Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет124/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

255-сүрақ. Нейрондар қалай жіктеледі?
Нейрондар атқаратын қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. Бірінші 
топқа тітіркеністі рецепторлардан ОЖЖ-не жеткізетін нейрондар жа- 
тады.  Оларды сезімтал, афферентгік, немесе сенсорлық нейрондар, 
деп атайды. Бүл нейрондардың тітіркеністі өткізетін үзьш өсінділерін 
сезімтал, немесе орталыққа тепкіш, жүйке талшықтары дейді.
Нейрондардың екінші тобы қозуды ОЖ Ж -нен басқа торшаларға, 
ұлпаларға, мүшелерге жеткізеді. Оларды эфференттік, немесе қозға- 
ғыш,  нейрондар деп  атайды.  Бұл нейрондардың шеткей жүйке та- 
мырлар құрамына енетін ұзын өсінділерін орталықтан тепкіш, неме­
се қозғағыш, жүйке талшықтары дейді.
Нейрондардың үшінші тобына сезімтал жөне қозғағыш торшалар- 
ды бір-бірімен байланыстыратын аралық, немесе жалғастырушы, жүйке 
торшалары жатады. Жалғастырушы нейрондар тек ОЖЖ-сі аумағын- 
да орналасады.
239


256-  сурақ. Глиялы торшалар дегеніміз не, олардың маңызы қандай?
Нейрондар ОЖ Ж - нің функционалдық негізі болғанымен,  олар 
жүйке  жүйесіндегі  торшалардың  тек  10  пайызын  ғана  құрайды. 
Ж үйке  жүйесіндегі  торшалардың  басым  көпшілігі  нейрондар  ара- 
сындағы кендстіктерді толтырьш тұратын глиялық торшалардан тұрады. 
Глиялық торшалар торт топқа бөлінеді: ми мен жүлында орналаса- 
ты н астроцитгер, олигодендроциггер, микроглия жөне шеткі жүйке 
тамырларда орналасатын жүйке қап (шванн торшалары). Олигодеңд- 
роциттер  мен жүйке  қап  торшалары  аксонды  бойлай  орналасады. 
Астроциттер - қан  тамырлары мен нейрон денесінің арасында жата- 
ды.  Олардың кейбір өсінділері капиллярлар қабырғасымен жанаса- 
ды.  Осы тамыр маңындағы өсінділер гематоэнцефальдық тосқауыл 
құрамына кіреді. Олар қан қүрамынан нейрондарға қоректік заттар- 
дың тасымалдануын реттейді. Микроглия торшалары - ми фагоцитгері 
болып  табылады.  Олар  ретикулоэндотелийлік  жүйенің  қүрамына 
кіреді.  Бүл торшалар cay, зақымданбаған мида сирек ұшырасады, ал 
ми үлпасы жарақаттанғанда олардың саны күрт өседі.
257-сурақ.  Орт алық  синапст ар  дегенім із  не,  оларга  қандай 
ерекиіеліктер тән?
Орталық, немесе нейрон аралық, синапс деп аксон үшының басқа 
жүйке торшасының денесімен не дендригімен жалғасқан жерін айта- 
ды. Бір аралық не козғағыш нейрон беткейімен басқа жүздеген, тіпті 
мындаган нейрондар аксоңдары жанасады. Орталық синапстар орын 
тепкен жеріне қарай аксосомалық, аксодендритгік, аксоаксолық бо­
лып бөлінеді.  Аксон басқа жүйке торшасының денесімен жалғасса 
оны аксосомалық, дендритімен жалғасса- аксодендриттік, ал аксоны- 
мен жалғасса - аксоаксолық деп атайды.
Қызметіне  қарай орталық  синапстар  қоздырғыш жөне тежеуші 
болып бөлінеді.  Қоздырғыш синапстар негізінен аксодендриттік бо­
лып келеді. Олардьщ синапстық сандауы кеңірек (300 А шамасында), 
артқы   шептік  мембранасы  қалы ң  жөне  тығыз  болады.  Синапс 
саңлауында табақшалар түрінде бос жатқан қосындылар кездеседі, 
медиаторлы көпіршіктері ірі, дөңгелек пішінді келеді. Тежегіш синапс­
тар саңлауы қоздырғыш синапстар сандауьшан  1,5- 2 есе кем, артқы 
шептік мембранасы жүқа, медиаторлы көпіршіктері майда, сопақша 
келеді де, саңлауда қосындылар болмайды.
Қоздырғыш синапстар қозу толқынын ацетилхолин медиаторын 
бөлу арқылы таратады.  Мұндай  синапстар жұлында,  торлы  қүры- 
лымда, мишықта, қыртыс асты түйіндерде, үлкен ми жарты шарла-
240
рында көп кездеседі. ОЖЖ-де қозу толқынын глутамин және аспа­
рагин қьппқылдары тарататын қоздырғыш синапстар да болады.
Тежеуші  синапстар  өз  қызметін  гамма-аминді  май  қы ш қы лын 
(ГАМҚ) жөне глицинді бөлу арқылы атқарады. ГАМҚ өрі пресинапс- 
тык,, өрі постсинапстық тежеуді тудыратын медиатор. Ол жүлын ней- 
рондарында да, ми нейрондарында да табылған. Оның тежеуші өсері 
үлкен ми жарты шарларында, ми бағаны торшаларында, жұлынның 
қозғағыш нейрондарында байқалған. Ал, глйцин тек жұлын торша- 
ларының ғана медиаторы болып саналады.  Ол Реншоудың тежеуші 
нейрондары орналасқан аймақтарда көп кездеседі. Қоздырғыш меди- 
аторлар постсинапстық мембрананы үйексіздендіріп, қоздырушы по- 
стсинапстық потенциал (ҚПСП) тудырады, ал тежеуші медиаторлар
керісінше, оны күшті үйектендіріп, тежеуші постсинапстық потен­
циал (ТПСП) тудырады. Синапстық сандаудан медиаторлардың ар- 
ты қ мөлшерін нерв торшалары мен глиялық торшалар сіңіріп алады.
ОЖЖ-де катехоламиндер (дофамин, адреналин, норадреналин) мен 
серотонин  қоздырушы да,  тежеуші де  өсер  етеді.  Сүт  қоректілерде 
серотонин бөлетін нейрондар негізінен ми баганында орналасады. Бұл 
медиатор ОЖ Ж -нің жоғары  бөлімдерінің жұлын  қызметін,  гипота- 
ламустьщ - дене температурасын ретгеуінде маңызды рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет