Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет70/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

148-сурақ. Белоктардың биологиялық қундылыгы деген не, ол немен 
байланысты?
Белок молекуласы амин қышқылдарының тізбегінен құралады. 
Ал,  амин қыш қылдары құрамында бір немесе екі амин тобы (N H 2) 
жөне  бір  не  екі  карбоксил  тобы  (-СООН)  бар,  кіші  молекулалы 
органикалық қосылыс болып табылады.  Оларға амфотерлік қасиет 
төн, сондықтан олар буферлік қызмет атқарады. Амин қышқылдары 
карбон қышқылдарының туындылары болып табылады. Қазіргі кез- 
де  150-ден астам амин қышқылдары белгілі. Көптеген амин қышқыл- 
дары дөрмендөрілердің, антибиотиктердің, гормондардың,  алкало- 
идтарды ң  жөне  б асқ а  б и ологиялы қ  белсенді  қосы лы старды ң 
ізашарлары болып саналады. Амин қышқылдарыньщ басым мөлшері 
организмде еркін күйде болады да, тек 20 амин қышқылдары бело- 
ктар  құрамы на  енеді.  Осы  амин  қыш қылдары  белоктық  немесе 
протеиногенді (белок түзуші) қышқылдар деп аталынады.  Бұл амин 
қышқылдарына ферменттердің өсерімен аминді не карбоксильді топ- 
тармен байланысып, полипептидтік тізбек құратын қасиет тән. Жеке 
белок құрамы на барлық белгілі амин қыш қылдары  ене бермейді. 
Кейбір белокгың құрамына  14-15  амин қыш қылы енсе, протамин, 
сурин, салмин сияқты белоктардың құрамына бар болғаны 3-4 амин 
қышқылдары енеді.
Белоктардың дұрыс алмасып, синтезделуі үшін организм сыртқы 
ортадан өртүрлі амин қышқылдарын қабылдап отыру керек.  Бірақ 
рацион құрамында организмге қажет барлық амин қышқылдарының 
болуы мүмкін емес. Осымен байланысты бірқатар амин қышқылда- 
ры  организмнің  өзінде  қайта  аминдеу  процесінің  нөтижесінде 
синтезделеді.  М ысалы,  организм де  ф енилаланиннен  тирозин 
түзіледі.  Осындай хим иялы қ жолмен организмнің өзінде синтез- 
делетін амин қышқылдарын алмастыршатын амин қышқшдары деп 
атайды.  Оларға аланин, глицин, пролин,  серин,  аспарагин және глута­
мин қышқылдары жатады.
Өсімдіктер  өздеріне  қажетті  барлық  амин  қышқылдарын  көмір 
қы ш қы л газ, су мен аммиакты пайдаланып, синтездеп алады. Адам 
мен көптеген жануарлар біраз белок түзуші амин қышқылдарын син- 
тездеу қабілетін жоғалтып алған.  Мұндай амин қышқылдары алмас- 
тырылмайтын амин қышқьілдары деп аталады, оларды организм ра­
цион  құрамында қабылдау керек.  Алмастырылмайтын  амин қыш- 
қылдарына  лизин,  валин,  лейцин,  изолейцин,  треонин,  фенилаланин, 
триптофан, метионин,  аргинин,  гистидин жатады.  Қустар ушін бұл 
топқа глицин мен глутамин қыиіқылы да қосылады. Рационда аталган 
ам и н   қы ш қы лдары   тапш ы   болса  белок  биосинтезі  бұзылып, 
организмнің өсіп-дамуы тежеледі, ол өртүрлі ауруға ұшырайды.
136
Амин  қы ш қы лдық  құрамына  қарай  белоктар  құнарлы  (толық 
құнды) және қүнарсыз (толық құнсыз) болып бөлінеді. Құрамында 
барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары кездесетін белоктар- 
ды  толық  қүнды  белоктар деп  атайды.  Егер  белок  қүрамында  бір 
гана алмастырылмайтын амин қышқылы болмаса, оны құнарсыз бе­
лок дейді. Қүнарсыз белоктар тобына желатин, легумин, гиадин т.с.с. 
белоктар жатады. Рационға құгіарсыз белоктардьщ бірнеше түрін қосу 
арқылы организм қорекпен барлық алмастырылмайтьш қышқылдар- 
ды алатындай жағдай туғызуға болады.
Амин қышқылдық қүрамына байланысты белоктың организмдегі 
синтездік процестерде пайдаланылу деңгейі өзгеріп отырады. Осы­
мен  байланысты  белоктың  биологиялық  қундылыгы  деген  ұғым 
қалыптасқан.  Құрамындағы амин қы ш қы лдары ны ң арақатынасы 
организмдегі синтездік процестердің қальшты деңгейін қамтамасыз 
ететін белокты биологиялық толық қүнды белок деп атайды. Белок- 
тың биологиялық құндылығы рацион құрамындағы  100 г белоктан 
организмде  түзілген  белок  мөлшерімен  өлшенеді.  Ж ануар  тектес 
қоректің (ет, сүт, жүмыртқа) биологиялық қүндьиіығы өте жоғары 
(70-95%  деңгейінде),  ал  өсімдік  белогының  (қара  бидай,  сүлы) 
қүндылығы  -  60-65%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет