Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет20/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60
Байланысты:
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Саясат элементтері: 
билік, субъектісі, 
объектісі
70


қоғамның  барлық  жақтарының  табиғи  бірлігін  қамтамасыз  етудің  тұтқасы 
болып  табылады.  Егер  қоғамның  барлық  салалары  саясат  арқылы  жүзеге 
асырылып отырса, ал саясат қоғамдағы белгілі бір экономикалық, мәдени және 
идеологиялық  құрылымдар  арқылы  іске  асырылады,  яғни,  саясаттың  өзі 
экономикадан, идеология мен мәдениеттен тыс өмір сүре алмайды.
Саясат  қоғамда  үлкен  өзгертуші,  айқындаушы  күшке  айналуы  үшін  ол 
қоғамның дамуының негізгі заңдылықтарына сүйенуі  керек.  Бұл заңдылықтар 
ғылым арқылы анықталады.  Сондықтан саясат ғылымға негізделуі қажет, яғни 
саясат  ғылыми  саясат  болуы  тиіс.  Саясаттың  ғылым  ретінде  қалыптасуына 
қоғамдық  дамудың  заңдарының  ашылуы  және  олардың  саяси  әрекеттерде 
басшылыққа  алынуы,  әлеуметтік  дамудың  кез  келген  кезеңінде  оның  басты 
әлеуметтік  күші  тап  болып  есептелінуі,  қоғамда  нақтылы  бір  идеологияның 
орнығуына ықпал етті.
П ысы қтауға арналған сұрақтар:
1.  «Саясат» түсінігіне анықтама беріңіз.
2. Қоғам өміріндегі саясаттың ролін атаңыз.
3.  Саясат және идеология өзара қатынасының ара жігін көрсетіңіз.
4.  Саясаттың объектісі мен субъектісі.
Әдебиеттер:
1.  Әлемдік саясаттану антологиясы Алматы, 2005 (Мәдени мұра)
2. Радугин А.А. Политология:  курс лекции. М, 2000
3. Қапесов Н.  Саясаттану оқу құралы Алматы, 2003
4. Жамбылов Д.  Саясаттану. А.  «Жеті жарғы», 2007
5. Политология:  Учебник/Под ред Т.Т.Мустафина. А.,  1993
71


6 -  Дәріс
Билік саяси феномен ретінде
Сабақтың  мақсаты:  Студенттерге  билік  үгымы  түсінік  беру,  билік 
қызметімен оның түрлеріне тоқталу.
Сұрақтар:
1. Билік ұғымы. Билік тұжырымдары
2.  Саяси билктің қызметтері мен түрлері
3. Билік ресурстары
Билік  ұғымы  және  ол  туралы  тұжырымдамалар. 
Саясаттануда  саяси  билік  теориясы  негізгі  орын 
алады.  Ол  саясатпен  тығыз  байланысты  және 
саясаттың,  саяси  институттар  мен  барлық  саясат 
әлемінің  мәнін  түсініп  білуге  мүмкіндік  береді.  Себебі,  саясаттың  негізгі 
мәселесі  -   билік,  ал  мазмұны  -   билік  үшін  күрес  және  билікті  жүргізу. 
Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн Халдун (4332-1406 жж.) адамның басқа жан- 
жануарлардан ерекшелігі -  ол билік үшін күреседі деген екен.
Ағылшыннын  ең  ірі  фәлсафашыларының  бірі,  қоғам  қайраткері  болған 
Бертран  Рассел  (1872-1970  жж.)  «физикада  басты  ұғым  энергия  болса, 
қоғамдық  ғылымдарда  негізгі  ұғым  билік  болып  табылады»,  -  деп  орынды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет