бүйтседе, сүйтседе, әйтседе, әйтпесе, үйтпесе, бүйтпесе, не-
месе – бәрі туынды демеу лер.
Сынау. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп, ішіндегі де меу
сөздердің астын сызып көрсетіңдер.
57
Ол соған әлде күйеу, әлде құда, сүймейді қой атаулы мені
жүдә. Я бөлең я жиенің, я нағашың – әйтеуір саған ұқсас еді ол
да. Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да жұмыссыз тек тұрған жоқ
һеш бір жан да. Мен бүгін сабаққа бара алғаным жоқ, үйткені
басым ауырғаннан. Басың ауырған шығар, сүйтсе де сабақтан
қалғаның жарамаған екен. Әлде мен сылап-сипап бақпадым
ба? Болмаса, жемнен қысып сақтадым ба? Әйтпесе әбзелдерің
сәнді емес пе? Жібектен тізгінінді тақпадым ба? Малдырып
үзеңгіңді сары алтынға, тағаңды шын күмістен қақпадым ба?
Оқымадың, қой бақтың, сүйткенде сен не таптың?! Қалаға
балаңды жібер не месе өзің барып кел. Үйтсе де, бүйтсе де һеш
нәрсе өнетін емес. Береді деп ойлаймын, сүйтсе де сұрап көр.
Бір мәнісі бар шығар, әйтпесе неге жазбасын. Ол саған ұрсар,
әйтсе де бару, керек. Ол сенің арызынды бермес, үйткені жаз-
байтын адам.
ІІІ. ЖАЛҒАУЛЫҚ
Кей сөздер жалғау орнына жүреді һәм жалғаулар сияқты
басқа сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына
шықпайды. Сондай сөздерді жалғаулық дейміз. Жалғаулық
сөздер қазақ тілінде тіпті аз. Мәсе лен: менен, үшін, арқылы,
тақырыпты, туралы.
«Менен» алдындағы дыбыстың түріне қарай «бенен» болып
та айтылады, қысқа түрінде «мен», «бен» болып айтылады.
Сынау. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп, жалғаулық сөз-
дердің астын сызып көрсетіндер.
Күштіменен күреспе, байменен тіреспе. Отпен ойнама,
күйерсің, баламен ойнама, шаршарсың. Бұлардың дауы жер
тақырыпты. Олардың дауы жесір тақырыпты. Хабарды теле-
граф арқылы алдым, хатты почта арқылы алдым. Мен жаз-
баймын өлеңді ермек үшін, жоқ-барды, ертегіні термек үшін,
Сөзімді көкірегі, тілі орамды жастарға жаздым үлгі бермек
үшін. Ат туралы сөзді қысқарталық. Қолымен істегенді мой-
ынмен көтереді. Таспен ұрғанды аспен ұр.
58
ІV. ОДАҒАЙ СӨЗ
Кей сөздер басқа сөздерден оңаша, одағай айтылады.
Мәселен: апырым-ай, шошып кеттім ғой. Ай-қай, қай! Жаным
жаңа райыс тапты ғой. Ай-қай! Менің өз үйім, кең сарайым боз
үйім! Әлди-әлди! Ақ бөпем. Пай-пай! Қалай аяндайды? Ау-қау!
деп дауыстап еді сиыр мөңіреді. Тарс-тұрс еткен мылтықтың
дауысы естіледі. Сорап! Сорап! деген дауыс құлағыма келді.
Апырым-ай! ай-қай-қай! ай-қай! әлди-әлди! пай-пай! ау-қау!
тарс-тұрс! сорап! сорап! Осылай айтылатын сөздерді одағай
сөздер дейміз.
Одағай сөз қазақ тілінде көп. Қуаныш, реніш, күйініш,
уайым, қайғы жан күйзелгенде, тән күйзелгенде, жан рахат
тапқанда, тән рахат тапқанда шығатын дыбыстар, дауыстар,
айтылатын сөздер, жанды һәм жансыз заттардың дыбысын,
дауысын еліктеп, айтатын сөздер, хайуандарға айтатын сөздер,
дауыстар, шақырулар бәрі одағай сөз табына кіреді.
Мәселен: әһ! ах! ой-бай-ай! жаным-ай! құдайым-ай!
апырым-ай! ау! отағасы-ау! апырым-ау! ал! ай-қай-қай!
е-е-е! Ой, Тәңірім-ай! Ойбай-ай! күс-күс! құр-құр! хош! қош,
қош!, қош! құру! Шөре-шөре! ау-қау! сорап! шаум-шаум! кә!
кә! шоқ-шоқ! әукім-әукім! өк! міш-міш! айт-айт! тарс-тұрс,
дүңк-дүңк, сықыр-сықыр, тырс-тырс, сылдыр-сылдыр, күлдір-
күлдір, тық-тық, күмп-күмп, сарт-сұрт, қаңқ-қаңқ, пыс-пыс.
Сынау. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп ішіндегі одағай
сөздердің астын сызып көрсетіңдер.
Алақай! Әкем кітап әкеп берді. Ойбай! Көзі аларып кетті.
Бұ қорлықка қалай шыдармын, ойбай! Уһ! жаңа адам болдым
ғой. Жарықтық-ау! Не істе дейсің? Ой Тәңірі-ай! Жоқ сөзді
айтқаны несі. Апырым-ау! мына бала таласады. Ойбай-ау!
Құдай-ау! мынасы кім еді? Е-е-е! манағы көрген адамым сол
екен ғой. Қой! жай отыршы. Күс-күс! жануар. «Әукім-әукім»
деп еді, сиыр тыпырлағанын қойды. «Сорап-сорап» деген да-
уысты естіп түйелер құдыққа келді. Арбаға сиыр сүйкеліп жа-
тыр «Өк!» деші. Түйе тұрып кетер, «шоқ-шоқ!» деп тұрғайсың.
Қамыс ішінен «тарс-тұрс» еткен мылтық дауысы шықты.
«Күмп-күмп» пісіп сабадан қымыз құйды.
Күлдір-күлдір кісінетіп күрең мінген бар ма екен? Ал, келдік
жаман жерге енді сақтан. Ай-қай! менің өз үйім.
59
ҚОРЫТУ
Сүйтіп, сөздер тұлғасына қарай беске бөлінеді: Түбір
сөз; 2) Туынды сөз (туғын сөз; 3) Қос сөз; ) Қосалқы сөз; 5)
Қосымшалар. Сөздер мағынасына қарай тоғыз тапқа бөлінеді:
1) Зат есім; 2) Сын есім; 3) Сан есім; 4) Есімдік; 5) Етістік; 6)
Үстеу; 7) Де меу, 8) Жалғаулық; 9) Одағай.
ТАСЫМАЛ
Жазып келе жатқанда, жол аяғында орын аз қалып, сөз сый-
майтын болса, ол сөзге тасымал керек яғни екі бөліп, бір бөлегін
сол жолда қалдырып, екінші бөлегін келесі жолға асыру керек.
Тасымал үшін әуелі, сөзді буынға бөлу, сыймаған буында-
рын келесі жолға асыру. Бұл туралы қағида мынадай.
1). Тасымалдағанда әр буын бөлінбей я тұтас қалады, я тұтас
асырылады. Мәселен, жол аяғында «шақырғанға» деген сөз
тұтас сыймайды. Не істемек ке рек? – Сөзді дұрыстап буынға
бөлу керек болады: «Ша-қыр-ған-ға», «ша» буынды қалдырып,
басқаларын келесі жолға асыруға болады; я «шақыр» деген екі
буынын қалдырып, басқаларын асыруға болады, я «ша-қыр-
ған» деген буындарын қалдырып, жалғыз «ға» бу ынды асыруға
да болады. Егерде «шақ» деп бөліп, қалғанын асырсақ яки
«шақырға» деп бөліп, «нға»-ны асырсақ, дұрыс болмайды. Неге
десек қағида бойынша буын бөлінбеске тиіс. Мұнда буындар
бөлініп тұр яғни «шақ» деп бөлгенде, «қыр» буын екі бөлініп
тұр: «шақырғанға» деп бөлгенде «ған» буын екі бөлініп тұр.
1). Жалғыз харіф буын бола тұрса да, қалынбайды да, асы-
рылмайды да, мәселен, а-ға-лар деген сөзде бас буын жалғыз
харіф «а». Қағида бойынша «а» өз алды на буын бола тұрса да
қалынбайды яғни «а»-ны ғана қалдырып, басқа буындарын
келесі жолға асырмаймыз.
Сүйтіп, жолға сыймаған сөзді тасымалдау үшін не істеу ке-
рек?
Әуелі, сөзді буынға дұрыс бөлу; екінші, бір буын ды бөлмей,
тұтас күйінде асыру; үшінші, жалғыз харіфті, буын бола тұрса
да, қалдырмай келесі жолға асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |