Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті



Pdf көрінісі
бет64/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83
Байланысты:
disser

 
 
 
3.2 «Ертегі кейіпкерлері есімдерінің лингвомәдени сипаты»  
Қазақ  және  ағылшын  қиял-ғажайып  ертегілері  үстіңгі  құрылым 
деңгейінде  сюжеті  мен  кейіпкерлері  бойынша  сәйкес  келгенімен,  терең 
құрылымында  айырмашылықтар  байқалады.  Ертегіні  баяндаудың  терең 
құрылымы  көптеген  ерекше  мәденитанымдық  маркерлерден  құралып, 
олар  бала  санасына  әсер  етіп,  белгілі  бір  ұлтқа  тән  ғалам  бейнесін 
қалыптастырады.  Әсіресе,  атап  айтқанда,  ертегі  кейіпкерлерінің  аттары 
мен  оларға  қатысты  сан  жүйелерінің,  сондай-ақ  сценарийлерге 
қатысушылардың көздеген мақсаттарының ықпалы ерекше болып келеді.  
Мысалы,  қазақ  ертегілерінде  жиі  кездесетін  кейіпкерлердің  бірі  – 
Таусоғар,  Желаяқ,  Саққұлақ  және  Көлтауысар.  Бұл  ертегі  кейіпкерелер 
мифологиялық  таным  бойынша,  «арғы  әлем»  мен  «осы  әлем» 
шекарасында  өмір  сүрген.  Ертегі  сюжеті  бойынша,  олар  үнемі  басты 
кейіпкерге  көмек  көрсетіп,  «арғы  әлем»  өкілін  жеңуге  септігін  тигізеді. 
Олар  қайтар  жолда  әрқайсысы  өз  мекенінде  қалып  отырады:  «Сол 
тастарыммен  жүріп,  қашқан  киіктерден  ағып  өтіп  кетпей,  дәл  жетіп 
ұстаймын. Желаяқ деген жүйрікпін»,  - дейді кісі. «Жер астының атақты 
тыңшысымын,  қандай  жасырын  әңгіме  болса  да,  тыңдап  біліп  аламын, 
менен  жасырын  сыр  болмайды.  Алыстағыны,  жақындағыны  түгел 
еститін  Саққұлақ  деген  ер  мен  боламын»,  -  дейді. «Жұрттан  асқан 
алыппын,  жердің  үстінде  де,  астында  да  маған  шақ  келетін  адам  жоқ, 
қайратым  ішіме  сыймаған  соң,  тауларды  көтеріп  ермек  қыламын, 
Таусоғар  деген  ермін»,  -  дейді  кісі. «Жер-жаһанда  бар  нәрсенің 
мешікейімін. Маған бұл жалғанда тойым жоқ. Бір көлдің суы қарныма түк 
болмайды,  қанша  үлкен  дария  болса  да,  бір-ақ  ұрттаймын.  Көлтауысар 
деген  ер  боламын»,  -  дейді  кісі. «Жер  астының  қырағысымын.  Төстік, 
сенің  не  күйге  ұшырағаныңның  бәрін  көріп  отырмын.  Бар  өнерім 


 
101 
 
қырағылық,  жердің  асты-үстінде  менің  көзіме  қағыс  жер  жоқ,  қандай 
нәрсе болса да, анықтап қарасам, бәрін де көремін», - дейді кісі; Төстіктің 
келе  жатқанын  естіп,  көшіп  кетіп  қалған  екен.  Саққұлак  тыңдап  көрсе, 
адам  баспас  деген  жерге  қонып  жатқан  хабары  естіледі.  Қырағы  көз 
жіберіп еді, алты таудың ар жағында, жеті көлдің желкесіндегі жалпақ 
жартастың  астына  барып  тығылған  екен. Таусоғар  жолдағы  тауларды 
орнынан алып, көшіріп қоя салады. Көлжұтқыш көлдерді ұрттап, суалта 
салады.  Ер  Төстік  жолдастарымен  көзді  ашып-жұмғанша  Темір  ханның 
аулына жетіп келеді».  
«Тот  Tit  Tot»  ағылшын  қиял-ғажайып  ертегісінің  тілі  –  бала 
санасының  ерекше  кілті  іспеттес.  Өйткені  бұл  ертегінің  негізінде  ежелгі 
инициация  (басты  кейіпкердің  сынақтары)  рәсімі  жатыр.  Семиотикалық 
тұрғыдан алғанда, басты кейіпкердің инициациясы, мәселен, магиялық жан 
иесінің  есімін  табу  –  бұл  ертегінің  жасырын  кодтарының  негізгі  элементі 
болып табылады. Сондықтан да үстіңгі құрылым деңгейінде кейіпкерлердің 
сынақтан өтуі бір сценарий бойынша жүзеге асырылса, сынақ астарындағы 
негізгі  мәденитанымдық  ақпарат  түрліше  болып  келеді.  Сынақтар  саны  да 
әр  -түрлі  және  ол  сандардың  қабылдануына  да  тікелей  әсерін  тигізері 
сөзсіз.  
Ю.М.Лотманның  пікірінше:  «Адам  табиғатының  ең  бір  қарқынды 
көрініс  беруі  өз  есімін  қолдануы  болып  саналады...  Мен  және  басқа  біреу 
дегеніміз  –  өз  сана-сезім  біртұтас  актісінің  екі  жағы  болып  есептеледі» 
[133].  Осымен  байланысты  дәл  осы  өз  есімін  қолдану  адамды  жан-
жануарлардан  ажыратып  тұр.  Ертегі  желісіндегі  жалқы  есімдердің 
қолданылуы  баланың  сөз  шығармашылығы  дамуына  тиісті  ықпал  етеді. 
Халық ертегілерінде «есім»  негізгі қызметті атқарады деуге де болады. Ол 
негізгі  ақпарат  иесі  болып  саналады.  Халық  шығармашылығында 
соншалықты  көп  есім  қолданбағанын  байқауға  әбден  болады.  Алайда 
белгілі бір мәдени қабатты жасаушы дәл осы есімдер.   
Қазіргі  қоғамда  адам  аттарына  қатысты  жалқы  есімдер  жаппай 
мағынасыз  көшірмеге  айналып  бара  жатқаны  белгілі.  Ал  ертегідегі  жалқы 
есімдер  ақпарат  берудің  негізгі  құралы.  Яғни  қазіргі  мифтен  алыстап 
кеткен  қоғамда  жалқы  есімдер  аталымның  жіктемелік  жүйесінің  мүшесі 
ғана ретінде танылып, негізгі аталымдық қызметтің екі аспектісінде жүзеге 
асырылады:  дистинктивті  (жеке  тұлғаны  бір  ұжымының  ішінде  ажыратып 
көрсетуші)  және  интеграциялық  (бір  есім  иелерін  бір  топқа  жатқызу). 
Басқаша  айтқанда,  «жалқы  есімдер  өз-өзіне  ғана  бағытталған  код 
жағдаятын айқындайды» [134].   
Ал  мифологиялық  дәстүрде  мүлдем  басқа  жағдаят  орын  алған 
болатын.  Этнография  саласында  жұмсалымдық  бағытты  қалыптастырған 
ғалым  Б.Малиновский  «қажеттілік»  (needs)  теориясын  ұсынғаны  белгілі. 
Бұл  теория  бойынша,  архаикалық  тайпа  мәдениетін  құраушы  элементтер 
(жалқы  есімнен  мифке  дейін)  аса  қажеттіліктен  туындайтын  белгілі  бір 
сұраққа  жауап  (answer)
 
ретінде  пайда  болады  екен.  Осы  концепция 


 
102 
 
тұрғысынан  атау,  есім  ойын  немесе  ойын-сауық  емес,  керісінше  адамның 
терең  дүниесімен,  табиғатымен  байланысты  абсолюттік  қажеттілік.  Адам 
есімі  ішкі  субстанция  ретіндегі  мифологиялық  түсінік  кейбір  мәдени-
тарихи  дәстүрлерде  орын  алғаны  белгілі:  «нәрестеге  есім  беру  оның 
маңызын табу формасына айналған» [135].  
«Есім  заттың  шартты  атауы  ғана  емес,  ол  сол  затты  қалай  пайдалану 
қажеттілігін  де  айқындап  тұрған  немесе  аталушы  нысанның  мінез-құлқын 
да  түсіндірген.  Есімнің  өзінде  адамның  сыртқы  келбеті,  мінезі,  қызметі 
немесе  кәсібі  айқындалған»  [136].  Әсіресе,  бұл  дәстүр  қазақ  мәдениетінде 
әлі  күнге  дейін  сақталған:  Құдайберген,    Тұрсын,  Ұлжан,  Ақмарал, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет