part of the American people» [148].
«Р.Чейз ашық айтады: Джек – нағыз американдық кейіпкер, оның
британ аралас-құралас тамырлары жоқ. Алайда, кейіннен көптеген
фольклор зерттеушілері Р.Чейздің бұл көзқарастарын жоққа шығарады»
[147, 25 б.]. Белгілі ғалым К.Линдал былай дейді: «Америкалық Джек пен
107
британдық Джектің айырмашылығы, олардың мінез-құлықтарында да
емес, оның айналасындағы басқа ертегі кейіпкерлерінде. Америкалық
Джек үнемі жалғыз, ол ешкімге сенбейді, тек өзіне ғана сенеді. Ал бұл
дегеніміз – таза америкалық қоғам құрылысына сәйкес келетін тәртіп -
«self-reliance» негіздердің негізі. Ол негізгі алты құндылықтың бірі «one
has to pay for individual freedom». «The defining trait of Chase's and
Hoffman's hero is his isolation, expressed in his separation from home and
parents, his traveling and working alone, and his self-reliance and lack of
interest in a mate» [15, 24 б.].
Америкалық Джекті өзгешелеп тұрған басты белгі – өз күшіне деген
сенімі; қиындықтарды жеңуде ол тек өз күшіне ғана сенеді. Ал ағылшын
ертегілерінің басты кейіпкеріне сиқырлы жан иелері көмек береді. Олар
алдымен оны сынайды, сонан соң оған сиқырлы заттарды сыйға тартады.
Айта кететін тағы бір ерекшелік, ол басты кейіпкер жолында кездесетін
көмекшілер жайында: егер ағылшын ертегілерінде ол сиқырлы күш иесі
ергежейлі (гном) немесе ақ басты кедей бейшара болса, америкалық
фольклорда ол үнемі бай шаруашылық иесі болады: «In Britain, the donor
is usually a magical being - a dwarf or, more often, a white-haired «beggar»
with magic powers. Jack passes a test of virtue, usually by giving the last of
his food to the man, who then rewards Jack with a magic gilt to help defeat the
evil king or giant. The typical American donor is a rich landed man. Jack
works to earn money from this man or - far more rarely - to win the man's
daughter as a wife. The donor has no magic to lend Jack but normally
provides food, clothes, weapons, or money. It often happens that Jack
ultimately gives his donor more valuable help than the donor has given him. A
rich man may give Jack a thousand dollars, and some food if Jack kills the
giant, but when Jack succeeds, the donor prospers more than Jack does» [147,
28 б.].
Сонымен, туыс болып келетін мәдениеттердің өзінде де үлкен
айырмашылықтар орын алады. Ал басты кейіпкерлердің есімдері белгілі
бір халықтың ең маңызды деп саналатын ұлттық белгілерін айқындайды.
Халық эпосының кейіпкерлері сол ұлттың тұрмыс-тіршілігін көрсетеді.
Сол себепті де америкалық Джек тек өзіне ғана сенеді, өйткені ол сол
қоғамның жарқын өкілі, ал ағылшындық Джек сиқыршы көмекшілердің
көмегіне жүгінеді. Яғни америкалық Джекті өз бақытын ешбір
кедергілерге қарамастан өзі жасауға қабілетті ертегі кейіпкерлерінің жаңа
формациясы деп санаймыз.
Ертегі кейіпкерлерін есімі бір сөзбен берілетін білім, тәжірибе және
салт-дәстүрлер жиынтығын айқындайды. Бұл өз алдына бір халықтың
архетипі, өйткені: «жалқы есімдер жүйесі табиғи тілдің тек категориялық
саласын ғана жасамайды, сонымен қатар оның ерекше мифологиялық
қабатын да құрайды. Бірнеше тілдік жағдаяттар тұрғысынан алатын
болсақ, жалқы есімдердің болмысы басқа тілдік категорияларға қарағанда
ерекше көрініс береді. Бұл табиғи тілдің ортасына енгізілген өзгеше бір
108
тіл сияқты деген ой келеді» [145, 62 б.].
Сонымен,
көптеген
ертегікейіпкерлерінің
есімдері
ежелгі
мифологияға тікелей қатысты өзіне сәйкес мәтіндердің ықшамдалған
формасын болып, мифтік символдар ретінде танылады. Сондықтан да
фольклор шығармаларындағы жалқы есімдерді зерттеу белгілі бір
халықтың жасырын тарихын, ежелгі білімдер жүйесін айқындауға толық
негіз бола алады. Сонымен бірге ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған қиял-
ғажайып ертегілері халқының әдеп-ғұрыптарын, мінез-құлқын, жан
дүниесін жете түсінуге де мүмкіндік берері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |