, Наурызбайға кез болып,
Тұра қалды жанаса. Ашуын бұған басса деп, Жерімді саған та-
стадым. Олжа қылып қайтсын деп, Малымды саған тастадым.
Қонысты орыс алған соң, Кенекем ауған жерінен, Бауыры
суып ол жақта, Қарашы болған елінен. Он екі кісі жіберді, Жеке
батыр ерімен. Бізге қоныс берсін деп, Қоқының салған көлінен.
273
Екі ай жатты тұтқын болып Жанқараш, Жаттай бегіңнен.
Қорған болып халқына Әркім шықсын табында. Айбатың
асып тұрғанда, Айтарсың төре, сөзіңді. Алтын жығаң қисайса,
Қырғыздар ояр көзіңді. Күнім туса көрермін. Бұйрық болып
Құдайдан қазам жетсе, өлермін. Ержан кеткен түн қатып, Хан
болған соң өкімді. Төрт жүз кісі бөлініп, Қалың топтың шетінде,
Барлап қарап келгелі, Жау бар ма деп бетінде. Келіспестей
көрінді. Наурызбайды бөлген соң. Қырғыздың қолы көбейіп,
Жақынға келіп төнген соң. Байұзақ датқа сөйлейді, Ашула-
нып ақырып. Халқына қарап сөз айтты, Оң-терісті сапырып.
Не қылып шықпай отыр деп, Батырларын шақырып. Дулаттан
шыққан батырдың Талайына батырып. Шыдамады Наурыз-
бай Киіміне қиналып, Тұра келді орнынан, Шыбықтай белі
бұралып. Арасы алыс дауыстап, «Бар ма, мұнда кел» деуге.
Екінші рет атқанда, Бір керемет білінді. Ұрмай-соқпай зеңбірек
Ортасынан бөлінді. Кертайлақ қолға тиген соң, Мініп алды На-
урызбай. Сегіз кісі бас қосып, Су бойында ұрысты. Тоқтата ал-
майды көп жауды, Үстіртке ойнап шығысты.
Әл кетіп жығылуға таянғанда, Жалынып атқа есек сөз айта-
ды: «Ат достым, жүгім ауыр, қалым бітті. Емеспін жүре алатын
енді тіпті. Зорығып жолда өліп қалатынмын, Алмасаң ауысты-
рып біраз жүкті».
Бір көлдің емен айтты қамысына, Сыбайлас көптен бергі та-
нысына: «Жаратқан мені Құдай сонша артық, Мықты деп жер
жарылад дабысыма». Өгізді суға тойған бақа көрді, Секіріп
жолдасына жетіп келді. Боламын мен де сонау өгіздей деп, Жел
тартып, ісіп-кеуіп, орнын керді. Сұрады жолдасынан толдым ба
деп, Өгіздей анау тұрған болдым ба деп. Бұрынғы мықтылықты
бұлай қойып, Тырнаға сөз сөйлейді кішілікпен. «Шырағым,
дүниеде ұмытпайын, Құтқарсақ мені қазір осы дерттен». Су-
ырып сүйекті алып тастап еді, Үп деп, қасқыр сонда көзін
ашты. Құтқарған зор бәледен тырнасына Ол бірақ көрсетпеді
ықыласты. Еңбегін бер деп тырна сұрап еді, Қасекең сау
күндегі әнге басты: «Не дейсің? Ойын ба осың, шын ба, тырна?
Қажауға мәжнүн жоқ саған мұнда. Ақы алып өзгелерден дәндеп
қапсың. Қой, тырнам, ойнап мені әуре қылма!» Танысы мұны
көріп келе жатқан, Астында өгізі бар са бан тартқан. Көзіме күні
274
бойы көрінбеп ең, келесің сөйле деді сен қай жақтан. Сонда
бұл мұрнын көкке көтереді, Адамсып маңызданып жөтеледі:
«Жер жыртып күні бойын, шаршап келем. Мазалап сұрап саған
не керегі?» Мәз болып мақтағанға насаттанып, Қайтпасын
деп ойлайды сағы сынып. Алыстан арып-ашып іздеп келген,
Байғұстың кетсін деді көңілі тынып. Өтірік мақтағанға қарға
еріп, Қарқ етті пәрменінше жағын керіп. Қаңғырған, тамақ
іздеп бір аш бөрі Қозыға жетіп келді жайнап кезі. Жемекке
кінә қойып сол арада, Жала ғып, міні қасқыр айтқан сөзі: «Сен,
қозы, текке қарап жүре алмайсың! Соқтықпа маған десем, тіл
алмайсың. Мойныңды қазір жұлып алайын ба! Суымды неге
былғап ылайлайсың?». Қозы айтты: «Қасқыр тақсыр, тоқта
азырақ! Тергеңіз кінәм болса, әділ бірақ. Ізіңіз жатқан жерден
төмен келіп, Іштім мен жүз қадамдай қашығырақ...». «Орманға
балтасымен келді мұжық, Аралап ағаш таңдап жүрді кезіп.
Япырым-ай, аман қалсақ жарар ед деп, Жанынан көрген ағаш
тұрды безіп. Мұжыққа бір жас ағаш айтады сөз: «Құдайдан
тілеуші едім келтір деп кез. Мың да бір алғыс саған берер едім,
Осы үлкен ағаштардан құтқарсаң тез...». Ол қанша пайда тапты
жалғыз тұрып, Өзгенің әлек етіп, бәрін қырып. Ағашта қурап
тұрған әл болсын ба? Келіп дауыл соғып еді, қалды сынып.
Сонда оған сынып жатқан жылан келді. Өзіңе бәле тілеп алдың
деді. Қорғаушы жанындағы ағаштардың. Кінәсіз бәріне ылаң
салды деді. Панаңды желден, күннен қорғап тұрған, Қырғызып
өзің жалғыз қалдың деді. Алланың арам пейіл сүймес құлы,
Отыңа өзің жаққан жандың деді. Әмиян күндіз-түні болды
қолда, Ac ішу, дамыл алу болмады онда. Алтынды бөлек-бөлек
үйіп отыр. Өзі мен өзі кеңес құрып сонда. Мінікей, – деді –
енді мен де баймын, Байлармен жұрттан асқан сайма-саймын.
Құдайым бермегенде жаттым ұйықтап, Тұрғанда Құдай беріп
неге ұйықтаймын? Шығарсам, қазір алтын үй алатын. Онан соң
бір жүз мыңын бие алатын. Көшкенде жүктерімді атқа артам
ба? Тағы да алтын керек түйе алатын... Сиыр мен мынау алтын
қойға деді, Аналар қатын алсам, тойға деді. Жұмсармын мұнан
соңғы алтындарды. Қаражат киім-кешек бойға деді. Ал енді
өгіз тұрып мөңірейді, Көз жасы ағыл-тегіл еңірейді. Қиянат кісі
ақына қылман деуші ем: Азғырды шайтан залым мені дейді.
275
Барып келсе, Ертістің суын татып, Беріп келсе, бір арыз бұтып-
шатып, Елді алып, Еділді алып, еліреді, Ісіп-кеуіп қабарып келе
жатып. Әрі-бері айналса, аты арықтап, Шығынға белшесінен
әбден батып. Сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа, Құдай құмар
қылыпты қалжыратып. Шын көңілмен сүйсе екен; кімді сүйсе,
Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе. Қырмызы, қызыл жібек
боз балалар, Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе. Жоқ болса
қатыныңның жат өсегі, Болмаса мінезінің еш кесегі, Майысқан
бейне гүлдей толықсыған, Кем емес алтын тақтан жар төсегі.
Көлең ке басын ұзартып, Алысты көзден жасырса, Күнді уақыт
Қызартып, Көкжиектен асырса. Күңгірт көңілім сырласар
Сұрғылт тартқан бейуаққа. Алыстан сермеп, Жүректен тербеп,
Шымырлап, бойға жайылған. Қиуадан шауып, Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған. Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін
десең, өзің біл. Қайнайды қаның, Ашиды жаның, Мінездерін
көргенде. Жігерлен сілкін, Қайраттан, беркін деп насиқат бер-
генде. Ұятсыз, арсыз салтынан, қалғып кетер артынан. Ит үрсе,
бала таяғын ала қуады, итпен кектесіп. Ұрысқансып, «ой!»
деп, «ұят» деп, «қой!» деп, үлкендер тыяр «тек!» десіп. Оны
білсең, мұның не? Мен де ұят іс қылдым де. Күйдірген соң шы-
датпай, қоя ма екен жылатпай. Оюын ойып, орындап қойып,
тор салғандай өрнекке, Қиыннан қиып, қиырдан жиып, құрап
сөзді термекке. Еңбекке егіз тіл мен жақ, Ерінбесең сөйлеп бақ!
Именіп көптен шақтық қып, Еппен тасалама ойыңды. Ашын-
са етің, ашылмақ бетің, Кірі көмбей бойыңды. Жүрегіңнің
жарасын, көрсет жұртқа қарасын. Сайраған тілмен, зарлаған
үнмен құлағы жоқ кереңді, ұқтыра алмай сөз әуре, тек тұра
алмай, біз әуре. Жаңбыр жаумай, жауса қар, жұрт жұтайтын
түрі бар. Мұны көріп көзіміз, Бірігер деп сөзіміз, Кен болар деп
балшықты, Көл болар деп шалшықты, Біз үмітпен қазып ек.
Жанға көңіл қалып тұр, Жан бұл күйге салып тұр. Тәнге
көңіл қалып тұр, Тән шыдамай, арып тұр. Ет пенен қымыз
беріп, сөйлеп көрсең, Айтқаның жұртқа балдай татыр, інім.
Ақылың Аплатондай болса-дағы, Қымыз бен еті жоқ құр-
тақыр білім. Ағаның ақыл айтқаны мақұл: жаны ашыған
жақындық. Миллетке қызмет – жүмлеге міндет; ұйқыны аш!
дер ек; Надандықтан қаш! дер ек. Болмайды өңдеп: дұшпан тұр
276
күндеп, «Миллетке қызмет» – «жүмлеге міндет» деп айтарсыз
өзіңіз, Миллеттен безу, әйтпесе төзу, шын болса сол сөзіңіз.
Қараңғылық бұққанда, Қызарып күн шыққанда, Күн отынан
туғанмын. Жүрегімді, жанымды, Иманымды, арымды. Жалын-
менен жуғанмын. Жүрегім де, жаным да от, Иманым да, арым да
от. Жарқырап от боп туғаннан (берік), Белімді бекем буғаннан
бері. Қараңғылық дұшпаным. Жауыздықты жамылған, Қарынға
құл боп табынған, Қорсылдаған доңыздай, Көкті көрмей, көр
болған, Сүйгені сасық жер болған соқыр. Сасық қоңыздай күн
батысқа жүрейін. Дұғада бол, алтын Алтай, қарт анам! Алып
ата қуды жолын ер балаң. Ақ шашыңды, көкірегіңді иіскеуге,
Тәңірі жазса, сәулетпенен тез барам. Азамат, анау қазақ қаным
десең, Ұжмақтың суын апар жаным десең. Болмаса, ібіліс бол
да у алып бар, Тоқтатам, тұншықтырып зарын десең.
277
Достарыңызбен бөлісу: |