56
Кеше ыстық болды. Бүгін жаңбыр болып тұр. Былтыр қар
ерте кетті, биыл кеш кетті. Мана басым ауырып еді, осы кезде
ауырғаны қойды. Дүркін-дүркін ит үріп жатты.
Соңыра барып келермін. Баяғыда бір бай болған екен. Ат
артынан аулақ жүр. Нұрман кітапты жылдам оқып шықты,
Бірман шабан оқиды. Екі кісі ауыл сыртында оңаша сөйлесіп
отыр екен. Ана кісі арман бара жатыр. Мына кісі бермен келе
жатыр. Анда-санда айтақтаған дауыс естіледі. Екеуміз жүзбе-
жүз сөйлестік. Осы сөзімді әдейі ауызба-ауыз өзіне айт. Құс
кеш келді. Екеуі далаға бірге шықты. Ауылға жаяу келіп,
жаяу жүрді. Бірге келіп, босқа кетті. «Бүгін ойнайын, ертең
оқырмын» деп жалқау бала айтады, «бүгін оқиын, ертең ойнар-
мын» деп іскер бала ай тады .
ІІ. ДЕМЕУ
Демеу дегеніміз – екі сөздің арасын яки екі сөйлемнің ара-
сын жалғастыруға демеу болатын сөздер. Мәселен. «
Мен де,
сен де сонда болдың». «
Ол оқыды да, жазды да».
«Да», «де» деген сөздер екі сөздің арасындағы жүйені
келтіріп, жалғастыруға демеу болып тұр.
«
Я ол тұрар, я мен тұрармын». «
Бұл жұмыс я бітер, я
бітпес яки осы күйінде қалар».
«Я», «яки» деген сөздер басқа сөздің арасындағы жүйелерін
келтіріп, жалғастыруға демеу болып тұр.
«Мен саған ұрыстым ба?» «Әйтпесе сөктім бе?» «Немесе
соқтым ба?» «Балаң қазақша оқи ма, орысша оқи ма, әлде тіпті
босқа жүр ме?».
«Ба», «бең, «ма», «ме», «әлде», «әйтпесе», «немесе» деген
сөздер басқа сөздердің арасындағы жүйесін келтіріп, жал-
ғастыру үшін тұр.
Демеу сөздер қазақ тілінде аз. Оның көбі басқа сөзден шық-
қан туынды демеулер; мәселен:
үйткені, сүйткені, үйтседе,
Достарыңызбен бөлісу: