Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті


    Қиял-ғажайып  ертегілеріндегі  сан  ұғымының  мәдени



Pdf көрінісі
бет69/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   83
Байланысты:
disser

 
3.3    Қиял-ғажайып  ертегілеріндегі  сан  ұғымының  мәдени 
маркер ретіндегі сипаты  
Сан  –  ерекше  мәдени  код  элементі  ретінде  халық  қиял-ғажайып 
ертегілерінің  үстіңгі  және  терең  құрылымдарын  өзара  байланыстырады. 
Сондай-ақ  терең  құрылымдардың  негізгі  элементі  (мәдениет  құраушы 
маркер)  бола  тұрып,  ол  үстіңгі  құрылым  деңгейінде  ертегіні  белгілі  бір 
түрде  ұйымдастырады.  Үш  реттік  қайталаулар  арқылы  ертегіде  баяндау 
қажетті  шиеленіске  жетіп,  оқырман  ертегі  кейіпкерлерімен  бірге 
сәтсіздіктер  мен  қуанышты  жағдаяттарды  басынан  өткеріп,  байқамастан 
ертегі  дискурсына  еніп  кетеді.  Ертегі  сюжетінің  дамуы  үнемі  белгілі  бір 
сандар  үлгісі  мен  үстіңгі  құрылым  деңгейіндегі  әмбебап  матрицалар 
бойынша  құрылып,  ерекше  гипноз  тетігі  секілді  қабылданады:  ертегіні 
оқып бастағанда аяғына дейін жетпей тоқтай алмай қаласың.  
Екінші  бір  жағынан  сандар  терең  құрылымдар  деңгейінде 
әлеуметтік-мәдени кодтарды қозғап, балаларды белгілі бір ұлттың мәдени 
құндылықтардан  тұратын  күрделі  және  тартысты  әлеміне  жетелейді. 
Ойын  секілді  қабылданатын  ертегі  көптеген  қарапайым  тұрмыс-
тіршілікке  қатысты  сценарийлерді  ұсынады.  Балалар  тіпті  өздері  оны 
білместен мәдени архетиптерді ұғына бастайды. Ал ол сол қоғам үшін ең 
релевантты  болып  саналатын  қажетті  мінез-құлық  мәденитанымдық 
үлгілер қалыптастыруға септігін тигізеді.   
О.Шпенглер:  «Сандардың  пайда  болуы  мифке  ұқсас.  Алғашқы 
қауым адамы құдай  санатында («numina»)  айқындауға  келмейтін  табиғат 
көріністерін  («өзге»)  көтерген.  Оларға  есім  беріп,  өзара  ажыратып 
жалбарынған.  Сол секілді  сандар да  –  табиғи құбылыстарды ажыратушы 
және  оларға  жалбарынышты  қызметті  атқарған.  Есімдер  мен  сандар 
арқылы  адам  түсінігі  әлемге  билік  жүргізген»,  -  деп  көрсетеді  [148,  206 
б.]. 
Сандар,  әсіресе  натурал  сандар  феномені  түрлі  мәдени  және 
қоғамдық  көзқарастардың  «омыртқасы»  тірегі  рөлін  атқаратын  секілді. 
Ежелден  қазіргі  кезге  дейін  жеткен  тұрақты  біртұтас  бейнелер  мен  тіл 
концептілері,  мифтер,  философия,  әдебиет,  жаратылыстану  мен 
гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтану мен саясаттану барлығы да сандық 
көрсеткіштері  бар  қарапайым  логикалық  принциптер  бойынша 


 
109 
 
ұйымдастырылады.  Үш  грамматикалық  жақ  пен  үш  шақ  (өткен,  осы, 
келер);  Гесиод  жүйесіндегі  құдайлардың  үш  ұрпағы  және  архаикалық 
космологиядағы  дүние  құрылысының  үш  бөлігі  (аспан,  жер,  о  дүние); 
орыс  эпосындағы  үш  батыр  мен  ертегі  патшасының,  көпесінің, 
диірменшінің, шаруа иесінің үш ұлы немесе қызы [149]. 
Қазіргі таңда сандар пайда болуының түрлі гипотезалары бар екені 
белгілі. Олар: 
1)  прагматикалық 
– 
сандар 
коммуникативтік 
қажеттілік 
нәтижесінде пайда болған; 
2)  концептуалды  немесе  вербалды  –  адамның  санақ  бастамасы 
ретінде  алынатын  туа  біткен  бір  саны  концептісі  мен  одан  кейінгі 
сандарды құрылымдау үшін қажетті концептуалды аппараты болады; 
3)  жол-жоралғы,  рәсімдік  –  бұл  да  концептуалды  гипотезаға  өте 
жақын: адам сандарды жасаушы.  
Яғни,  сандар  –  ғаламды  сипаттайтын  ерекше  код  элементтері  болып 
саналады.  Музыка,  поэзия,  сәулет  пен  өнер  негізіне  сандар  алынады. 
Сандар  діни  реттілікті  меңзейді,  үйлесімділікті  түсінудің  магиялық  кілті 
іспеттес. 
Ғаламның 
мифологиялық 
бейнесінде 
сандар 
арқылы 
құбылыстардың  сапалық-сандық  көрсеткіштері  берілген  [150].  Қазіргі 
заманауи  өмір  қарқыны  барысында  біз  сырт  қарағанда  сандарға 
айтарлықтай мән бермейтін сияқтымыз. Алайда, мысалы, орыс халқының 
өкілдері  13,  666  сандарынан  бас  тартса,  қазақ  ұлтының  өкілдеріне 
неғұрлық тақ сандар жақсы, әсіресе, 3, 7, 9. 
Мұндай  құбылыстарды  ырымшылдық  деп  атайды.  Алайда 
Х.Г.Гадамер:  «Ойлау  негізі  –  таным  бастамасы.  Сондықтан  да  өзінің 
қатыстылығын  сезіну,  яғни  тарихи-герменевтикалық  ұстаным  бойынша 
дәстүр  сәті  –  негізгі  ырым,  наным-сенім  ортақтығы  арқасында  жүзеге 
асырылады»  [151].  Сонымен,  сандар  «...таза  ырымдар  болып  саналады. 
Олар  арқылы  біз  өзіміздің  белгілі  бір  мәдениетке  қатыстылығымызды 
ұғынамыз»  [151,  358  б.].  Бала  дүниеге  келісімен  түсініксіз  үлкен  әлемге 
енеді,  уақыты  келгенде  алғашқы  іргелі  концептілерді  игере  бастайды: 
«ішкі  терең  күйзелістер  баланың  «Мен»  деген  сезімін  оятып,  өз 
мәдениетінің мүшесі, дамыған тұлға ретінде  танытады. Бұл сандық және 
тілдік түсініктің бастамасы» [148, 209 б.]. 
Адамдар  сандар  мағынасы  жайында  ойлана  бермейді.  Бірақ  олар 
қоғамда  өте  маңызды  рөл  атқарады:  «промискуитет»  кезеңі  өткелі  бері 
ерлі-зайыптылар  қарым-қатынастары  үштік  (күйеуі,  әйелі,  балалары) 
моногамдық  отбасыға  дейін  белгіленіп  келеді  немесе  мұсылман  діні 
тұрғысынан  полигамды:  Құран  бойынша  әйелдер  саны  төрттен  аспауы 
керек.  Мүшелерді  орналастыру  әдісі  ұжымдық  аңшылықта,  соғыста, 
спортта  (мысалы,  футболда  қолданылатын  жүйелердің  бірі:  4-3-3) 
қолданылады. Қазіргі батыс қоғамындағы бай, орташа және кедей топтар 
бөлінісін де осында жатқызуға болады. Аталған қызметті саяси бөлініс те 
айқындайды: 
АҚШ-та 
республикандықтар, 
демократтар 
және 


 
110 
 
«индифферентті» 
(«тәуелсіз») 
топ, 
соғыстан 
кейінгі 
әлемдік 
қауымдастықта – Батыс, Шығыс және «үшінші, қосылмаған әлем» [149]. 
Белгілі  ғалым  В.В.Красных  «прецеденттік  феномендер»  деп 
мыналарды  атайды:  прецеденттік  жағдаяттар,  мәтіндер,  есімдер  және 
айтылымдар  [152].  Біздің  ойымызша,  бұл  тізімге  «прецеденттік  сандар» 
ұғымын  да  енгізу  қажет.  Өйткені  бір  қарағанда  1,  2,  3  сандары  ұқсас 
болғанымен,  олардың  мағына  интерпретациясы  түрлі  мәдениеттерде  әр 
қалай  көрініс  беруі  мүмкін.  Атақты  психолог  К.Г.Юнг  мифология  мен 
мифологиялық ойлаудың қазіргі қоғамдағы көрінісін зерттей келе: «Санау 
барысында  қолданылатын  сандардың  өзі  де  біз  ойлағаннан  әлде  қайда 
күрделі.  Олар  мифологиялық  жүктемеге  ие  (ал  пифагорлықтар  оларды 
құдайындай  санаған),  ал  біз  сандарды  қосып  көбейткенде  ол  жайында 
тіптім ойланбаймыз да», - деп көрсетеді [153]. 
Ю.С.Степанов  «сан»  концептісін  зерттеу  барысында  мынадай 
қорытынды  жасайды:  «Сандар  біздің  санамыздағы  ғалам  бейнесіне 
тәуелсіз  заттардың  нақты  қасиеттерін  айқындайды»  [149,  513  б.].  Әрбір 
мәдениет  сандарды  түрліше  түсіндіреді,  тіпті  бақытты  және  бақытсыз 
сандар  түсінігі  де  әбден  қалыптасқан  ұғым.  Мысалы,  И.Я.Депман  өзінің 
«Арифметика  тарихы»  атты  кітабында  «13»  санына  байланысты  түрлі 
қызықты  мысалдар  келтіреді:  «Парижде  арнайы  «он  төртінші»  адамды 
әкеп  беретін  кеңселер  болған  (мүмкін  қазірде  бар  шығар),  егер  түстікке 
«он үш адам» жиналып қалса. Ал кейбір америкалық көп қабатты үйлерде 
он  үшінші  қабат,  қонақ  үйлерде  он  үшінші  нөмір  болмайды.  Себебі, 
тұрғылықты  халық  бұл  саннан  бас  тартады.  Мұндай  санды  жерлерге 
әдетте  кеңселер  жайғасқан.  Лондонда  сонау  1930  жылы  қала  билігінің 
өкімімен  үйлердің  сыртындағы  он  үшінші  нөмірді  алып  тастау  шешімі 
қабылданған.  Ал  сол  ағылшын  мемлекетінде  қайтыс  болған  адам 
катафалкасының артынан тек он үш арба жүрген» [154]. 
Әрі  қарай  И.Я.Депман:  «он  үш  саны  жайындағы  жағымсыз  түсінік 
(қайғы  қасірет  әкеледі  деген)  адам  ең  алдымен  он  екі  санына  дейін 
меңгеріп,  оны  ақырғы  деп  қабылдаған  сияқты.  Сөйтіп  он  екі  санын 
толықтық символы деп санаған; келесі санды артық деп қабылдаған, яғни 
«таза  емес»,  сол  себепті  бақытсыздыққа  ұшыратады  деп  ойлаған»  [7,  23 
б.].  Алайда,  славян  когнитивтік  базасында  он  үш  санының  мүлдем 
басқаша  коннотациялары  белгілі  және  оның  нәтижесінде  пайда  болған 
ырымдар да өзгеше түсіндіріледі: «Византияда да, батыста да бірде бір он 
үш күмбезі бар шіркеу кездестірмейсіз. Ежелгі Русьта, керісінше болған, 
оның  үстіне  ол  кәдімгідей  тұрақты  канонға  да  айналған.  Новгород 
қаласындағы  алғашқы  София  шіркеуінің  989  жылы  салынған  он  үш 
күмбезі болған. Кейіннен  ол тастан қаланған шіркеулерде де орын алған. 
Тарихшы  Б.Д.Грековтың  айтуынша,  он  үш  басты  шіркеулердің  ежелгі 
Русьтің  үш  ірі  қаласында  салу  дәстүрі  саналы  түрде  жүргізіліп,  Русьтің 
мәдени және саяси тұтастығының символы болып саналған» [154, 23 б.]. 
Біздің  ойымызша,  он  үш  күмбезі  бар  шіркеулердің  салынуы  Иса 


 
111 
 
пайғамбар  мен  оның  он  екі  шәкіртінің  символы  болуы  мүмкін  деп 
санаймыз.  Мүмкін  ежелгі  славяндар  батыс  мәдениетіне  қарағанда  дүние 
құрылысының  біртұтастығын  осылайша  түсініп  қабылдаған  шығар  деген 
ой  келеді.  Жоғарыда  келтірілген  мысалдардың  барлығы  бір  санның 
түрліше қабылдануының дәлелі: «Көптеген сандар әлемі болады, өйткені 
түрлі  мәдениеттер  де  өте  көп.  Біз  математикалық  ойлаудың  үнді,  араб, 
антикалық,  батыс  түрлерін  білеміз,  сондай-ақ  сандар  түрлері  болады. 
Олардың  әрқайсысы  өз  алдына  ерекше  бірегей,  өйткені  ерекше 
дүниесезімін білдіреді» [148, 208 б.]. 
Дегенмен,  қазақ  және  ағылшын  мәдениеттерінде  бірдей  мағынаны 
білдіретін сандар да болатынын атап өткен жөн: «Сан мәдениеттің іргелі 
категориясы  болып  саналады.  Бірақ  бір  мәдениеттен  екіншісіне  өту 
барысында ол әркез өзінің бастапқы архетиптік белгілерін сақтай отырып, 
жаңа  мән-мағыналарға  ие  болады»  [155].  Негізінен,  бұл  сандар  бірден 
онға  дейін  болып  келеді:  «пифагорлықтардың  іліміне  сәйкес  бірінші 
ондық  ерекше  қасиеттерге  ие  болған»
 
[3,  91  б.].  Аталған  сандар 
мифологиямен  тығыз  байланысты.  Олардың  бастамасы  мифологиялық 
ойлаудан  туындаған  деп  те  қорытынды  жасауға  болады.  Сондықтан  да 
қиял-ғажайып  ертегілердің  өн  бойы  «сандармен  өрнектеліп»,  ертегі 
баяндаудың үстіңгі және терең құрылымдарын байланыстырып отырады.  
Үстіңгі  құрылым  деңгейінде  сандар  ертегі  дискурсының  әмбебап 
матрицасын  байланыстырып,  кеңістік  пен  ырғақ  ұғымдарын  өзара 
байланыстырады.  Мәселен,  барлық  қиял-ғажайып  ертегілеріне  үш  реттік 
қайталаным тән келетіні жайында В.Я.Пропп айтып өткен. Әсіресе, үштік 
құбылысы  сыйға  тартушымен  кездескенде  айқын  көрініс  табады.  Қиял-
ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері де үш рет сынақтан өтеді. Үш реттік 
қайталаным  кейіпкерді  қауіп-қатерден  сақтайды.  Бұл  құбылыс  ағылшын 
«The golden ball» ертегісінде анық орын алады: 
«Now the lays was taken to York to be hanged; she was brought out on 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет