Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі сан есім
сөздерді айырту.
Бір кісі, екі бит, үш жұмыртқа, төрт түйе, бес ат, алты бала,
жеті қарға, сегіз бөрене, тоғыз үй, он ба лық, он бес сиыр, жи-
ырма сом, жиырма төрт тиын, отыз тай, отыз алты асық, қырық
жұлдыз, қырық үш күн, елу тоғыз жас, алпыс ара, алпыс екі
құрт, жетпіс қой, жетпіс бір лақ, сексен кез, сексен жеті құлаш,
тоқсан тоғай, тоқсан тоғыз торғай, жүз топай, мың пұт.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, сан есімнің ас тын сы-
зып көрсетіңдер.
Мың қойшыға бір басшы. Екі рудан би болса, ел байсал тап-
пас, екі кісі қағысса, бір кісіге орын болар. Ер қаруы – бес қару.
Бір кісі мың кісіге олжа салады. Бір күн дәм тартқанға қырық
күн сәлем. Үйіңде екі қатын болса ойран болар, екі сиыр бол-
са айран болар. Елу жылда ел жаңа. Жетесіз жаман жас бала
тоқсандағы шалмен тең. Тоғышардың баласы жиырма бесте
жаспын дер, ораздының баласы он бесінде баспын дер. Жеті
атасын білмеген – жетімдіктің салдары, әзіл сөзді ауырлау –
шетіндіктің салдары. Өтірік – екеу, шын – төртеу. Жігіт кісіге
жетпіс өнер де аз. Бір тәуекел бұзады мың қайғының қаласын,
бір жақсы сөз бітірер мың көңілдің жарасын. Бас екеу болмай,
мал екеу болмас. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.
Төртеу түгел болса, төбедегіні алар, алтау ала болса, ауыздағы
кетер. Сексен інген боталап, сегіз келін қомдасын.
ІV. ЕСІМДІК
Кейбір сөздерді зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің ор-
нына жүргендіктен есімдік дейміз. Мәселен, «Нұрман отыр»
дегеннің орнына «ол отыр» деп айтамыз. «Мұғалім» дегеннің
орнына «мен» деймін, «шәкірт» дегеннің орнына «сен»
деймін. Мұндай сөздер көбіне өзге есімдердің орнына жүретін
болғандықтан есімдік деп аталады.
53
Мәселен, есімдік сөздер: Мен, сен, ол, біз, сіз, олар, кім, не,
қайсы, қандай, өзім, өзің, өзі, бүл, ол, мынау, анау, бірі, бәрі,
менікі, сенікі, оныкі, өзімдікі, өзінікі, өзімдікі, басқанікі.
Сынау. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі есімдік сөздерді
айырту.
Әрі жат, бері жат демек – төсек тарлығы, сенікі, менікі демек
– көңіл тарлығы. Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, өзгенікі
дегенде анау-мынау ісім бар. Құлан өз қағынан жерімес. Сиыр
өз тілінен қыршаңқы бола ды. Не ексең, соны орарсың. Кім
мықты, кім нашары мәлім болар, түскенде той томаға белін
буып. Үйдің жылы-суығы қыс келгенде білінер, кімнің алыс-
жуығы іс келгенде білінер. Аттың бәрі тұлпар емес, құстың бәрі
сұңқар емес. Сіз деген – әдет, біз деген – көмек. Бүгін айдың
нешесі? Қара қайсы? Хан қайсы? Елді ойлаған жан қайсы?
Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырлайсың. Оны тастап
мұны алдың, мұннан тағы құр қалдың. Өзі қандай болса сөзі
сондай. Сен сұңқарсың, мен қумын. Саған дұшпан маған жау.
Жылқыда тұлпар сен едің, жігітте сұңқар мен едім. Сен астым-
да сау тұрсаң қыдыра жалды қыл күйрық сенен озбас деп едім.
Аяғы екеу бір басты менен озбас деп едім. Бұл сөздің бәрі де
рас, емес жалған.
V. ЕТІСТІК
Кей сөздер нәрсенің істейтін ісін атайды. Мәселен: арт,
тарт, ал, ұр, саба, соқ, қорық, күрес, маңыра, сөк, сүз, таста,
шық, жық, ас, ал, төз, көр, қақ, қада, кір, төк, өксі, таңда,
сескен, ұлы, өлше, кеп, біл, сыз, бер, бас, ұста, ұр, ти, ой, күт,
тұр, ор, шақ, жап, жек, бар, кет, тара, қара, жап, жала,
құй, жап, қой, той, сой жой, жуу, бу, қу, жи, тый, қи, ки, ій.
Мұндай сөздер етістік сөз деп аталады.
Етістік сөздердің сұрауы: не етпек? не істемек? не қылмақ?
не болмақ? Етістіктің жалпы сұрауы: не ет пек?
Мысалы: 1) «Қар жауады, кетеді» «Қар не етеді? – «жауады»,
«Қар не етеді?» – «кетеді». «Қой маңырайды, түйе боздайды,
«Қой не істейді?» – «маңырайды». «Түйе не істейді?» – «боз-
дайды». «Күн күркірейді», «Күн не қылады?» – «күркірейді».
«От сөнді, ел жаты». «От не қылды?» – сөнді». «Ел не
54
қылды?» – «жатты». «Жас өсер, жарлы байыр», «Жас не
қылар?» – «өсер», «жарлы не қылар» – «байыр». «Жауады»,
«кетеді», «маңырайды», «боздайды», «күркірейді», «жатты»,
«сөнді», «өсер», «байыр» деген сөздер не етеді? не істейді,
не қылады? деп сұрағанға жауап һәм өздері істеген істі атай-
тын сөздер. Сондай не етпек? не істемек? не қылмақ? деген
сұрауларға жауап болатын сөздердің бәрі де етістік болады.
Достарыңызбен бөлісу: |