Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет21/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

6-ншы ереже.
Шолақ «й» дауысты дыбыстардың ғана соңында я алдында 
естіледі, сондықтан дауысты дыбыстардан соң жазылған «и» 
бүтін  «и»  емес,  шолақ  «й»  болады.  Мәселен,  тай,  қой-лар, 
құй-мақ, кій деген сөздердегі «й»-лер бұл ережеге теріс сияқты 
көрінер  «и»  жазылмайтын  бас  буындар.  Мәселен,  «қыйсық» 
деген сөзде шолақ «и» дауыссыз «қ»-ның соңынан келіп тұр. 
Олай болғаны бас буында бүтін «и» жазылмағандықтан.
Бас буыннан басқа орындарда «и» ұзын естілген жерлерге 
екі «и» жазылады, тіпті ұзын естілген орындарға үш «и» жа-
зылады.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, шолақ «й»-лердің астын 
сызып көрсетіңдер.
8
 «ы» бас буыннан басқа жерде шолақ «й»-дің алдында бір буынның ішінде келсе, 
бітеу болса да, қалмай жазылады.


38
Бай  байға  құяр,  сай  сайға  құяр.  Ауызы  қыйсық  бол са  да, 
байдың  ұлы  сөйлесін.  Ақшалының  қолы  ойнар,  ақшасыздың 
көзі  ойнар.  Байғұстың  ауызы  асқа  тисе,  мұрны  қанайды. 
Кедейдің  бір  асағаны  –  шала  байығаны.  Тату  болсаң  балдай 
бол, араз болсаң тұздай бол. Айырылайын деген тамыр ердің 
артқы  қасын  сұрайды.  Көз  ауырса,  қолың  тый.  Ит  жүйрігін 
түлкі сүймес. Айналдырған ауру алмай қоймас. Ұры байымас, 
сұқ семірмес. Жаманменен кеңессең, алдайды дер, жаман ат-
пен су кешсең, жалдайды дер. Күңге күле сөйлесең, көйлегіне 
жамау сұрар. Аталы сөзді арсыз қайырар, жүйелі сөзді жөнсіз 
қайырар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет