Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет121/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

248-сурақ. Вегетативтік  жуйкелердің  симпатикалық және пара- 
сим пат икалы қ  бөлім дерінің  өздеріне  т ән  қандай  қурылымдық 
ерекшеліктері болады?
Вегетативтік  жүйке жүйесінің өр түрлі бөлімдерінің өздеріне төн 
ерекшеліктері болады.
1.  Симпатикалық жөне  парасимпатикалық жүйкелер  орталығы 
жүйке  жүйесінің  өр  түрлі  деңгейінде  орналасады.  Симпатикалық 
жүйке орталықтары жұлын сұр затының көкірек жөне бел омыртқа- 
лы қ бөлімдерінің бүйір мүйіздерінде орналасса, парасимпатикалық 
орталықтар  ортаңғы  жөне  аралық  ми  мен  жұлынның  құйымш ақ 
бөліміңде орын тебеді.
2. Симпатикалық жүйке бөлімінің түйіндері өздері жүйкелендіретін 
мүшелерден тыс орналасса, парасимпатикалық түйіндер ағзалардың 
өзінде орнығады.
3.  С им патикалы қ  бөлім  әмбебап  келеді,  барлық  мүшелерді 
жүйкелендіреді. Парасимпатикалық бөлім өмбебап емес: тері тамыр- 
лары, тер бездері, бүйрек үсті бездері, зәр ағарлар, көк бауыр, қаңқа 
етгері парасимпатикалық жүйкелермен жүйкеленбейді.
4.  Симпатиклық  жүйкелерге  мультипликация  (көп  тарамдалу) 
қүбылысы төн: түйінен соңғы талшықтар саны түйін алды талшық- 
тар  санынан  өлдеқайда  көп  болады.  Парасимпатикалық жүйкелер 
айтарлықтай көп тарамдалмайды.
5.  Симпатикалық жүйкелердің  эфференттік талшықтары  пара- 
симпатикалық жүйке талшықтарынан ұзын келеді.
234
6. Симпатикалық жүйке үпггары эрготоксинмен, ал парасимпати- 
калық жүйке ұиггары - атропинмен жансызданады.
7.  Симпатикалық жүйкелер қозу толқы ны н симпатии,  ал пара- 
симпатикалық жүйкелер - ацетилхолин медиаторы арқылы тарата- 
ды.  Бірақ қазіргі кезде қозу барысында кейбір симпатикалық жүйке 
ұш ы ны ң  ацетилхолин,  ал  п арасим пати калы қ  н ерв  үш ы н ы ң, 
керісінше, норадреналин бөлетіні дөлелденген. Осымен байланысты 
вегетативтік жүйкелер холинергиялық жөне адренергиялық болып 
екі топқа бөлінеді. Холинергиялық жүйкелер өз қы зметін ацетил­
холин  ал  адренергиялық  жүйкелер  -  норадреналин  бөлу  арқылы 
атқарады.
249-сурақ.  Симпатикалық жэне парасимпатикалық жүйкелерге қан- 
дай функционалдық ерекшеліктер тән? Эсер сипатына қарай оларды 
антагонистер деп санауга бола м а?
Вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық жөне парасимпати- 
калық бөлімдері организм функцияларына өр түрлі эсер етеді.  Сим- 
патикалық  бөлімнің  қозуы  нәтижееінде  организм  стресс  (булығу) 
жағдайынан шыгады.  Симпатикалық жүйке жүрек жүмысының ыр- 
ғағын жиілетіп, артериялық қысымды жоғарылатады, бүлшық еттің 
қанмен жабдықталуын жақсартып, қандағы глюкоза деңгейін көтереді, 
ас қорыту жүйесі мүшелері қызметін өлсіретеді. Оның өсерімен орга­
низм күшін жүмылдырып, стрестен шығуға мүмкіндік алады.
Парасимпатикалық жүйке жүрек жүмысын баяулатып, қан қысы- 
мын төмендетеді, ас қорыту ағзаларының қызметін жандандырады. 
Демек, оньщ өсерімен организмде қор толықтыру, оны қалпына келтіру 
процестері жүреді.
Сонымен,  симпатикалық жүйе организмнің жалпы белсенділігін 
жоғарылатса, парасимпатикалық жүйе оның әрекеті кезіндегі шығын- 
ды жабуға, организм қорьш қайта толықтыруға жағдай туғызады.
Баяндалган  жайлар  сим патикалы қ  жөне  парасим патикалы қ 
жүйкелердің бір-біріне қарама-қарсы эсер ететінін көрсетеді.  Бірақ 
түтас  организмде  олар тек салыстырмалы  антагонизм  жағдайында 
болады. Олардың қатынасын қарама-қарсылықтың функционалдық 
бірлестігі ретінде қараған жөн. Ж үйке жүйесінің аталған бөлімдері 
өрекетіне айналымдық (циклдік) сипат төн. Осы бөлімдердің бірінің 
белсенділігінің  жоғарылауы,  соңы нан  екінш ісінің  қы зм етінің  
күшеюімен алмасып отырады.  Мысалы, түнгі мерзім мен ертеңгісін 
парасимпатикалық реакциялар, ал күндіз жөне кешқұрым - симпа- 
тикалық  реакциялар  басымырақ  болады.  Көп  жағдайда  аталмыш 
бөлімдер синергиялық эффект көрсетеді: бірінің тонусы жоғарыласа, 
екіншісінің тонусы төмендей қалады. Мысалы, қолқа барорецепторла-
235


ры тпіркенгенде қан қысымы бір жағынан парасимпатикалық жүйке- 
лер  белсенділігінің артуы,  екінші жағынан жүректің симпатикалық 
жүйке талшықтары белсеңцілігінің өлсіреуі нөтижесінде төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет