з) Ереуіл бағыныңқы Тартса да бар күштерін аямай-ақ, аслан жүк орнынан қозғалмады. Мұнда басыңқы сөйлем – «аслан жүк орнынан
қозғалмады». Бағыныңқы сөйлем – «тартса да бар күштерін
аямай-ақ». Бағыныңқы сөйлем «жүкті тартты» дейді, басыңқы
сөйлем «жүк қозғалмады» дейді. Сөйлем мазмұны бір-біріне
қарсы ереуіл келіп тұр. Сондықтан мұндай басыңқы сөйлемге
ереуіл келетін бағыныңқы сөйлем ереуіл бағыныңқы деліп ата-
лады.
Ереуіл бағыныңқының белгісі пәлен етсе де, пәлен болса да
деп ереуіл раймен айтылады.
Мысал: 1. Күні бойы қараса да, таба алмады. 2. Қыс қатты болса да, мал аман шықты.