Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет75/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

157-сурақ.  Организмде липидтер алмасуы қалай журеді?
Ac қорыту жолында (ішек қусында) қорек қүрамындағы майдың 
бір бөлігі (30-40 пайызы) моно- жөне диглицеридтер мен май қыш- 
қылдарына ыдырайды. Глицерин ішектен оңай сіңіріледі, ал май қыш- 
қылдары өт қьппқылдарымен өрекетгесіп, холеинді кешен түзген соң 
ғана сіңеді.  Ішек қабырғасында глицерин, май қьпиқыддары, моно-, 
ди- жөне үшглицеридтер мен май қышқылдарынан негізінен хило- 
микрондар мен тығыздығы томен липопротеидтер түзіледі. Хиломик- 
рон деп ж үқа белокты қабы қпен қапталған бейтарап май молекула- 
ларын айтады. Хиломикрондар мен липопротеидтер негізінен лим- 
фаға  сіңіп,  көкіректік  лимфа  өзегі  арқылы  жалпы  қан   айналым 
шеңберіне қосылады. Эфирленбеген май қьппқылдарының қалдық- 
тары (негізінен орташа үзындықты тізбекті қышқылдар) қанға сіңіп, 
бауырға тасымалданады. Орта есеппен майлардың ыдырау өнімдерінің 
70  пайы зы   лимфаға,  ал  30  пайызы  қанға  сіңіріледі.  Қүстарда 
липидтердің ыдырау өнімдері толығымен қанға сіңіп, бауыр арқылы 
жалпы айналымға қосылады.
146
Қанға сіңген май бауырда қайтадан глицерин мен май қы ш қы л- 
дарына ыдырайды. Глицерин глюкозаға айналып, гликоген түрінде 
қорға жиналады. Ал май қышқылдары бета-окси, бета-кетоқышқыл- 
дар сатысынан өтіп, сірке қышқылына айналады да, ол тотығып, су, 
көмір қьппқыл газы жөне энергия бөлінеді. Бауыр торшаларында (гепа- 
тоциттерде) организмге тән үшглицеридтер, фосфолшшдтер жөне холес­
терин мен кетонды затгар да түзіліп, олар қанға шығарылып отырады.
Лимфаға  сіңген  хиломикрондар  мен  липопротеидтердің  көп 
мөлшерін өкпенің ерекше торшалары - гистиоциттер сүзіп алады да, 
олар осы жерде тотығу процесіне үшырап, энергияға айналады. Бұл 
процестің суық аймақта тіршілік ететін жануарлар үшін маңызы зор. 
Өкпеден өткен хиломикрондар бүкіл денеге тарап, олар май қорына 
айналады. Май ұлпасының адипоцитгерінде май көмірсулар мен бе- 
локтардьщ азотсыз қалдығынан да түзіледі. Әрбір организмде оның 
өзіне ғана төн май жинақталады.  Олар еру температурасымен,  йод 
санымен, консистенциясымен, қаныққан жөне қанықпаған май қыш- 
қылдарының санымен ерекшеленеді. Осьщан өр түрлі жануарлар май- 
ының еру температурасы өртүрлі.  Ол мына көрсеткіпггермен сипат- 
талады:  сиыр  майы  -  19-24,5  °С,  жылқы  майы  -   28-32  °С,  ш ош қа 
майы  -  36-46  °С,  тауық  майы  -  33-40  °С,  қаз майы  -  26-34  °С,  қой 
майы  - 44-50 °С, сиырдьщ тоң майы -  31-38 °С, ит майы -  37-40 °С.
Организмге сыртқы ортадан энергия көзі аз мөлшерде түссе, онда 
ол қуатты қорға жиналған майлардан алады. Бұл жағдайда үлпалар- 
дағы май липаза ферментінің өсерімен глицерин мен май қы ш қы л- 
дарына ьщырайды да,  тотығу процесінен кейін су мен көмір қы ш - 
қыл газы түзіліп, энергия бөлінеді.
Қордағы  май басқа жолмен де пайдаланылуы  мүмкін.  Бұл жағ- 
дайда май өз қоймаларынан қанға бөлініп, бауырға тасымалданады 
да, онда глицерин мен май қышқылдарына ыдырағаннан кейін энер­
гия  көзіне айналады.  Үлпалардан майлар липотропты   заттардың 
(холин, коламин, серин, инозит, метионин, бетаин т.б.) қатысуымен 
тасымалданады. Бүл заттар бауырды шырланудан сақтап, майдьщ баска 
ұлпаларға тасымалдануын жеңілдетеді. Бауырда май гидрогенизация, 
дегидрогенизация  процестеріне  ұшырап,  май  қы ш қы лдары ны ң 
тізбектері ұзарып, не қысқарып отыруы да мүмкін.
Май қышқылдарының аралық өнімдерінің ыдырауы кезінде ке­
тонды  затгар  -  ацетон,  ацетон-сірке,  бета-окси  май  қышқылдары 
түзіледі.  Липидтердің  алмасуы  бұзылса,  немесе  мал  рационында 
көмірсулар тапшы болса бұл қосылыстар организмде көп мөлшерде 
жинақталып, кетоз ауруы туындайды.
Липидтер алмасуын реттейтін орталық гипоталамуста (аралық ми) 
орналасады. Бұл орталық липогенез (майдың түзілуі) жөне липолиз
147


(майдың ыдырауы) процестерін ретгейді. Қан құрамында қант деңгейі 
жоғарыласа липолиз баяулап, липогенез күшейеді, ал ол төмендесе - 
онда кері құбылыс байқалады. Симпатикалық нерв липолизді, пара- 
симпатикалық нерв - липогенезді күшейтеді. Липолиздік эсер адре­
налин, норадреналин, соматотрошы гормон (СТГ), тиреотропты гор­
мон  (ТТГ),  тироксин,  глюкагон  гормондарына  тән,  ал  инсулин  - 
липогенезді күшейтеді. Инсулин май торшалары мембранасы рецеп- 
торларымен байланысып, адреналин мен норадреналин өсерін тежейді 
де, липаза ферментінің белсенділігін төмендетеді.  Глюкокортикоид- 
тар да глюконеогенез процесін күшейтіп, қандағы глюкоза деңгейін 
жоғарылату арқылы майлардың пайдалануын (шығынын) баяулата- 
ды. Липокаин май қышқылдарының тотығуын күшейтіп,  бауырды 
шырланудан сақтайды.
Липидтердің алмасу қарқынына олардың ыдырау өнімдері де эсер 
етеді.  Глицерин майлардың ыдырауын шапшандатса, май қыш қыл- 
дары оны бөгейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет