Байланысты: nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy
2 5 0 - сурақ. В егет ат ивт ік реф лекст ер деген не, олар қалай топтасады ? Вегетативтік рефлекстер деп өр түрлі ішкі ағзалар қызметінің
вегетативтік жүйкелер әсерімен өзгеруін айтады. Вегетативтік реф
лекстер белгілі бір ағза мен ұлпадағы зат алмасу процесі деңгейін
сыртқы орта немесе организмнің өзінің жағдайына байланысты
өзгертіп, организмнің орта жағдайына бейімделуін қамтамасыз етеді.
Вегетативтік рефлекстер дененің белгілі бір бөлігінің тітіркенуінен
басталады, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауда ма-
ңызды рөл атқарады.
Вегетативтік рефлекстер бірнеше топқа бөлінеді.
1. Экстерорецепторлардан басталып, ішкі ағзалар мен тамырларда
аяқталатын рефлекстер. Бүл рефлекстер организмде жылу алмасуды,
қуаттың алмасуын, қимыл өрекеттерінің вегетативтік құрамаларын
қамтамасыз етеді.
2. Бір интерорецептордан басталып, басқа ішкі ағзаларда аяқтала-
ты н рефлекстер. Бүл рефлекстер тобы на қ ан тамы рлары ны ң
рефлексогендік аймақтарынъщ тітіркенуі салдарынан жүрек қызметінің
өзгеруін, қарын мен ішек керілген кезде сілекей бөлудің күшеюін
қамтамасыз ететін рефлекстерді жатқызуға болады.
3. Бір ағзаның интерорецепторларының тітіркенуінен басталып,
сол ағзаның өзінде аяқталатын рефлекстер. Оларға жүрек қызметі
мен тамыр тонусының өздігінен реттелуін, қуықтың босауын қамта-
масыз ететін рефлекстер жатады.
4. Аксон-рефлекстер, немесе О Н Ж -нің қатысуынсыз атқарыла-
тын рефлекстер. Бұл жағдайда рецепторларда пайда болған тітіркеніс
афференттік талшықтар арқылы түйінге дейін жетеді де, одан өрі
эфференттік симпатикалық не парасимпатикалық жолға ауысады.
Мысалы, теріні нөзік сипалағанда оның қан тамырлары кеңейеді.
251- сүрақ. Организмнің вегетативтік қызметі қалайреттеледі? Организмнің вегетативтік қызметі көп деңгейлі құрылым арқы-
лы реттелінеді. Бастапқы реттеу тетігі ВЖЖ-нің қабырғалық (интра-
муральдық) түйіндеріңде орналасады. Бұл түйіндер қарапайым, төменгі
деңгейдегі вегетативтік орталықтар қызметін атқарады жөне оларға
белгілі дәрежеде автоматия қасиеті тән. Қабырғалық түйіндер мүшенің
өзімен ғана шектелетін ағзалық рефлекстерді ретгейді.
236
Вегетативтік қызметті реттеудің екінші деңгейі мүшеден тыс ор-
наласқан ОЖ Ж -нің шеткі түйіндерінің (қүрсақтық түйін, симпати-
калық шекаралық баған түйіндері) қатысумен қамтамасыз етіледі.
шінші деңгейді жүлын мен ми бағанында орналасқан вегетативтік
орталықтар қүрайды . Ал, организмнің күрделі өрекеттеріндегі
вегетативтік жөне тұлғалық функциялар арасындағы үйлесімдік ги-
поталамуста, лимбика жүйесінде жөне ми қыртысында орналасқан
жоғары деңгейлі регтеу орталықтарының қатысуымен қалыптасады.
Сопақша мида тыныс алу, қан айналым, ас қорыту процестерін
реттейтін орталықтар орналасады. Жүтыну, құсу, түшкіру, жөтелу
сияқты рефлекс түрінде атқарылатын реакцияларды ретгейтін орта-
лықтар да осы сопақша мңца орын тебеді.
Гипоталамуста гомеостазды қамтамасыз ететін, зат алмасу процесін
(су мен тұздардьщ, көмірсулардьщ, белоктардың, майлардың) ретгейтін
орталықтар орналасады. Гипоталамус эндокриндік, вегетативтік және
дене тұлғасының қызметін біріктіретін, үйлестіретін қүрылым бо-
лып есептеледі. Гипоталамустың артқы ядроларын тітіркендіргенде
симпатомиметикалық эффект байқалады (көздің қарашығы кеңейіп,
жүрек жұмысы жиілейді, артериялық қысым жоғарылап, ас қорыту
ағзаларының қимылы бәсендейді, қан қүрамында қант мөлшері
көтеріледі). Ал оның алдыңғы ядроларын тітіркендіргенде парасим-
патикалық бөлімнің қызметін ретгейтін нейрондар қозы п, қарама-
қарсы қүбылыстар байқалады. Ортаңғы ядроларды тітіркендіргенде,
немесе зақымдағанда, зат алмасу процесі бұзылады. Гипоталамустың
медиальдық бөлімінде қан құрамындағы өзгерістерді (температура,
осмостық қысым, гормон статусының ауытқуы т.б.) бақылап отыра-
тьш ерекше рецепциялық нейрондар (осморецепторлар, терморецеп-
торлар) орналасады.
Вегетативтік рефлекстерді реттеуге лимбикалық жүйе де қатыса-
ды. Мұнда ішкі ағзалар қызметін үйлестіретін жоғары деңгейдегі
орталық орналасады. Лимбикалық жүйе вегетативтік қасиет төн өр
түрлі эмоцияларды, мінез реакцияларын (қимыл - әрекет, қоректе-
ну, қорғаныс) қалыптастыруға қатысады.
Әр түрлі вегетативтік реакциялар ми қыртысының түрлі бөлікгерін
тітіркендіргенде де байқалады. Ми қыртысы вегетативтік функция-
лардың жетік реттелуін, олардың күрделі өрекеттерге сөйкестенуін
бағалап, бағыттап отырады.