Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет17/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60
Байланысты:
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Саяси идеологияның 
сипаты және оның мақсаты
59


дүниеге  келді.  Бұл  кезде  адамдар  өздері  қойған  мақсатына  сәйкес  қоғамда 
саналы  тәртіп  орнату  мүмкіндігі  туып,  прогресс  идеясы  алға  тартылады. 
Адамдардың  мақсатты  түрде  іс-әрекет  жасау  мүмкіндігін  негіздеуі  идеялар 
туралы  ғылымды  талап  етеді.  Ол  үміт  етіп,  болашақтан  күткен  қоғам  туралы 
идеалистік  түсініктерде  білінеді.  Қоғам  өмірінде  идеология  маңызды  рөлді 
атқарады.  Ол ең алдымен оның төмендегідеи қызметтерінен білінеді:
Идеологияның  танымдық  рөлі.  Ол  саяси  жүйені,  саяси  өмірді  суреттеп, 
түсіндіреді.
Бағдарламалық  қызметі.  Ол  қоғам,  әлеуметтік  прогресс,  тұлға  және  билік 
және т.  с.  с.  негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс-әрекетіне 
бағыт-бағдар керсетеді.
Жұмылдыру,  іске  тарту.  Қоғамның  жоғары,  құнды  идеяларын  алға тартып, 
мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі 
болып,  қоғамды,  әлеуметтік  топтарды  оларды  іске  асыруға  жұмылдырады, 
рухтандырады, шабыттандырады.
Амортизациялық  қызметі.  Саяси  іс-әрекетті  түсіндіру  тәсілі  болып 
идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді.
Бағалау  қызметі.  Идеология  халық  санасына  қоғамның  қазіргі  және 
болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік  етіп 
отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.
Саяси  идеология  теориялық  тұрғыда  топтың,  таптың  негізгі  мүдделерін 
танытады,  оларға  мұраттар,  ережелер,  рухани  байлықтар,  бағалы  бағыттар 
жүйесін  береді.  Сол  арқылы  күрестің  нақтылы  мақсаттарын,  оларды  жүзеге 
асырудың құралдары мен жолдарын белгілейді.
Саяси  идеология-қоғамдық  сананың  басты  элементі.  Осы  құрылым 
идеологиялық  жүйенің  өзегі  бола  отыра  қоғамның  саяси  өмірінде  маңызды 
орын алады.  Сонымен идеология дегеніміз не?
Идеология  теориясының  негізін  қалаушылар  неміс  ойшылдары  К.Маркс, 
Ф.Энгельс  және  К.Мангейм.  К.Маркс  пен  Ф.Энгельстің  ойынша  қоғамдағы 
әлеуметтік-кластық  диференция  нәтижесінде  пайда болатын  рухани  негіз.  Ол 
бір  типті  алғашқы  қауымдық  қауымдастықтың  орнына  әр  түрлі  әлеуметтік 
типтердің пайда болған  кезінде  олар  арасындағы мүдделердің қайшылығынан 
туындайды.
60


Идеологияға  төменднгідей  анықтама  беруге  болады.  Идеология  -   түрлі 
әлеуметтік  топтардын,  кластардың,  кауымдасты қтың  қоғамдық  болмы- 
сын  олардың  мүдделері  тұрғысынан  көрінетін  және  оған  қызмет  ететін 
қоғамдық  сананың  функционалдық  сипаты.  Идеология  -   шындықтың  бір 
жақты  әлеуметтік-мүдделік  бейнесі.  К.Маркс  пен  Ф.Энгельс  ндеологияны 
бірнеше рет «иллюзияға толы», «жалған сана» деп атаған.
Дегенмен,  марксизм  көзқарасы  бойынша,  қоғамдық  құрылысты  объективті 
зерттеу 
барысында  әлеуметтік-кластық  жікке 
бөліп 
қарауды  жоққа 
шығармайды.
Қоғамның  әлеуметтік  құрылымы  біркелкі  болмағандықтан,  оның  мүшелері 
арасында  мүдделер  қайшылығы  туындап  отырады.  Сондықтан  олардың 
арасында  идеологиялық  күрес  жүріп  отырады.  Идеологиялық  күрестің  басты 
міндеті  адамдардың  санасына  аталған  қоғам  мүшелерінің  барлығының 
мүддесін  білдіреді  деген  идея  ұстанып,  оған  ортақ  нысан  беру  болып 
табылады.  Осы  мақсатта  құндылықтарды  этернизациялау  (лат.  мәңгілік) 
тәсілі  қолданылады.  Кез-келген  билеуші  класс  өз  идеологиясын  адамдар 
санасына  барынша  құнды,  маңызды  етіп  көрсетіп  оны  коғам  мушелерінің 
санасына  бекітуге  тырысады.  Осыған  сәйкес,  идеология  дүниетаным  мен 
құндылықтарды  біріктіріп,  өз  дүниетанымын  әлеуметтік  институттар  арқылы 
экспансиялайды.  Бұрынғы  уақытта  бұл  құралдың  рөлін  негізінен  шіркеу, 
тәрбиелеу  және  білім  беру  жүйесі  атқарса,  қазіргі  кезде  бұқаралық  ақпарат 
құралдары мен коммуникация атқарады,
Идеология  осылайша  қоғамды  біріктіріп,  билеуші  элита  билігінің 
әлеуметтік негізін қалауды көздейді.
Саяси  идеологияның  үш  деңгейін  көрсету  саясаттану  ғылымында  кең 
тараған.  Олар:
Теориялық-тұжырымдамалық. 
Бұл 
деңгейде 
негізгі 
ұсынылатын 
қоғамдық  құрылыстың  негізі  болатын  белгілі  бір  құндылықтар  мен 
идеалдарды тудыратын саяси теориялар қалыптасады.
Бағдарламалық-директивтік.  Бұл  деңгейде  әлеуметтік-философиялық 
қағидалар  мен  идеалдар  нақты  саяси  бағдарламаларға,  саяси  элитаның 
лозунгтары мен талаптарына айналып қарсы топтармен күресудің стратегиясы 
мен тактикасына айналады.
61


Әрекеттік.  Қоғамдық  санаға  қандайда  бір  идеологиялық  ұстанымдағы 
бағдарламалар  мен  лозунгтарды  енгізу  белгілі  бір  саяси  қылықтырдың  типін 
туғызады.  К.Мангеймнің  ойынша,  саяси  идеологиялық  жүйенің  күшті  бір
қыры ол адамдарды қуаттандырып, бір әрекетке жұмылдыра алуында.
Карл Маннгейм
Саяси  идеологиялар  мазмұны,  мақсаты  жағынан  прогрестік,  либералдық, 
революциялық, консервативтік радикалдық, реакциялық, шовинистік, ұлтшыл- 
дық және т.с.с.  болып бөлінеді.
Кейбір  ғалымдар  идеологияның  ұғымдары  мен  принциптерін  нақтылы 
ғылымдардағы  сияқты  тәжірибе  жүзінде  тексеріп  білуге  келмейді  деп  оған 
күмәнданушылықпен  қарайды.  Әрине,  «еркіндік»,  «теңдік»,  «достық», 
«егемендік»,  «демократия»,  «адам  құқығы»,  «азаматтық  қоғам»,  «құқықтық 
мемлекет» сияқты категорияларды мінеки деп тап басып көрсетуге келмейді.
Әлемдік  тәжірибеде  көптеген  идеологиялық 
жүйелер қалыптасқан. Біз солардың ішіндегі ең 
ірілеріне ғана тоқталамыз.
Либерализм.  Бұл  әлемде  аса  кең  тараған 
жүйелердің  бірі.  Оның  негізі  ХУІІ-ХУШғғ. 
Қайта  Өрлеу  кезеңінің  идеяларының  негізінде 
буржуазияның  ұстанымы  ретінде  қалыптасты. 
Оның 
қайнар 
көздері 
болып 
Ш.Л. 
Монтескьенің,  Д.Локктың,  Т.Гоббстың,  А.Смиттің,  Т.Джефферсонның,  Дж.С. 
Милдің  және  т.б.  еңбектері  саналады.  Либерализмнің  іргетасы  болып


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет