90
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі сан есім
сөздерді айырту.
Бір кісі, екі бет, үш омыртқа, төрт түйе, бес ат, алты бала,
жеті қарға, сегіз бөдене, тоғыз үй, он балық, отыз сиыр, жиыр-
ма сом, жиырма төрт тиын, үш отыз алты асық, қырық жұлдыз,
қырық-елу жыл, елу тоғыз жас, алпыс ара, алпыс екі құрт,
жетпіс қой, жетпіс бір ұлақ, сексен жеті құлаш, тоқсан тоғай,
тоқсан
тоғыз торғай, жүз то пай.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, сан есімнің ас тын сы-
зып көрсетіңдер.
Мың қосшыға бір басшы. Екі рудан би болса, ел байсал тап-
пас. Екі кісі қағысса, бір кісіге орын болар. Ер қаруы – бес қару.
Бір кісі мың кісіге олжа салады. Бір күн дәм татқанға қырық
күн сәлем. Үйіңде екі қатын болса ойран болар, екі сиыр бол-
са айран бо лар. Елу жылда ел жаңа. Жетесі жаман жас бала,
тоқсандағы шалмен тең. Тоғышардың баласы, жиырма бесте
жаспын дер; Ораздының баласы он бесінде баспын дер. Жеті
атасын білмеген – жетімдіктің салдары. Өтірік екеу, шын
төртеу. Жігіт кісіге жетпіс өнер де аз. Сексен інген боталап,
сегіз келін қомдасын. Бір тәуекел бұзады мың қайғының
қаласын, бір жақсы сөз бітірер мың көңілдің жарасын. Бас екеу
болмай мал екеу болмайды. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып
секіреді.
Төртеу түгел болса, төбедегіні алар, алтау ала болса ауыз-
дағы кетер.