89
жоқ. Ауру күлкі сүймес, жүйрік итті түлкі сүймес. Қысқа жіп
күрмеуге келмес. Құтты қонақ келсе, қой егіз табар. Өткір
пышақ қынға қас, өтірік сөз жанға қас. Арық малды асырасаң
аузы-мұрның май етер.
Қараңғы үйде қабан күркірейді. Кәрі түйе ойнақтаса жұт
болады. Арық атқа ауыр қамшы да жүк. Жыртық үйге тамшы
ойнар. Шабан үйрек бұрын ұшар. Құрғақ қасық ауыз жыртар.
Қуыс үйден құр шықпа, дайын асқа жасауыл болма, көп асқа
бөкеуіл болма. Жақсы жолдың алысы жаман. Тез қасында
қисық ағаш жатпас.
ІІІ. САН ЕСІМ
Кей сөздер нәрсенің санын атайды. Мәселен: бір, екі, үш,
төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, он үш, он
төрт, он бес, он алты, он жеті, он сегіз, он тоғыз, жиырма, отыз,
қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, бір жүз, екі жүз,
үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз
жүз, мың, он мың, жүз мың, миллион.
Нәрсенің санын сұрағанда неше? немесе қанша? деп
сұраймыз.
Нәрсенің дәл санын білуге сұрағанда неше? деп сұраймыз.
Мәселен: «Неше кісі келеді?» – «үш кісі келеді». Нәрсенің дәл
санын білуге емес, шамасын ғана білуге сұрағанда қанша? деп
сұраймыз. Мәселен: «Қанша күн жүресің?» – «үш-төрт күн
жүремін».
Тойда неше (неше) кісі болды? деп сұрамайды, қанша кісі
болды? деп сұрайды. Мәселен: «Екі жүз кісі болды» демейді,
«екі жүздей кісі болды» дейді.
Жоғарғы келтірген мысалда: «Неше кісі?» дегенге «үш кісі»
деген сөз жауап; «қанша кісі?» дегенге «екі жүздей кісі» де-
ген жауап. Басқаша айтқанда «неше?» дегенге «үш», «қанша?»
дегенге «екі жүздей» деген сөздер жауап болып тұр. Міне,
осы сияқты
неше? қанша? деп сұрауға жауап болатын жаңа
нәрсенің санын көрсететін сөздерді
сан есім дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: