260
себеп пысықтауышының немесе мақсат пысықтауышының
бағыныңқысы екендігін білуге болмайды. Мұнда мағынасына
қарау керек. Егерде бағыныңқы сөйлем істің себебін ай-
тып тұрса, себеп пысықтауышының бағыныңқысы болады,
егерде істің мақсатын айтып тұрса, мақсат пысықтаушының
бағыныңқысы болады.
Мысал: 1.
Көшпекші болып, ауыл үй жықты. 2.
Түйе жоқ
болып, ауыл көше алмады.
1-інші мысалда: Ауыл неге үй жықты? – көшпекші болып.
Бұл мақсат пысықтаушының бағыныңқысы бо лады, үйткені
үйді көшу мақсатпен жықты.
2-інші мысалда: Ауыл неге көше алмады? – түйе жоқ болып.
Бұл себеп пысықтаушының бағынқысы болады, үйткені көше
алмаудың себебі – түйе жоқ болғаны яғни неге көше алмады? –
түйе жоқ болғаны себепті.
Достарыңызбен бөлісу: