Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет19/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

4-нші ереже.
Шолақ و (у) дауысты дыбыстардан соң ғана естіледі, сон- 
дықтан  дауысты  харіфтерден  соң  жазылған  «у»  шолақ  бола-
ды. Бүтін «у» һеш орында дауысты харіфтен соң жазылмайды. 
Мәселен, тay, туу, кеуде деген сөздерде ірі жазылған харіфтер 
шолақ «у», «у» дыбысы ұзын естілетін орындарға екі «уу» жа-
зылады. Тіпті ұзын естілетін орындарға үш ууу жазылады. Да-
уыссыз дыбыс соңында бас буыннан басқа орында яки дауыс-
ты дыбыс соңында, қай буында болса да, «у» үтірсіз жазылса 
да қате болмайды.
Сынау.  Төмендегі  сөздердің  ішіндегі  шолақ  «у»-лардың 
астын сызып көрсетіңдер. Сөз сөзден тұуады
7
 сөйлемесе неден 
тұуады?
Жақсы  болсаң,  жердей  бол,  бәрін  шыдап  көтерген,  таза 
болсаң  сұудай  бол,  бәрін  жұуып  көтерген.  Жақсыдан  жаман 
тұуады,  жүйріктен  шабан  тұуады.  Ерден  тұуған  қырымға 
қарайды,  иттен  тұуған  жырымға  қарайды.  Қатты  жерге  су 
төксең,  сұуыққа  тайғақ  болар,  жаманға  сырынды  айтсаң, 
таршылықта айғақ болар. Аяғы жаман төрді былғар, ауызы жа-
ман елді былғар. Көсеу ұзын болса, қол күймес. Жел аударған 
қаңбақтай,  сұу  аударған  діңгектей.  Күйеу  жүз  жылдық,  құда 
мың  жылдық.  Дауыл  болмай,  жауын  болмас;  шұуақ  болмай, 
қауын болмас; ит баласы сауын болмас; дау аяғы ауыл бол мас, 
ауыл болса да, тәуір болмас. Дауды азсынба: көздей іс көлдей 
болұуы оңай, қол сұуалмағы қиын. Тарыдай іс таудай болұуы 
оңай, тау таусылмағы қиын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет