106
белгілі бір даму кезеңінде жалқы және жалпы есімдер арасында
принципиалды айырмашылық болмайды. Бұл ретте, О.Якобсонның
керемет жасаған тұжырымын келтіруге болады: алғаш бала игеретін
сөздер жалқы есімдер болады және сөйлеудің афатикалық бұзылуында
олар ең соңғы кезекте ғана жоғалады» [145, 64 б.].
Оның үстіне «Jack» есіміне қатысты ағылшын және америкалық
зерттеушілері арасында күрделі пікірсайыс орын алғанын атап кеткен
жөн. Р.Кавендиш: «Джек есімі ең алғашқы халық ертегілерінің жазба
ескерткіштеріне жатқызылады. Алайда, он бесінші ғасырдың ортасында
Джек және Джил есімдері «the Coventry Mystery Plays» және «the
Towneley Mystery Plays» туындыларында кездеседі. Олар қарапайым ұл
және қыз баланы сипаттайды» [146]. Он сегізінші ғасырдың бас кезеңінде
бұл есім ағылшын халық мәдениетінде тұрақты орын алады [147]. Халық
эпосының басты кейіпкері Джек британдықтарға тән келетін көптеген
мінез-құлық белгілерін айқындайды. Джек ертегілердің басты кейіпкері:
қу капиталист, аңқау және тәжірибесі жоқ бала, үнемі жеңіске жететін
қаһарман немесе зардап шегуші, тіптім көктем символы да (The Green
Man of Britain) [146, 117 б.].
Британ қоғамының даму барысында жаңа құндылықтар, ниет-
мақсаттар пайда бола бастайды, сонымен қатар Джек те ағылшын
халқымен бірге өзгеріп, британ ұлтының өкіліне, қарапайым адамына тән
келетін маңызды қасиеттерге ие болады. Сөйтіп халық эпосының
кейіпкеріне ұқсас бейнелер көптеген еуропа тілдерінде Jankin, Hans,
Hansel, Jean, Jake, Jock, немесе Juan ретінде қалыптасады.
Эмигранттармен бірге «Джек» Америкаға да барады. Тіпті, Кариб
аралдарынан да шығады [147, 16 б.].
Америка мемлекетінде халық қиял-ғажайып ертегілерінің басты
кейіпкері Джек күрделі трансформацияға ұшырайды. Жаңаша жағдай-
ахуал басты кейіпкерден ерекше, ғажайып қасиеттерді талап етеді.
Сондықтан да «Джек» Р.Чейздің 1943 жылы жарық көрген «The Jack
Tales» ертегілер жинағының көмегімен америкалық қоғамға бірден сіңісіп
кетеді. Америкалық Джек өзінің ағылшындық аттасына мүлдем
ұқсамайды және Р.Чейздің тұжырымдауынша, Джек – нағыз америкалық
кейіпкер, сол себепті де ағылшындық Джекке ешбір қатысы жоқ: «
Folk
prosody rarely has presented so well-rounded a figure as Jack. Reynard is a
one-sided rogue, the heroes of European collections of talcs arc many; other
central characters are supennen or gods. Br'er Rabbit seems to be the only one
who shows many facets of charactcr in a connected series of stories. Jack,
however, is thoroughly human, the unassuming representative of a very large
Достарыңызбен бөлісу: