Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет129/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

глицин немесе гамма-аминді май қышқылы медиаторының бөлінуі сал-
247


дарынан артқы шептік мембранада өршіген гиперүйектену (мембра- 
наның ішкі жөне сыртқы беткейлері арасындағы потенциал айырма- 
сының көбеюі) нәтижесінде туьщцайды. Аталған медиаторлар артқы 
шептік мембрананың тек тар арналарын ғана ашады.  Мұңдай арна- 
лардан калий жөне хлор иондары ғана өтеді де, натрий иондары өте 
алмайды. Себебі, гидраттанған натрий иондарының диаметрі калий 
мен  хлор  иондарының диаметрінен  үлкен келеді.  Калий  иондары- 
ны ң  сыртқа,  хлор  иондарының  ішке  өтуі  нөтижесінде  мембрана 
беткейінде оң зарядтар, ішкі беткейінде теріс зарядтар көбейіп, мем­
брана гиперүйектенеді.
Постсинапстық тежелу үдемелі және қайтарымды (антидромды) 
болып бөлінеді.  Үдемелі постсинапстық тежелу орталықтар арасын- 
да  қозу жене  тежелу  процестерінің таралуын  бағыттап,  үйлестіріп 
отырады.  Қайтарымды тежелу арнаулы тежегіш — Реншоу, торша- 
ларының қатысуымен туындайды. Реншоу торшаларымен қозғағыш 
нейрондар аксонының бүйір тармақтары жанасады, ал бүл торшалар 
аксоны  қозғағыш  нейрондар беткейінде тежегіш синапстар түзеді. 
Қозғағыш нейрон неғүрлым күшті қозса, соғүрлым Реншоу торша- 
ларьша импульстер көп бағыттальш, ол қозғағьпи нейрон белсенділііін 
төмендетеді. Демек, бұл қозғағыш нейрондарды шектен тыс қозудан 
сақтайтын механизм болып табылады.
Бастапқы тежелу пресинапстық терминалдарда да пайда болады. 
Пресинапстық терминалдарда арнаулы аралық тежегіш нейрондар ак- 
сонының тежегіш синапстары орналасады. Оньщ ықпалымен преси- 
напстық  үйексіздену баяу жүреді және ұзаққа созылады.  Пресинап- 
стык, тежелу афференттік импульстердің орталыққа келуін шектейді. 
Осының нәтижесінде орталыққа тек маңызы күшті афферентгік им­
пульстер  ғана жіберіледі де,  ОЖ Ж -сі  мөні аз,  өлсіз импульстерден 
қорғалады, оларды өндеуден құтылады.
Салдарлық  тежелу  қозу  процесі  туындайтын  қүрылымдардың 
өзінде пайда болады.  Оның зандылықтарын Н.Е.Введенский (1886, 
1901ж.) зертгеген. Салдарлық тежелудің үш түрі болады: пессималь- 
ды, парабиоздық жөне қозудан соңғы теж елу.
Пессималъды тежелу - жүйке орталығына оның функционалдық 
мүмкіндігі мен лабильділігінен жоғары, тым күшті өрі жиі импуль­
стер  эсер  еткен жағдайда байқалады.  Тежелудің бұл түрі негізінен 
синапстарда туындайды, себебі синапстардың лабильділігі томен бо­
лады.  Пессимальды тежелуге мысал ретінде дем алу процесі шегіне 
жеткен кезде тыныс орталығының тежелуін келтіруге болады. Өкпе 
қатгы керілген кезде дем алу орталығына келетін импульстердің күші 
мен жиілігі  осы  орталық лабильділігінен артып  кетеді де,  орталық 
тежелу күйіне көшеді.
248
Парабиоздық тежелу патологиялық жағдайда, ОЖЖ-сі қүрылым- 
дарының лабильділігі күрт төмендеп, бір мезгілде бірнеше афферентіік 
жол қозғанда байқалады. Мысалы, жарақат талықсуы.
Қозудан соңгы тежелу нейрондарда қозу аяқталысымен байқала- 
ды. Ол нейрон мембранасында күшті іздік гиперүйектенудің баста- 
луымен байланысты.
264-сурақ.  Ж уйке  орталықтары  қызметіндегі  уйлесімдік  қалай 
қалыптасады?
Морфологиялық және физиологиялық тұрғыдан ОЖЖ-сі әр түрлі 
жүйке орталықтарының күрделі жиынтығы болып табылады.  Сон- 
дықтан организмнің әр түрлі сыртқы әсерлерге жауабы бүкіл ОЖЖ- 
сінің үйлесімді реакциясы болып саналады. Өз ретінде организмнің 
біртұтас  рефлекстерінің  -  реакциясының  мағынасы,  бір  жағынан, 
сыртқы әсердің сипатымен, екінші жағынан,  ОЖ Ж -сінің физиоло- 
гиялық күйімен, жеке орталықтардың функционалдық ара қатына- 
сымен анықталады. Мағыналы, тиімді әрекетгер жүйке орталықтары 
қызметін үйлестіру нөтижесінде туындайды. Ал бүл процесс ОЖЖ- 
сінің  м орф ологиялы қ  жөне  ф ункционалды қ  ерекш еліктерінің 
нөтижесінде қалыптасады.
Қүрылымы жағьшан жүйке орталығы ядродан жөне  “шашыраңқы 
бөлікген” — шеткей элеменггерден тұрады.  Орталық ядросы жақсы 
маманданған торшалар шоғырынан құралады. Орталықтың шашы- 
раңқы  бөлігі бытыраңқы орналасып,  бір-бірімен  араласып жатады 
және олар нашарырақ маманданған торшалардан құралады. Ал, жеке 
орталықтар бір-бірімен аралық нейрондар арқылы байланысады. Осы 
аралық нейрондар жүйке орталықтары қызметін үйлестірудің мор- 
фологиялық неіізі болып табылады.
Ж үйке  орталықтарының  қызметіндегі үйлесімдікті  қамтамасыз 
етудің тағы бф  морфологиялық негізі - сезімтал нейрондар санының 
қозғағыш нейрондар санынан көп болуы. Осының салдарынан бірнеше 
сенсорлық нейрондардың ортақ эфференттік жолы болады. Демек 
организмнің нақтылы әрекеті өр түрлі рецепторлардың тітіркенуінен 
іске  қосыла береді.  Бірақ ортақ жолға белгілі сөтте импульстер тек 
бірлі-жарым сезімтал нейрондардан ғана келіп отырады. Оның себебі, 
сол мезетте биологиялық мәні томен импульстерді тудыратын ней­
рондар қызметі ОЖЖ-де  туындайтын тежелу нөтижесінде тиылады. 
Сонымен, жүйке орталықтары қызметіндегі үйлестік ОЖЖ-нің құры- 
лымдық ерекшеліктері негізінде қалыптасады.
ОЖ Ж -нің қызметін үйлестіруде жүйке орталықтарының физио- 
логиялық қасиетгері де маңызды рөл атқарады. Қозу процесінің мыс-
249


қалдап күшеюінің жөне оның тежелу процесін тудыруға икемділігінің 
нөтижесінде  ОЖЖ-сінде  қозу мен тежелу процестерінің арасында 
белгілі арақатынас қалыптасады да, организмнің өр түрлі өсерлерге 
қайтаратын жауабында реттілік, жүйелілік пайда болады.
ОЖЖ-де қозу жөне тежелу процестері өрі ауқымдық, өрі мерзімдік 
ара байланыста болады. Ауқьшдық ара байланыс нөтижесінде өр түрлі 
бөлімдер мен орталықтар арасыңдағы үйлестік қалыптасады. Мерзімдік 
ара байланыс арқылы О Ж К -н ің  белгілі бір бөлімінің, орталығының 
қызметі өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет