103
салалар айқындалады» [140].
«Есімдер жеке тұлға болмысының түрлерін көрсетеді. Бұл сөздер
айқындайтын ең терең маңыз, өйткені сөз нақты адам баласына қатысты.
Есімде жеке тұлғаның бастамасы айқындалып, ол тұлғаның ең бір
адекватты бөлігі» [139, 49 б.]. Ертегі дискурсындағы жалқы есімдерді
«менталды құрылымдарға» теңеуге болады. Олар бірнеше ұрпақ
тәжірибесін бойына сіңіріп, көрнекі түрде белгілі бір халық сипатында
баяндаудың көп қабаттылығын айқындайды.
Мысалы, қазақ ертегілерінде төрт түлік малдың барлығы дерлік
кездесіп отырады. Алайда, қиял-ғажайып ертегілерде көбінесе жылқы мен
түйеге ерекше мән беріледі және олардың өз есімдері де болады. Бұл ретте
«Ер Төстік» ертегісін атап өткен жөн. Өйткені ертегіде Шалқұйрық негізгі
кейіпкерлердің қатарынан табылады. Шалқұйрықты ұсынған Кенжекей
ақылды, білгір жан ретінде сипатталады. Кенжекей Ер Төстікке қосылып,
елінен кетерде, әкесінен еншісіне «Шалқұйрықты, қүба інгенді, ақсырмалы
сауытты» сұрайды. Бірақ әкесі Кенжекейдің өтінішін құп көрмейді. Сонда
қызы былай дейді: «
Шалқұйрықты сұрағаным – ерге лайық ат еді, ер
мінсін деп едім, құба інгенді сүрағаным – ер қосын артсын деп едім,
Достарыңызбен бөлісу: