Байланысты: nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy
159-сурақ. Торша м ен организм қурамындагы хим иялы қ элементтердің маңызы қандай? Әр түрлі организмдер торшасының өзіне төн өзгешеліктері болға-
нымен, олар құрамындағы химиялық элементтер сипаты жағынан
ұқсас келеді. Жалпы торша құрамында Д.И.Менделеев таблицасы-
ның 70 элемегаі кездескенімен, тірі организмдерде олардьщ 24 тұрақты
түрде ұшырасады. Торша құрамында 62% шамасында оттегі, 20%
шамасында көміртегі, 10% шамасында сутегі жөне 3% шамасында
азот болады. Отгегі мен сутеіі су мен органикалық затгар құрамына
енсе, көміртегі - органикалық затгар негізін құрайды. Азот амин
қышқылдарының, белокгардың, нуклеин қышқылдарының, АТФ-
ның, гемоглобиннің, көптеген ферменттер мен дөрмендәрілердің
құрамына енеді.
Торша қүрамында 2,5% шамасында кальций, 1% шамасында
фосфор кездеседі. Кальций сүйек ұлпасы мен тіс кіреукесінің құра-
мына енеді, қанның үю процесін, ет талшықтарының жиырылуын
жандандырады, торша мембранасының өтімділігін реттейді. Фосфор
да сүйек ұлпасы мен тіс кіреукесінің, нуклеин қышқылдарының
АТФ-тың, кейбір ферментгердің құрамына енеді.
Кальций - ұлпалық сұйық, қан қүрамында болады, оның ионда-
ры көптеген ферменттік процестердің жүруін қамтамасыз етеді,
бұлшық ет пен нерв жүйесінің қозғыштығын төмендетіп, торша
мембранасының өтімділігін азайтады, жүрек қызметін реттеуде ма-
ңызды қызмет атқарады.
Фосфор - аралық зат алмасу процесінде маңызды рөл атқарады.
Оның қатысуымен көмірсулардың фосфорлану процесі жүреді, қан-
ның қьппқыл-сілтілік тепе-тендігі қамтамасыз етіледі, бұлшық етгің
жиырылуын қуатгандыратын биохимиялық процестер атқарылады.
Кукірт (мөлшері 0,25% шамасында) - цистеин, цистин, метионин
амин қышқылдарының, В, дәрмендөрісі мен кейбір ферментгердің
қүрамына енеді. Организмде ол креатин, муцин, глютатион, инсу
лин, питуитрин, кофермент А, таурин мен оның туындылары қүра-
мыңда кездеседі. Бүл элемент жүннің, мүйіздің, құс қауырсыны мен
мамығының қүрамында көп мөлшерде кездеседі. Ол организмде күкірт
қьппқылын түзіп, тоқ ішекте түзілетін уытты затгарды залалсыздан-
дыруда маңызды қызмет атқарады.
150
Торша қүрамында калий да ион түрінде едөуір мөлшерде кездеседі
(0,25%). Ол белок синтезін қамтамасыз ететін ферментгердің өрекетін
жандандырады, жүрек жұмысын реттеуге қатысады, нерв жүйесі мен
бұлшық еттің қозғыштыгын төмендетеді, қозу толқынын таратуда,
ацетилхолин медиаторын түзуде маңызды рөл атқарады.
Натрий - торшада тек ион түрінде кездеседі. Ол негізінен дене
сұйықтықтарының құрамында болады да, қан мен лимфаның осмос
тык, қысымын ретгеуде маңызды рөл атқарады. Натрий буферлік жүйе
құрамына еніп, қанның өрекетшіл ортасын реттеуге, қозу процесінің
туындап, таралу процесіне қатысады, гормондар синтезіне эсер етеді.
Хлор - организмде теріс зарядты иондар түрінде кездеседі, натрий
жөне калий иондарымен байланыста болады, торшада қозу процесінің
туындауында маңызды рөл атқарады, қарын сөлі қүрамындағы тұз
қышқьілының қүрамына енеді.
Магний - торша ішінде жинақталатын катион. Ол митохондрия-
ларда шоғырланады, тотықтыргыш фосфорлану процесінің
белсендірушісі болып табылады да, қуат алмасуын, Д Н К синтезін
жандандырады, актин мен миозинді жалғастыратын магнийлі белок
комплексінің қүрамьша еніп, бүлшық еттің жиырылуын қамтамасыз
етуде маңызды рөл атқарады. Магний гликолиз процесін реттейтін
көптеген ферменттік жүйелердің қүрамына енеді, кальцийдің кере-
ғары болып табылады. Қан құрамында магний мөлшері өссе, нерв
жүйесінің қозғыштығы төмендеп, нерв орталықтарының қызметі
тежеледі, организмді үйқы басып, селқостық (апатия) байқалады.