Дағдыландыру. Төмендегі түбір создерге «-у» жұрнағын
жалғатып туынды сөз еткізу.
Op, саба, қорық, күре, адас, сөз, аш, еле, тоз, ауна, қайыт,
оқы, тоқы, сүрт, ұлы, өлше, қүр, сөйле, сыз, шірі, қалғы, сау, ти,
істе, тіле, жұу, бұу, тұу.
12. «-ғыш» жұрнақ. Бұ жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты
яки жарты дауысты дыбыс яки ұяң дыбыс болса, осы «-ғыш»
күйінде жалғасады. Мәселен: сана-санағыш, оқы-оқығыш, сау-
сауғыш, бу-буғыш, тай-тайғыш, жан-жанғыш.
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, «-ғыш» орнына
«-қыш» болып жалғасады. Мәселен: айт-айтқыш, тапқыш, бақ-
баққыш, бас-басқыш, аш-ашқыш.
Түбір сөз жіңішке болса, «-ғыш» орнына «-гіш» болып
«-қыш» орнына «-кіш» болып жалғасады. Мәселен: сөйле-
сөйлегіш, ек-еккіш, бер-бергіш, шерт-шерткіш.
Достарыңызбен бөлісу: |