112
жауыз өгей шешей сазайын тартады.
«Өгей шешенің зұлымдығы» ертегісінде де шымшық үш рет ән
айтып, әкесі мен өгей шешесіне жазасын тартқызады:
«
Әкем мені сойды екеш,
Апам аты Қарлығаш.
Ақ шүберекке түйді екеш,
Тоғай басына қойды екеш.
Тоғай басы есіркеп,
Құйрық, қанат берді екеш».
Үш саны барлық әлем халықтарының қиял-ғажайып ертегілерінің
негізінде алынған десек те қателеспейміз. Ол ертегі баяндаудың орталығы
іспеттес. Көп жағдайда жоспарлардың, қайталамалардың, қызметтердің
түйіскен жерінің ортақ нүктесі болып табылады. Мысалы, «жетіспеушілік
кейіпкерге айтылады» сценарийі үш рет қайталанады. Ол ертегі
дискурсының үстіңгі құрылым деңгейіндегі үш элементарлық сюжетті
және терең құрылым деңгейіндегі үш жоспарды ашады. «Қиын тапсырма»
сценарийі қазақ, сондай-ақ ағылшын ертегілерінде де үш жоспардың
түйіскен жерінде орын алады. Ертегі әңгімесінің шыңы «үш деңгейлік»
«uoutopy» арқасында жүзеге асырылады. Терең құрылым деңгейінде
сандар оқырманға белгілі бір мәдениетке тән мифтерге, ежелгі
архетиптерге қарай жол сілтейді. «Үш» саны буын құраушы негіз ретінде
қазақ және ағылшын ертегілерінде жиі көрініс табады.
«Three leather» ертегісінде үш сиқырлы қауырсын кейіпкерге бүкіл
сынақтардан өтуге көмектеседі: «
'I hen he told her to take three feathers
from under his side, and whatever she wished through them would come to
pass». Яғни, үш саны «тұрмыс-тіршілік пен ойлаудың негізгі
категориясы» ретінде танылады [156]. Әрі қарай П.А.Флоренский:
«Кеңістікте біз үш өлшемді ажыратып көрсетеміз; уақыт үштікпен
сипатталады: өткен шақ, осы шақ, келер шақ; үш грамматикалық жақ –
түрлі тілдердің іргетасын құрайды; отбасы негізінде үштік биологиялық
дерек жатыр: әкесі, анасы, баласы; жеке тұлға үш негізден құралады:
дене, жан және рух және оның әрбір қозғалысының астарында үштікке
деген ұмтылыс бар: ақылға, жігерге және сезімге; ақыл-естің
диалектикалық қозғалысы да үштіктен тұрады: тезис, антитезис және
синтез», - деп тұжырымдайды [156, 459-460 бб.].
Осыған сәйкес, инициация рәсімімен байланысты символдар: сыйға
тартушымен кездесу, қиын тапсырмалар үнемі үш реттен болады. Өзінің
басқа кейпіне ие болуы үшін кейіпкер үш сынақтан өтуі қажет: «
One day
he sent him out to sell a sheepskin, and Gobbom said. «You must bring me
back the skin and Lhe value oi’ii as well». So Jack started, but he could nol
find any who would leave him the skin and give him its price too. So he came
Достарыңызбен бөлісу: